Қазақстандағы жинақтаушы зейнетақы жүйесін енгізудің ерекшеліктері сарапшыларда да, тұрғындарда да әрқашан күмән тудыратын, ал реформамен бірге келген бірқатар сәтсіздіктер оған деген сенімді айтарлықтай әлсіретіп жіберді. Ол келесі сынақтан өтуге қабілетті ме екен? Биылғы жылы жүйеге енгізілген инновациялар оны нақты тығырыққа тіреп тастаған сияқты, бұл жайт оның болашағы жайлы қорқыныштарды біршама күшейте түсті. Сарапшылардың болжамдары бойынша, таяу болашақта зейнетақы жүйесі еңсерілмейтін күш жағдайларына тап болып, құлдырауы ықтимал.

Өз бағалауларымен сарапшылар Expert Public Қоғамдық кеңістігінде MediaNet халықаралық журналистика орталығы ұйымдастырған пікірталас барысында бөліскен болатын. Талқылаудың бастапқы нүктесі қазақстандықтардың тұрғын үй жағдайын жақсартуына, емделуіне және инвестициялауға зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын шешіп алу туралы бастамасы, сондай-ақ көп шу тудырған шешім – келесі жылдан бастап осы мақсаттар үшін оларды пайдаланғысы келетіндер үшін жеткіліктілік шегін айтарлықтай арттыру жөніндегі шешім болды. Сарапшылардың пікірінше, мұндай қадамдардың плюстарымен қоса, минустары да бар, бірақ тұтастай алғанда олар жалпы жүйенің тұрақтылығына онша бірмәнді емес әсерін тигізеді.  

Олжас Худайбергенов, CSI Group стратегиялық бастамалар орталығының аға серіктесі:  

«Адамдарда мемлекет оларды алдап кетті деген сезім бар»

Жеткіліктілік шегінің көтерілуі халықта мемлекет оларды алдағандай сезім тұдырды. Алғашында БЖЗҚ салымшылары өздерінің зейнетақылық жинақтаудағы жеткіліктілік шегінен артып кеткен ақшаны пайдалана алады деп болжанған сияқты еді, алайда, екінші жағынан, бұл құқықты пайдалана алатындардың санын күрт қысқартқан шекті мәндер белгіленді.

Иә, шын мәнінде бұл шара күтілуге болатындай еді, бірақ қатардағы салымшылардың ешқайсысы шекті мәндерді есептеу формуласына ең төменгі жалақы мөлшері кіреді деп болжаған жоқ (ол, өздеріңіз білетіндей, келесі жылдың қаңтарынан бастап 42 500 теңгеден 60 000 теңгеге дейін өседі) ал бұл автоматты түрде олардың күрт өзгеруіне әкеледі. Ресми түрде барлық процедуралар сақталды, алайда бастапқыда әдістемеде ең төменгі жалақыға сілтеме қарастырылмаған болатын. Бұл жайт қай кезеңде орын алғаны жайлы тек қандай да бір белгілер бойынша ой-пікір қалыптастыруға болады.

Жалпы алғанда, формулада ең төменгі жалақыны пайдалану өте даулы мәселе болып табылады. Оның деңгейі, біз білетіндей, жас ерекшелігіне қарай 40 процентке өскен, ал шекті жеткіліктілік межелері – 65-83 процентке өскен. Бұл формулада осындай өсуді қамтамасыз ететін басқа көрсеткіштердің болуымен түсіндіріледі. Бұл барлығына 82 жас деп белгіленген ең жоғары төлем жасалатын жас мөлшері, ал ең төменгі жалақы осы көрсеткіштің жылдық өсу қарқынына көбейтіледі. Ал формула жыл сайын өзгерген кезде, өсімнің екі еселенген есебі шығады. Есептеу әдісінің кемшіліктері бар, сондықтан, бәлкім, ең төменгі зейнетақының деңгейін негізге алу тиімдірек болуы мүмкін. Бірақ бұл менің жеке пікірім.  

