Соңғы жылдары Қазақстанның барлық қиыншылықтарына Ресей кінәлі деген тұрақты пікір қалыптасады (оған тәуелділігіміз соншалықты, тіпті өзіміз ешнәрсеге жарамаймыз). Бір жағынан – ресейге қарсы санкциялардың теріс салдары, екінші жағынан – рубльдің қысымы, үшінші жағынан – Ресей импортының ауыртпалығы, төртінші жағынан – ЕАЭО-ның ауыртпалығы, бесінші де, оныншы да жағынан – басқа елеулі қауіп-қатерлер. Бірақ ұлттық экономиканың дербестігі үшін Ресейге тәуелділік өте қатерлі ме, әлде бізге өз қателіктерімізді көршілеріміздің есебіне жазып қойғанымыз тиімді ме?  

Осы мәселеге айқындық енгізу үшін біз сарапшыларға жүгініп, оларға келесі сұрақтарды жолдадық:  

Қазақстанның Ресейден экономикалық тәуелділігі қаншалықты күшті?

Бізде жақын болашақта Ресей ықпалынан құтылу мүмкіндігі бар ма, және мұны істеу керек пе, себебі РФ-н Қазақстанға келетін импорт деңгейі әрдайым жоғары болды, теңге де рубльдің көлеңкесіне кеше ғана айналмаған болар? Әлде шенеуніктер өз қателіктерін соның есебіне жазып қойғанына ыңғайлы болуы үшін, біздің экономикамыздың ресейлік экономикаға «қарғыс тәуелділігіне» қатысты нұсқаны жасанды түрде қолдап отыр ма?

Қазақстан таяу болашақта Ресей экономикасының санкцияларға ұшырайтын ауытқулары мен дағдарыстарынан айтарлықтай соққы күтуге тұрарлық па?

ЕАЭО-да болу біздің экономикамызға қандай әсер етеді? Қазақстан интеграциялық бірлестікке қатысуды шешіп, тәуелділіктің ауыр түріне түсіп қалды ма?

Жақын болашақта Қазақстан мен Ресей арасындағы экономикалық өзара қарым-қатынастар қалай дамитын болады? Бұл үдерісте қандай оң және теріс үрдістер орын алатын болады?

Артем Авинов, TeleTrade ГК жетекші талдаушысы: «ЕАЭО елдерінің өз экономикаларының егемендігін арттыруға талпыныстары сәтсіздікке ұшырайды»

- Посткеңестік кеңістіктің жаңа тарихы бұрынғы КСРО-ның барлық республикаларының экономикасы, Ресей экономикасы сияқты көптеген сыртқы факторларға өте тәуелді екенін көрсетеді. Бюджетті қалыптастырудағы экспорттық кірістердің елеулі үлесіне байланысты энергия ресурстарының бағасынан тәуелділігі туралы айтуға болады. Бұрынғы КСРО ішіндегі экономикалық байланыстарды интеграциялаудың жоғары дәрежесі ЕАЭО шеңберінде ұлттық экономикалардың ауыр тәуелділігіне әкеліп соғады. Елдер ішінде ауқымды және ең бастысы, бәсекеге қабілетті өндірістің болмауы Қытай өнімінен елеулі тәуелділікке алып келеді.

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің қазіргі жағдайда өз экономикаларының егемендігін арттыруға талпыныстары іс жүзінде сәтсіздікке ұшырады, өйткені оларда ең бастысы – бәсекеге қабілетті ішкі өндіріс жоқ. Көмірсутектерді жеткізуге сыртқы экономикалық қызметте бағдарлануға қаншалықты наразылық білдіргенмен, өйткені бұл өндірістің басқа түрлерін қолдаудың болмауына әкеледі, бірақ мұндағы факт нақты нәрсе болып қала береді. ЕАЭО ішінде өнеркәсіптің жекелеген салаларында неғұрлым бәсекеге қабілетті өнімді ұсынуға қабілетті Ресей жетекші экономика болғанында таңқаларлық ештеңе жоқ. Ауырлық орталығының РФ жағына осындай жылжуы жақын болашақта да жалғасатын болады, өйткені жағдайды өзгертуге қабілетті факторлар жоқ (бірінші кезекте ЕАЭО блогы елдерінің ішінде).

