Ресей президенті Владимир Путин Беларусьте тактикалық ядролық қаруды сақтайтын арнайы қойманың құрылысы 1 шілдеге дейін аяқталатынын айтты.

"3 сәуірден бастап экипаждарды оқытуды бастаймыз. Ал 1 шілдеде аумақта тактикалық ядролық қаруды сақтайтын арнайы қойманың құрылысын аяқтаймыз", - деді Путин "Россия 24" телеарнасына берген сұхбатында. 

Онда стратегиялық шабуыл қаруларын одан әрі қысқарту және шектеу жөніндегі шаралар туралы шарт (ДСНВ, СНВ-III) бойынша міндеттемелерді бұзбай, тактикалық ядролық қару орналастырылатыны атап өтілді.

Путиннің айтуынша, мұндай қадамға Ұлыбританияның Украинаға таусылған ураны бар оқ-дәрілерді жеткізу туралы мәлімдемесі себеп болған. Бұл ретте Ресей басшысы Беларусь Ресейдің ядролық қаруын өз аумағында орналастыруды бұрыннан сұрағанын атап өтті. Ол Мәскеу Америка Құрама Штаттарының ондаған жылдар бойы жасап жатқанын қайталап отырғанын айтты.