Идеяның өзіне келетін болсақ, негізге зейнетақылық жинақ қорының моделінің және тұрғын үй моделінің интеграциясын ниет ететін Сингапур тәжірибесі алынды. Бұл Сингапурда жұмыс істейтін модель. Ал біз не алдық? Зейнетақылық жинақтаудағы жеткіліктілік шегінен артқан ақшаны пайдалану бастамасын БЖЗҚ салымшыларының 7,7 проценті пайдалана алды, олардың барлығын қосқанда, шоттарынан шешіліп алынған жалпы сомасы 2,2 трлн теңгені құрады. 2021 жылдың қаңтар-қараша аралығында бұл қаражаттың 1,5 трлны жұмсалды. Жыл соңында 700 млрд қалды. Оның 200 миллиарды мүлде игерілмеуі ықтимал: 500 мыңнан миллион теңгеге дейінгі жинақ артықшылығы бар салымшылар өздерінің ақшасын шешіп алу құқығын пайдалануы екіталай. Ипотекалық несиені өтеу үшін шоттан шешіліп алынған 1,5 триллионның 600 миллиардқа жуығы құрылысқа жұмсалды. Қалған 900 миллиард теңгенің мақсатты пайдаланылуы байқалмайды. Онда тұрғын үй сатып алу бар, бірақ бұл ақшаны жай ғана қолма-қол ақшаға айналдыруға мүмкіндік беретін схемалар бар екенін барлығымыз жақсы білеміз. Мен жылжымайтын мүлікпен жалған операциялары туралы айтып отырмын, олардың деңгейіне қайталама нарықта тұрғын үй сатып алу үшін зейнетақылық ақшаны пайдалануға болатын жайлы шешім әсер етті.  

Белгіленген 7,7 процентке кірмейтін тұрғындардың қалған бөлігіне келетін болсақ, деректер осылайша «бөлінеді»: 40 процентке жуығында мүлде жинақтары жоқ, тағы 53 проценті өз шоттарында онша көп емес сомаларды жинаған. Зейнетақы жүйесінің, сондай-ақ салық жүйесінің де проблемалары олардың шарттары жалақыны «ақ» түрде төлеуді тартымсыз етуінде. Біріншіден, халық БЖЗҚ-ға аударымдарды салық түрлерінің бірі ретінде қарастырады. Екіншіден, зейнетақылық жинақтау ақшалары қалайша басқарылатынына сенімсіздік өз әсерін тигізеді. Нәтижесінде, адамдар бұл жарналарды төлеуден аулақ болу үшін барлық мүмкіндіктерді жасауға тырысады.

Зейнетақы және тұрғын үй жүйелерінің интеграциясына қайта орала отырып, мұндай біріктіру халық үшін айтарлықтай күшті ынталандыру болып табылатынын айтайын. БЖЗҚ-да азаматтардың жинақтаған қаражатын мерзімінен бұрын игеру бастамасы жүзеге асырылғаннан кейін бізде зейнетақы жарналарының көлемін – биыл, өткен жылмен салыстырғанда, 55 процентке артты. Адамдар ерте ме, кеш пе, оларды пайдалана алатынын көрді, сондықтан енді оларды тек салық ретінде ғана қарастырмайтын болды. Айтпақшы, сингапурлық тәжірибеге орала отырып, ондағы осындай интеграцияның болғаны бірнеше жылдың ішінде ғана олардың еңбекақы жүйесі толығымен «ақ» аймаққа енуіне әкелгенін атап өткім келеді.

