ҚР Энергетика министрлігі бензин мен дизель отынының шекті көтерме бағаларын белгілеу туралы бұйрық жобасын ұсынды.
«Қосылған құн салығын ескере отырып, бағаларды мемлекеттік реттеу мынадай мөлшерде белгіленген стационарлық жанармай құю станциялары үшін мұнай өнімдерін көтерме саудада өткізудің шекті бағалары белгіленсін: АИ-80 бензині - тоннасына 93 161 теңге; АИ-92 және АИ-93 бензині тоннасына 193 649 теңге, дизель отыны (жазғы, маусымаралық) тоннасына 236 156 теңге», - делінген құжатта.
Қоғамдық талқылау 30 наурызға дейін жалғасады.
Айта кетейік, қаңтарда Қазақстанда бензин мен дизельдік отын бағасын реттеу мерзімсіз болып, ақпан айында Қазақстан көліктің барлық түрімен бензин мен дизель отынын экспорттауға тыйым салған болатын.