Қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов Қытай Халық-азаттық армиясының Қорғаныс министрі генерал-полковник Ли Шанфумен кездесті.

Ведомство мәліметінше, тараптар екіжақты әскери ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады.

Үндістан астанасы Нью-Делиге Қазақстан Қорғаныс министрі Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер қорғаныс министрлерінің кезекті кеңесіне қатысу үшін келгенін естеріңізге саламыз.