Бәлкім бір күні бізде де солай болатын шығар. Алайда, әзірге Қазақстанның зейнетақы жүйесі тұтастай алғанда оптимизм тудырмайды. Жеткіліктілік шегінен артық ақшалардың болуы, ол бір жөн, бірақ бүгінде мүлде басқа тәртіптегі сұрақтар туындайды – жалпы оның болашағы қандай? Басқа елдердің зейнетақы жүйесін дамыту тәжірибесін ала отырып, біз ерте ме, кеш пе олардың экономикалық даму үлгілерінің басқа құрамдастарын енгізуге мәжбүр боламыз. Ал сол елдердегі салық деңгейі бізден екі-үш есе жоғары екенін ескеретін болсақ, бұл біршама даулы мәселе. Қазақстан халқы мұндай жүкті көтеруге келісе ме?

Алайда, бұл болашаққа қатысты нәрсе. Егер бүгінгі күн туралы айтатын болсақ, онда біздің жүйе банкроттыққа ұшырады, БЖЗҚ-да ақша жоқ деген пікірлерді жиі естуге болады. Бұл тезистер қате. БЖЗҚ-ға ақшаның оң ағыны кемінде тағы сегіз-он жыл бойы, жүйеде жинақтаушы модель бойынша зейнетке шығатын адамдардың сыни массасы жинақталғанға дейін, байқалатын болады.

Марат Абдурахманов, экономист:

«Бұл ақша, шын мәнінде, кассадан тыс кетіп кетеді»

Шекті көтеру күтілген және оңай болжалды болған. Барлығы біздің қолданыстағы қаржы жүйеміздің парадигмасы бойынша жасалды және жеткіліктілік шегінің осылайша өзгеруінде ешқандай күтпегеншілік жоқ.

Біріншіден, ол бастапқыда салымшылардың тек 7 проценті ғана өз жинақтарын мерзімінен бұрын шешіп алу мүмкіндігі болатындай етіп есептеліп жасалған және оның «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңның нормаларына (онда БЖЗҚ салымшыларының ақшасын сақтауға міндетті деп жазылған) қаншалықты байланысты екені анық емес. Екіншіден, әдістеменің өзінде БЖЗҚ активтері жылына 9 проценттен, ал жалақыны индекстеу мөлшері 5 проценттен аспауы керек деп көрсетілген. Шын мәнінде, мүнда айыр пайда болады: жалақы инфляциямен салыстырғанда әлдеқайда төмен қарқынмен өседі. Яғни, бастапқыдан-ақ жүйенің өзі банкроттыққа ұшырайды деген түсінік қаланған.

Шекті мәндерді есептеу формуласында бір ғана көрсеткіш болуы тиіс. Бұл ең төменгі зейнетақы мөлшері. Қазір ол ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен. Тиісінше, бүкіл формула жалған мәлімдемелерге негізделген. Адамдар алдауды көріп, БЖЗҚ-ға да, тұтастай алғанда жинақтаушы зейнетақы жүйесіне де сенімсіздікпен қарайды. Бұрын адамдар ақша ұрланатын болады дейтін болса, енді қазір: қалайша ұрлап жатқандарын қараңдаршы дейді.

Зейнетақылық ақшаның жеткіліктілік мөлшерінен асқан ақшаны алу үшін ұсынылған опцияны пайдалана алатындардың арасында мен азаматтардың үш санатын ерекше атап өтер едім. Біріншісіне қызметкерлер – банктердің, квазимемлекеттік сектордың, мұнай компанияларының қызметкерлері және т.б. Олар өз несиелерін жауып, сол арқылы екінші деңгейлі банктерге көмектесті. Екінші топқа «ақ» айлық алғандар және аздаған жинақтары адамдар жатады. Олар да несиелерін жауып тастады. Ақша сол банктер мен құрылыс компанияларына кетті. Ал ақшасының артығын алғандардың тек 2 проценті ғана оны акциялар мен облигацияларға салған. Бірақ 90 проценттен астам азаматтар бұл оқиғадан тыс қалды. Яғни, бұл бастамадан ел халқының 90 проценті таза шығынға ұшырады.