Айта кету керек, әңгіме тек экономикалық құрам туралы жөнінде ғана емес. КСРО-ның бұрынғы республикаларының саяси элиталары Ресейге тәуелділікті ішкі саясатта өз қателіктерін ақтау үшін де, экономикалық серіктестік шеңберінде преференциялар алу үшін де пайдаланады. Басқаша айтқанда, ұлттық экономикалардың егемендігінің өсуінің экономикалық мәні ғана жоқ емес, сонымен қатар бұған саяси ерік-жігер де жоқ.

Әрине, оң аспектілері бар осындай интеграцияда бірқатар теріс аспектілер де бар. Атап айтқанда, Ресей экономикасына қатысты АҚШ пен ЕО санкциялық саясаты Ресей рубліне де, теңгеге де қысым жасайтын болады. 2019 жылы бұл қысым азаймайды, яғни ұлттық валюталардың бивалюталық қоржынға қатысты девальвациясын жалғастыруын күтуге болады деп ойлаймын.

 

Замир Қаражанов, саясаттанушы: «Интеграция елдерді серіктестерге тәуелді жасамай, жұмыс орындарын құруы тиіс»

- Қазақстандық экономиканың ресейлік экономикаға тәуелділігінің қатерлі деңгейіне қатысты пікір дұрыс емес. Қазақстанның сауда-экономикалық байланыстары әртараптандырылған. Біздің елдің сыртқы саудасындағы РФ үлесі 20 процентті құрайды. Ресейден басқа, ҚР ірі сауда серіктестері Еуроодақ елдері, Қытай болып табылады. Иранмен, Үндістанмен сауда өсуде. Егер Қазақстанға инвестиция көлемі бойынша бағалайтын болсақ, Ресей басқа елдерге салыстырғанда, оны аз жасайды. Біздің экономикамыздың сезімтал секторларындағы РФ компанияларының үлесі де байқалмайды, бірақ өсудің кейбір үрдісі байқалып отыр. Сондықтан ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан қатерлі көрсеткіштер туралы айтуға болмайды. 

Біздің жалғыз проблемамыз  экономиканың шикізаттық бағыттылығы, ол энергия ресурстарының әлемдік бағасы тез құлдыраған кезде бізге өз әсерін тигізді. Бірақ, белгілі болғандай, Ресей де, сондай-ақ ешбір алаңдаусыз мұнай мен газ өндіру есебінен өмір сүрген басқа бірнеше елдер де осындай жағдайға тап болды. Мұнай бағасының төмендеуі 2015-2016 жылдары 1 процентке дейін төмендеген Қазақстанның ЖІӨ-нің өсу қарқынына кері әсерін тигізді. 2018 жылы ол 4 процентті құрады.

Біздің экономикамызға рубль қысымына және Ресей импортының жоғары деңгейіне келсек, барлығын орындары бойынша реттейік.

Ресеймен сауда-саттықта біз тауарларды көбірек сатып алып, аз сатамыз. Осыған байланысты мұндай оқиға еске түседі. 2007-2008 жылдары Франция басшылығы Қазақстанның алдына сауда тапшылығын қысқарту туралы мәселе қойды. Әңгіме шамамен бір миллиард доллар жөнінде болатын. Бай Франция үшін бұл өте көп ақша емес (ол «Мистраль» тікұшақ тасымалдаушысының Ресейге сатудан түсуді жоспарлаған). Дегенмен, оның билігі Қазақстан алдына сауда тапшылығын қысқарту туралы мәселе қойды. Біз Франциядан өнеркәсіптік жабдықтар сатып алдық, атом және аэроғарыш салаларында жобалар жасадық. Бұл екі ел үшін де жақсы келісім болды.

Бүгін біз АҚШ-тың Қытаймен қарым-қатынаста сауда тапшылығын жою үшін қалай күресетінін көріп отырмыз. Екі жақ та өз позициясын ұстанып, тіпті «сауда соғысы» жөнінде айта бастады. Біз сондай-ақ ЕАЭО-дағы Беларусьтің мүддесін оның президенті Александр Лукашенко қалай қорғайтынын көріп отырмыз. Істерді дәл осылай жүргізу керек! Интеграция идеясының өзін емес, интеграция шеңберінде елінің мүдделерін қорғау керек. Интеграция жұмыс орындарын құрып, жаңа өндірістер ашып, адамдар мен елді серіктестеріне тәуелді етпей, оларды бай етуге тиіс. Әсіресе, әңгіме посткеңестік кеңістіктегі ЖІӨ көлемі бойынша екінші экономикасы бар Қазақстан туралы болып отырғанда.

