Қазақстан үкіметі сайлаудан соң отставкаға кетеді. Бұл жөнінде премьер-министр Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz

"Біз отставкаға кетеміз. Жаңа үкімет жасақталғанша міндетімізді атқара береміз. Жаңа премьер-министр кім болатынын Президент пен Мәжіліс шешеді", – деді Әлихан Смайылов.

Қазіргі премьер-министр министрлер кабинеті мемлекет игілігі үшін жұмыс істеуге әрқашан дайын екенін атап өтті.