Бас әскери прокуратураның баспасөз қызметі жер телімін мемлекет меншігіне қайтару туралы айтты.
Ведомствоның мәліметінше, 2014 жылы Алматының Медеу ауданындағы нарықтық құны 6 миллиард теңгеден асатын, жалпы көлемі 3,8484 гектар жер телімі "Достық Строй" құрылыс компаниясы" ЖШС меншігіне өткен.
Алайда бұл жердің 7 жылдан астам уақыт бойы мақсатты пайдаланбағанын ескеріп, әскери прокуратура оны мәжбүрлі түрде алып қою туралы сотқа шағым түсірді.
"2022 жылғы 24 қарашада Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен әскери прокуратураның талап-арыздары қанағаттандырылып, заңды күшіне енді".
"Қазір сот актісі орындалып жатыр", деп қорытындылады баспасөз қызметі.