Бұл жолы жер асты дүмпулерін Шымкент, Тараз және Түркістан облысының тұрғындары сезді. Қазақстандық сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 740 шақырым жерде Тәжікстан аумағында орналасқан.
23 наурызда Алматы уақыты бойынша сағат 02:07-де жер асты дүмпуі болды.
2-3 балдық дүмпуді Шымкент, Тараз, Түркістан облысының тұрғындары сезінді.
- Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 14.1;
- MPV магнитудасы - 6,5;
- Тереңдігі - 25 шақырым;
- МSК-64 шкаласы бойынша Шымкент, Тараз, Түркістан облысында 2-3 балдық тербеліс сезілген.
Еске салайық, бұған дейін, 21 наурызда да Шымкент және Тараз тұрғындары жердің сілкінгенін сезді. Тұрғындардың көпшілігі үйлерін тастап шыққан.