Инвестициялық қызметтің нәтижесінде, сондай-ақ шетелдік валюталар бағамының құбылмалылығы салдарынан және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі нәтижесінде 2020 жылдың басынан есептелген инвестициялық табыс көлемі 1,1 трлн. Теңгені құрады. Салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген БЖЗҚ зейнетақы активтерінің табыстылығы 2020 жылдың басынан бастап 4,90% инфляция кезінде 9,71% құрады. Осылайша БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша нақты табыстылық 4,81% құрады.

Бұл ретте БЖЗҚ салымшылары (алушылары) үшін 2020 жылғы 01 қазандағы жағдай бойынша зейнетақы активтерінің табыстылығы соңғы 12 ай ішінде (2019 жылдың қазанынан 2020 жылдың қыркүйегіне дейін) 7,00% мөлшеріндегі инфляция кезінде 11,38% құрады. Осылайша соңғы 12 ай үшін БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша нақты табыстылық 4,38% құрады.