Қазақстанға геосаяси қауіп төнуі жалғасып, оны ірі көршілес державалармен қақтығыстарды болдырмау және тайталасушы тараптардың қолында «марионетка» болып қалмау үшін көпвекторлықтан неғұрлым прагматикалық сыртқы саясатқа көшуге мәжбүрлеуде. Ресейге қатысты неғұрлым оңтайлы мінез-құлық бағыты туралы біз екі апта бұрын саясаттанушы және географ Марат Шибутовпен сөйлескенбіз. Енді Қытайға кезек келді.
- Марат Мақсұмұлы, өткен сұхбатта сіз Батыстың қысымымен Ресей Орталық Азияға, атап айтқанда Қазақстанға оралуға мәжбүр болатынын және бұл ең алдымен Қытай үшін тиімді екенін атап өттіңіз. Бұл оған неліктен тиімді екенін түсіндіріңізші.
- АҚШ Ресей мен Қытайға, оның ішінде барлық үш геосаяси ойыншының мүдделері соқтығысатын Орталық Азия арқылы, қысымды күшейтуді жалғастыруда. Бірақ егер біздің солтүстік көршіміз өзінің күшті үгіт-насихат машинасының арқасында бұл қысымға төтеп бере алса, онда шығыстағы көршіміз өз позициясынан шегініп жатқаны анық. Бұл өңірдегі, әсіресе Қазақстан мен Қырғызстандағы Қытайға қарсы наразылықтардың күрт өсуінен байқалады және мұндай көңіл-күйлер көбінесе американдық насихатпен қыздырылып отырады.
Қытайдың «жұмсақ күші», өкінішке орай, оған қарсы тұру үшін тиімсіз болып шықты. Және, тиісінше, Қазақстан мен оның көршілеріне әсер етудің қуатты құралдары бар Ресейдің біздің өңіріне қайта оралуы ол үшін тиімді болады. РФ назарды өзіне қарай тарта отырып, АҚШ-тың ықпалын әлсіретуге ғана емес, ол осының арқасында Қытайға қарсы көңіл-күйлердің қызуын төмендетуге қабілетті.
- Қалай ойлайсыз, ҚХР мұндай сценарийге, яғни Ресей Федерациясының аймаққа оралуына ықпал ете ме? Егер солай болса, оны қалай іске асырады?
- Кем дегенде, ол бұған кедергі жасамайды, соның өзі де Ресей үшін жақсы. Қайталаймын: Қытай америкалықтарды Қазақстан мен Қырғызстаннан ығыстырып, шығарып тастауға мүдделі, өйткені олар мұнда синофобияны (оның ұстіне ол негізсіз емес) таратады. Егер оған жауап ретінде қытайлар Қазақстанға инвестиция салудан бас тартатын болса және өз нарықтарын жауып тастаса, онда бізге Ресейлік нарыққа барудан басқа ештеңе қалмайды. Еуропаға біздің балымыз немесе сиыр және жылқы еті қажет болуы екіталай. Бұл жәйт Ресей Федерациясына одан да көп тәуелділікті білдіреді.
- Ресей мен Қытай дәстүрлі түрде Орталық Азия үшін күресте бәсекелес деп есептеледі. Қазіргі жағдайда олар қосылып, біріккен майдан ретінде АҚШ-қа карсы шығуының қандай ықтималдығы бар? Бұл одақ Қазақстан мен өңірдің басқа елдеріне қаншалықты тиімді болуы мүмкін?
- Бұл бәсекелестік көбінесе кеңестік кезеңнің мұрасы болып табылады. Бірақ қазір Ресей Қытай нарығы үшін аймақ елдерімен бәсекелес болғандықтан, оларда бір-бірімен бөлісетін ештеңе жоқ, бірақ бізбен – оңайлықпен.
Ресей мен Қытай одағы біз үшін мүмкіндіктер дәлізін күрт шектейді. Бірге олар біздің елдерімізді белгілі бір әрекеттер жасауға мәжбүрлей алады, өйткені олар барлық ықпал ету тетіктеріне ие болады. Сондықтан, мұндай одақтың мүлде болмауы немесе мүмкіндігінше кешірек болуы біздің мүддеміз үшін қолайлы болар еді.
- Қазақстандағы синофобияның өршуі жөнінде Қытайда ерекше алаңдамайтын сияқты. Бірақ бұл шынымен де солай ма? Бүгінде Қазақстан-Қытай қарым-қатынасы қандай?
- Олардың нашарлауы айқын: ҚХР біздің елімізге экспортты қысқартып жатыр, инвестицияларды азайтып жатыр, жаңа бірлескен жобаларды ұсынғанды қойды, Қорғаста бірнеше ай бойы мыңдаған вагондар қозғалмастан тұр. Бұл Бейжіңнің жағымды режимді аяқтау туралы тікелей сигналдары болмағанда не? Жалпы алғанда, өзіңе агрессивті қарайтындарды қолдаудың мәні бар ма?