Бұл сандар нені білдіреді? Олар бүгінде азаматтардың көпшілігі БЖЗҚ банкроттыққа ұшырау алдында тұр дегенді білдіреді. Шығаруға болатын ең соңғы нәрсені шығарып алып жатыр деген пікір қалыптасты. Және бұл онша негізсіз болып көрінбейді. Егер дәл осындай әдістемені алып, айталық, 2015 жылға жобалайтын болсақ, сол кезеңде салымшылардың 30 проценттен астамы зейнетақы артықшылығын пайдалана алуға болатынын көреміз. Биылғы жылы – 7 процент, келесі жылы жүйеге қатысушылардың 2 проценті ғана зейнетақы жинақтарын пайдалана алады.

Біздің экономикамыз үшін бұл ақша маңызды, ол қандай да бір банкті банкроттықтықтан құтқарған болуы мүмкін, бірақ принципті түрде айтатын болсақ, жеке тұлғаларға салық ауыртпалығының ресми есебі болмаған жағдайда, бұл ақша, шын мәнінде, кассады тыс кетіп жатыр. Сайып келгенде, олар мемлекеттің де, азаматтардың да игілігіне жұмсалып жатқан жоқ.

Эльдар Шамсутдинов, DM Technology атқарушы директоры, экономист:

«Бүл іс шамға тұрарлық па?»

Шектерге келетін болсақ, бастапқыда олардың статикалық еместігі және өзгеріп тұратыны белгілі болған. Бірақ бұл өзгерістердің соншалықты үлкен болуы күтпеген жағдай болды, өйткені олар тіпті ең төменгі жалақының өсу деңгейіне пропорционалды емес өсті.  

Есептеу әдісінің өзіндігінен өте қарапайым. Оның мәні жинақталған ресурстар мен төленетін ресурстар арасындағы оң айырмашылықты сақтауда жатыр. Бірақ формулаға ең төменгі жалақы (ЕТЖ) енгізу құжатталмаған және жалпы бұл көрсеткіштің мүнда неліктен еңгізілгені түсініксіз. Сірә, мәселе мынада болар. 2018 жылға дейін бізде ең төменгі жалақымыз ең төменгі күнкөріс деңгейіне тең болатын. Мінеки, сондықтан формулада осы көрсеткіш пайда болды деп болжауға болады. Ол зейнетке шыққаннан кейінгі өмір сүру кезеңінде адамға азық-түлік пен коммуналдық төлемдерге қанша ақша қажет екенін есептейді. Кем дегенде, менде осындай пікір қалыптасты (бұл шешімді қабылдағандарды шынымен не бағыттады, бізге тек болжауға болады). Бірақ егер солай болса, ең төменгі жалақының орнына ең төменгі күнкөріс деңгейін қолдану қисындырақ болар еді.  

Зейнеткерлік ақшаны уақытынан бұрын пайдалану бастамасы дәйекті және жүйелі түрде жарна төлейтіндерге, негізінен «ақ» және «көк жағалылар», өнеркәсіп саласының қызметкерлері және халықтың «конвертте» емес, ресми жалақы алатын бөлігіне арналған. Әрине, бұл бастама халыққа да, жалпы экономикаға да оң әсерін тигізді. Адамдар ипотекалық несиелерін жапты, олар үшін жаңа экономикалық мүмкіндіктер ашылды. Олар жаңа баспана сатып алды, бұл адами капитал сапасының жақсарғанын білдіреді. Ақшаны жай ғана «шығарып» алғандар да оны алысқа апара қойған жоқ. Оларды осында, Қазақстанда жұмсайды. Жалпы ел үшін мультипликативті әсер оң.

Әрине, бұл ақша еліміздің ішінде инфляцияны «қоздырды» деген пікір бар, бірақ сен оны қате пікір деп ойлаймын. Олар экономикада болған, ай сайынғы жалақының 10 проценті мөлшерінде халықтан үнемі алынып отырды. Бұл жаңадаң басып шығарылған ақша емес. Әрине, жылжымайтын мүлік бағасы көтерілді, бірақ олар жылжымайтын мүлік сатып ала бастағандықтан өсті. Тауар сұранысқа ие болса және бұл өнім тапшы болса, оның бағасы табиғи түрде көтеріледі. Бұл экономиканың негізгі заңы.