Ал өз қателіктерін бір нәрсеге немесе біреулерге жауып қоюға бағытталған әрекеттерге келетін болсақ, бұндай әрдайым болатын. ЕАЭО құрылғанда, ҚР басшылығы интеграция жағдайында бір-бірімен тек бизнес қана емес, сонымен қатар біздің елдеріміздің бюрократиясы да бәсекеге түсетінін айтты. Отандық бюрократия ЕАЭО бойынша әріптестерінен жеңіліс тапқан көрінеді. Бұл жерде бұрынғы «Nissan» президенті Карлос Гонның бір сұхбатын еске түсіруіміз орынды болады, ол: «Компания банкроттық жолында тұрған, бірақ түнде бәрі тамаша ұйықтады»,  деді. Мұндай жағдайда қатер алдында қауіп жөніндегі сезімінің болмауы: адамдар өзінің күнделікті жұмыс істеуін жалғастыруда және бәрі қалыпты болып жатқанына шынайы сенеді. Бірақ мұнда қалыпты ештеңе жоқ.

Бірақ Қазақстан экономикасының Ресейден тәуелділігі мәселесіне оралайық. Қалыптасқан жағдайда бөтен экономиканың дағдарыстары біздің экономикаға да әсер етуі ықтимал.

Американдықтар үш ай бұрын Ресейге қатысты санкциялардың Қазақстанға қатысы жоқ деп сендірді. Бірақ біз РФ-мен тығыз өзара байланысты екенімізді ескеру керек, ал санкциялар әлі ешкімге пайда әкелген емес. Оның үстіне, олар күшейе түседі. Егер олардың алғашқы пакеті 2014 жылы күлкі тудырған болса, ал 2018 жылдың сәуірінде Ресейде кезекті шаралар енгізілгеннен кейін экономикалық соғыс туралы сөз қозғады. Мүмкін, санкциялар қатаңдатылады – бұл, әрине, уландырғыш әсерін береді. Айта кету керек, қазақстандық компаниялардың бірінде АҚШ санкцияларының әсерінен Ресейдегі «РусАл» кәсіпорнына шикізат жеткізу мәселесі туындаған болатын. Бұл тағы бір осыған байланысты мәселе – Ресей қолданатын контрсанкция. Мысалы, бізде Украина мен Балтық жағалауы республикаларынан тауар транзитіне қиындықтар тудындады.

Қазақстанның ЕАЭО-дағы ауыр тәуелділік жағдайы туралы әңгімелерге келер болсақ, «артықша күрделендіру қажет емес» деп айтамын. Біз тауарларды импорттап қана қоймай, сонымен қатар ЕАЭО-да өз өнімдерімізді де сатамыз. Ал импорт экспортқа басым болғаны – ол басқа мәселе. Бірақ мұның себебі ЕАЭО-да немесе қандай да бір ауыр тәуелділік жағдайларда емес. Бұған дейін мен біздің экономика нашар әртараптандырылғаны жөнінде айтып өттім. Қазақстандық экспорттағы дайын өнімнің үлесі шамалы. Сонымен қатар, біз сауда келісімдерінен пайда табуды білмейміз. Қазақстан ұзақ келіссөздер нәтижесінде ДСҰ-ға кірді. Бұл нәтиже әкелуі керек еді. Бірақ шын мәнінде біз әлі күнге дейін Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруден артықшылықтарды сезінбейміз. Сонымен қатар, Қазақстан осы интеграциялық бірлестіктің қатысушысы бола отырып, жеңіліс тапқаны соншалықты анық ма?

Қандай да бір елдер ЕАЭО-ға кіруден жеңіп, ал басқалары керісінше, онда аутсайдерлер рөліне ие болғанын айту қиын. Бірақ, ең алдымен, одақ шеңберінде өз экспортының үлесін арттыра алған Беларусь пен Ресей «жеңімпаздар» қатарына кіргені анық. Әрине, РФ ЕАЭО-дан саяси дивидендтерді алады, өйткені оның посткеңестік кеңістікте болуы нығаюда. Бірақ Қазақстанның да интеграциядан тапқан пайдасы бар. Еліміз құрлықтың ортасында орналасқандықтан, бізге теңізге шығу өте маңызды. Ал ЕАЭО көршілес мемлекеттердің көлік инфрақұрылымына қолжетімділікті ашады. Сонымен қатар, статистика мәліметтеріне сәйкес, Қазақстан ЕАЭО елдерінен инвестицияның ең үлкен көлемін тарта алды. Сауда көрсеткіштеріне келетін болсақ, әлемде шикізат пен энергетикалық ресурстардың құны қайта өсе бастағаннан кейін жағдай өзгеруі мүмкін.