Сонымен қатар, қатынастарды салқындату үрдісі жалғасуы ықтимал. Кем дегенде Қытайға қарсы көңіл-күйдің қызуы ең болмағанда 2008-2009 жылдардың деңгейіне дейін төмендегенше жалғасады. Әзірше Орталық Азия елдері, атап айтқанда Қазақстан мен Қырғызстан, ол үшін қауіпсіздік белдеуіне айнала отырып, Қытайға барынша мейірімді болудың орнына, олар шығыстағы көршісінің басын қатырумен ғана айналысады.
- Қазақстан қандай мінез-құлық бағытты ұстануы керек?
- Біз, ақыр-соңында, АҚШ-тың бізден алыста екенін түсінуіміз керек, тиісінше, біздің елдеріміз арасындағы өзара сауда көлемі қазірде өте аз және келешекте де сол шамалы болады. Егер олар Қазақстанға қызығушылық танытса да, онда, ең алдымен, ҚХР мен РФ-ға қысым жасайтын плацдарм ретінде ғана.
Ал Қытай – біздің жақын және өте күшті көршіміз, одан ешқайда кетпеміз, ешкімнің арқасының артында жасырына алмаймыз. Оның үстіне, Қытай нарығы бізге үлкен мүмкіндіктер ашады, ал оларды пайдаланбау нағыз ақымақтық. ҚХР-мен ұрысу дегеніміз, әсіресе қазір – қытайлар неғұрлым қатаң, ешбір жеңілдіктерсіз және ықыластықсыз сыртқы саясатқа бейімделіген кезде – бұл өз-өзімізге зиян келтіру деген сөз.
Жалпы, Қазақстан үшін көпвекторлы саясат уақыты аяқталып келеді. Бізге әрі қарай кіммен бірге жылжып, дамитынымызды нақты таңдауымыз керек болады. Өйткені, векторлар әртүрлі болуы мүмкін, бірақ олардың әрқайсысының мөлшері біздің басымдықтарымызға сәйкес келуі қажет. Көрші елдермен олар, әрине, неғұрлым қысқа болуы қажет, ал қалғандарымен – неғүрлым ұзынырақ болуы керек. Жақын көрші алыс туысқаннан жақсы деп бекер айтылмайды…
Қазақстан – өз күшін барабар бағалауға тиіс шағын (экономикалық тұрғыдан) ел болып табылады. Қазір біз іс жүзінде АҚШ пен Қытай арасындағы қақтығысқа араласудың алдында тұрмыз, онда бізге тек қарым-қатынастарды нақтылауға арналған алаңының рөлі ғана қарастырылған. Ал бұл біз үшін жаман аяқталуы мүмкін, өйткені ұрыс алаңында өмір сүру өте жайсыз.
- Соңғы жылдары ҚХР-ның Орталық Азия елдеріне ықпал етуінің негізгі құралы «Бір белдеу – бір жол» бастамасы болған. Алайда, бүгінде іс оны қаржыландыруды қысқартуға және жобаларды іріктеп таңдауға бағытталып жатыр. Бұл жағдайда Қазақстан үшін қандай қауіптер бар?
- Ең алдымен, ҚР-дан ҚХР-ға экспорт қысқарады, бұл ретте қысқарту экономиканың тұтас секторларына қатысты болады. Бұдан кейін шығыстағы көршімен де, басқа елдермен де саудадағы теріс сауда балансының шиеленісуі орын алады. Оған қоса, сырттан келетін инвестициялар көлемі төмендейді, өйткені Қытай (ол экономикамыздың жетекші шетелдік инвесторларының бестігіне кіреді) оларды қысқартатын болады. ҚХР бізге теміржол транзитіне жол бермей қоюы мүмкін, олай болса, одан келетін біздің кірістеріміз екі есе азаяды. Соның салдарынан теміржол тасымалы тарифтерін көтеруге тура келеді. Сайып келгенде, барлық тауарлардың бағасы өседі, халықтың өмір сүру деңгейі төмендейді.
- Жақында Джо Байден G7 қытайлық «Бір белдеу – бір жол» жобасына балама құруға ниетті екенін айтты. Сіз оның перспективаларын Қазақстанға қатысты қалай бағалайсыз?
- Бізге одан бір нәрсе түсіп қалуы екіталай – тіпті мүлдем ештеңе түспейтін болар. АҚШ Тайвань, Оңтүстік Корея, Вьетнам және Филиппин сияқты Қытайдың Тынық мұхиты жағындағы көршілеріне басты назар аударады. Екінші орында оның оңтүстік көршілері болады: Мьянма, Үндістан және Пәкістан. Қанша дегенмен, осы бағыттарда Қытайға қарсы тұру мүмкіндіктері әлдеқайда көп, және ол мемлекеттер әлдеқайда күшті. Бұл жобаның қатысушыларына адалдықты нақты сатып алуға тура келеді.
Ал бізге Қытайдың қатысуын азайтуға қол жеткізе отырып, өзімізге зиян келтіргеніміз оңайырақ. Біз бөтендердің ақшасынсыз-ақ ұлы көршімізбен ынтымақтастығымызды бұза аламыз.