Зейнетақы жүйесінің жағдайына келетін болсақ, бір жағынан, соңғы екі жылда БЖЗҚ портфелі айтарлықтай өскенін: 2019 жылдың соңынан 2020 жылдың соңына дейін 2,6 трлн теңгеге және ағымдағы жылда 600-ге жуық миллиард теңгеге өскенін атап өтуге болады. Осылай болғанның себебі, қазір БЖЗҚ жинақтаушы зейнетақы жүйесі бойынша өте аз төлейді (зейнетақы негізінен ынтымақты жүйе бойынша бюджеттен төленеді).

Бірақ, екінші жағынан, қазір зейнетақы жүйесі өзінің негізгі функциясын атқарып жатыр деген пікір өте даулы сияқты. Мысалы, БЖЗҚ сайтындағы болжамдық калькуляторды қолданып көрейік. Мысалы, жасы 40-тан сәл асқан адамды алайық. Ол 20 жылдан кейін зейнеткерлікке шығады. Осы уақыт ішінде 300 мың теңге жалақысы бар ол, айталық, 11 миллион теңге жинайды. Зейнеткерлікке шыққанда, осы уақытқа арналған жеңілдік процентін есепке алғанда, ол негізгі төлемдерді есептемегенде 89 мың теңге алады. Бүгінгі ақшамен салыстырсақ, оның зейнетақысы 21 мың теңге болады екен. Онда зейнеткерлікке шыққанда ешнәрсе сатып ала алмайтын «қағаздарды» алу үшін ақша жинап, халықтың экономикалық белсенділігін ай сайын 10 процентке төмендетіп отырудың қажеті бар ма деген сұрақ туындайды.

Осы орайда, қазір жасы үлкен адамдарды жұмыспен қамтумен айналысып жатқан Оңтүстік Кореяның тәжірибесі меніңше айғақтап тұрғандай. Олар зейнеткерлер армиясын қамтамасыз ете алмайтынын, олардын жұмыскерлігін ұзартудан басқа амал жоқ екенін түсінеді. Ал бізге енді жеткіліктілік шегін емес, олардың тәжірибесіне ұқсас бағдарламаларды талқылау керек. Зейнетақы жүйесі өз міндетін атқара алмайтынын түсіну керек. Жарналарды тұрақты негізде тек мұны жасамаға мүмкіндіктері жоқ адамдар ғана аударады. Қалғандары осы 10 проценті осы жерде және қазір пайдалануды жөн көреді. Міндетті зейнетақы жарналарын тағы да 5 процентке арттыру жоспарланып отырғаны бұл жерде еш өзгеріс туғызбайды – ауыртпалық онсыз да төлеп жатқандарға түседі. Төлемегендер бұдан былай да төлемейді – олар одан айналып өтудің схемаларын іздеп табады: біздің адамдар тапқыр.

Мен тағы бір рет қайталап айтамын: ақша барлығына жетпейді. Зейнетақы қорына жарналар төлейтін халықтың 8 проценті ғана зейнетақымен қамтамасыз етіледі. Қалған 92 проценті не істейді? Немесе осы 8 процентке кіретіндерді ұрып-соғып, ақшасын тартып алады, немесе ең төменгі төлеммен күн көреді. Ал ең төменгі төлеммен күн көретін зейнеткерлер – бір қап қарақұмық үшін кімге болса да дауыс беруге дайын аудитория, мұны біз көршілеріміздің мысалында көрдік. Бұған жол беруге болмайды, сондықтан қазірдің өзінде жағдайды қалай өзгерту керектігі туралы ойлану қажет.