Енді таяу болашақта Қазақстан мен Ресей арасындағы экономикалық қатынастардың даму болжамы туралы айтатын болсақ. Халықаралық қаржы мекемелері біздің елдеріміздің перспективаларын бағалау кезінде тренд ретінде антироссиялық санкцияларды, экономикалардың өсуінің әлсіз қарқынын, құрылымдық реформалардың жоқтығын атайды. Бұл біздің елдеріміз арасындағы қарым-қатынаста жоғары қарқын күтудің қажеті жоқ дегенді білдіреді. Мүмкін, ол қалыпты сипатта болады. Кейбір тұрақтылық оң тренд болады. Ал, егер экономиканың тұрақты өсуі болмаса, біз айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізе алатынымыз теріс тренд болмақ. Көп нәрсе мұнай бағасына байланысты болады. Олардың қалпына келуіне қарай сауданың жандануын күту керек. Мұндай көрініс 2018 жылы байқалды, мұнай бағасы барреліне 80 долларға теңеліп, ал Қазақстанның ЕАЭО елдерімен саудасы 8 процентке өсті.

 

Екатерина Серединская, ARUM Capital компаниясының бас директоры: «Ресейді Қазақстан экономикасындағы барлық проблемалардың себебі деп есептеу дұрыс емес» 

- Шын мәнінде, Ресейді Қазақстан экономикасындағы барлық проблемалардың себебі деп атау дұрыс емес. Экономика тұрақтылығының негізгі индикаторы ретінде ұлттық валюта бағамы қабылданды, оны қалыптастыру рубльдің құны сияқты факторларға байланысты: шикізатқа әлемдік бағалардың ауытқуы және инвесторлардың дамушы елдердің тәуекелдік активтеріне қызығушылығы. Осылайша, көп жағдайда екі елдің валюталары әлемдік конъюнктураға байланысты бір бағытта қозғалады.

Рубль мен теңге сондай-ақ АҚШ долларының динамикасына байланысты: барлық импорттың шамамен 75 проценті нақ осы валютада жүзеге асырылады, яғни доллар сенімді нығая түскен сайын қазақстандық экономиканың басты проблемаларының біріне айналған инфляция сияқты құбылысты айқын көрінетін болады.

Ресейге қарсы санкциялар теңгеге айтарлықтай әсер етпеуі тиіс: қазір қазақстандық валюта еркін жүзуде, бұл өзгермелі конъюнктураға бейімделуге қиындық тудырмайды. Дегенмен, курстың кейбір әлсіреуі де ықтимал, алайда ол тауарлардың сыртқы нарыққа экспортына жағымды әсер етуі тиіс (барлық тауар айналымының шамамен 90 проценті).

Қазақстанның ЕАЭО-ға қатысуын көбінесе оң тәжірибе ретінде сипаттауға болады. Кедендік кедергілердің төмендеуінен басқа (бұл достық елдерге, әсіресе Ресейге қатысты санкциялық саясаттың нәтижесінде экспортты ұлғайтуға ықпал етеді) саяси пайданы да атауға болады. Мысалы, одаққа мүше барлық елдердің шешімдерге вето құқығы бар, ал барлық сауда келіссөздері одақтастардың қатысуымен өтуі тиіс. Бұл ретте қатысушылар көршілердің барлық шешімдерін мүлдем қолдауға міндетті емес: мысал ретінде Ресейдің ЕАЭО елдерінің Қырым мәселесі бойынша айқын қолдауының жоқтығын келтіруге болады. Сонымен қатар, одақтастардың болуы ірі ойыншылармен: Қазақстан мен Қырғызстанды – Қытаймен, Арменияны – Иранмен және Түркиямен және т. б. келіссөздерде өз позицияларын күшейтуге мүмкіндік береді.