Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайды реттеуді тапсырды.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайды екі ел арасында қалыптасқан серіктестік және бауырластық қарым-қатынас аясында реттеуді тапсырды", делінген 2023 жылдың 26 тамызында Ақорданың Telegram арнасындағы хабарламасында.
Сондай-ақ Президент тауарларды шекара арқылы заңсыз тасымалдауға жол бермеу үшін цифрландыру мен автоматтандыруды неғұрлым белсенді енгізу мәселесі бойынша қырғыз тарапымен келіссөздерді жалғастыру қажет екенін атап өтті.
Айта кетсек, осы аптаның басында Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында 370 жүк көлігі кезек күтіп тұрғаны белгілі болды. 22 тамызда Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев өз министрлігіне коммерциялық жүктерге қатысты өз министрлігіне ешқандай тапсырма жүктелмегенін мәлімдеді. Өз кезегінде ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті қазақ-қырғыз шекара учаскесі штаттық режимде жұмыс істеп жатқанын нақтылады.
24 тамызда Еуразиялық экономикалық комиссияның мониторинг тобы 24 қазақ-қырғыз шекарасында болып, қырғыз халықаралық тасымалдаушыларының автожол өткізу бекетінің қызметімен танысты.