ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинді қызметінен босату туралы Мемлекет басшысының Жарлығы жарияланды, деп хабарлайды Akorda.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Юрий Викторович Ильин Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі лауазымынан босатылды, делінген Ақорда хабарламасында.

Президент Абай облысындағы алапат орман өрті аясында ТЖ министрі қызметінен босатты. Бүгінгі таңда өңірдегі өртті сөндіру үш учаскеде жүргізіліп жатыр. Орман өрті кезінде үш орманшының қаза тапқаны белгілі болды.