Кездесу барысында геологиялық барлау, тау-кен және металлургия өнеркәсібінде бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Rio Tinto компаниясының еліміздегі қызметінің аясын кеңейту жоспары жөнінде мәлімет берілді. Сондай-ақ Якоб Штаусхольм Қостанай және Қарағанды облыстарындағы мыс кен орындарына геологиялық барлау жүргізу жобасының жүзеге асырылу барысы туралы баяндады.
Мемлекет басшысы жоғары технологияларды дамыту үшін бүгінде сұранысқа ие маңызды минералдар мен шикізаттың елімізде мол қоры бар екенін атап өтті. Қазақстан геологиялық барлау жұмыстарының ауқымын ұлғайту, жаңа кен орындарын ашуды жеңілдететін үздік әлемдік тәжірибелерді енгізу үшін шаралар қабылдап жатыр.