Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясына қатысады, деп хабарлайды Akorda.
Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, сессия 2023 жылғы 27 сәуір күні өтеді.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ертең Қазақстан халқы Ассамблеясының "Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму" атты ХХХІІ сессиясына қатысады", – делінген хабарламада.
2022 жылғы 29 сәуірде "Халық бірлігі – жаңарған Қазақстанның негізі" атты Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясы өтті.