Тбилиси әуежайында Үкімет басшысын Грузия Премьер-Министрінің орынбасары – экономика министрі Леван Давиташвили мен Қазақстанның Грузиядағы Төтенше және Өкілетті елшісі Мәлік Мырзалин қарсы алды.
Грузия астанасында Әлихан Смайылов ел Премьер-Министрі Ираклий Гарибашвилимен келіссөз жүргізеді. Оның барысында сауда-экономикалық ынтымақтастық, энергетика, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы және туризм салаларындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланады.
Келіссөз қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылады деп жоспарланған.