Сарапшылардың есебіне сай, Қазақстанда дәрі-дәрмек бір жылда бірден 13,6% қымбаттады. Олардың айтуынша, бұл 2017 жылдың қаңтарынан бергі ең жоғары жылдық өсу қарқыны болып саналады.
Сонымен қатар Energyprom.kz сарапшылары 2023 жылдың ақпан айында фармацевтикалық өнімдердің бағасы бір айда 1,2% өскенін де жариялады.
"Кейінгі жылы фармацевтикалық өнімдер бағасының ай сайынғы айтарлықтай өсуі наурыз және сәуір айларында (1,7%-ға), одан кейін қазанда (1,6%-ға) байқалды", - делінген хабарламада.
Жыл динамикасы бойынша фармацевтика өнімдері 13,6% қымбаттады. Сонымен қатар өңірлік контексте жыл сайынғы өсім Алматы облысында 7,2%-ға дейін, Алматыда 21,2%-ға дейін өзгерді.
Сонымен қатар айтарлықтай өсім мына өңірлерде тіркелді:
- Маңғыстау облысы (18,3%).
- Солтүстік Қазақстан облысы (15,4%).
- Қызылорда облысы (15,3%).