Егер бізде діндар халықтың үлесі қазіргі қарқынмен өсе беретін болса, онда Қазақстан ерте ме, кеш пе ислам мемлекетіне айналуы мүмкін деп болжау қисынды. Сарапшылар көбінесе мұндай сценарийдің ықтималдығын төмен деп есептесе де, біз бұған қандай алғышарттар бар екенін, маятник қай жаққа ауысатынын анықтауға бел будық. Ал тәуелсіз зерттеуші, Ұлыбритания, Швеция және АҚШ-тағы құқық қорғау ұйымдарының ғылыми жобаларының қатысушысы Ғалым Жүсіпбек бізге өз көмегін көрсетуге келісімін берді.
Әртүрлі бағыттағы тенденциялар
- Сіз, мысал үшін, 20-30 жылдан кейн Қазақстандағы діни ахуал қандай болады дей ойлайсыз? Біздің қоғам өмірінде діннің (бұл жағдайда исламның) рөлі арта ма, әлде, керісінше, әлсірей ме? Зайырлылық устанымдар қаншалықты сақталады? Шариғаттың кейбір нормалары күшіне енетін бола ма, медресе мектептері пайда бола ма, отбасы институты қалай өзгереді?
- Болжамдар жасау ұтымсыз нәрсе деп есептеледі, бірақ бұл жағдайда олардың қажеттілігі бар. Егер біз «техникалық» жағын алсақ, онда азды-көпті толықтырылған талдау жасау үшін, әсіресе ол дін, діндарлық немесе діни даму сияқты әлеуметтік процестер мен құбылыстарқа қатысты болғанда, көптеген факторларды ескеру керек (олар туралы сәл кейінірек). Сонымен қатар, біздің болашағымыз жөнінде анық түсінік бере алатын белгілі модельдер немесе статистикалық және социологиялық мәліметтер жиынтығы жоқ екенін түсіну керек. Қоғам өздігінен өте күрделі болып табылады, ал әлеуметтік шындық бір мағыналы емес. Сонымен қатар, «қара аққулардың», яғни күтпеген нәрселердің пайда болуын жоққа шығаруға болмайды...
Қазақстанда болашақта орын алатын діни ахуалдың белгілі контурларын құру үшін келесі факторларды ескеру қажет:
1) зерттеушілер 1970 жылдардан бері айта бастаған көптеген елдерге әсер еткен десекуляризация процесі, яғни діннің қайта өркендеуі;
2) дәстүршілдікті қайта құру процесі немесе КСРО ыдырағаннан кейін ұлттық дәстүрлер мен дәстүрлі дінді жаңғырту;
3) жаһандану және оның жағымды жақтары, мысалы, Интернеттің өсіп жатқан қол жетімділігі (конспирология теориялары немесе басқа жағымсыз мазмұн жөніндегі ақпаратқа емес, білімге қол жеткізу ретінде), идеялардың, бизнестың, «жарқын ақылдылардың» ғаламдық ұтқырлығы, Қазақстанның заманауи білімге ашықтығы, адам құқықтары жөніндегі ақпараттың таратылуы;
4) жақында бастан кешкен атеистік өткен.
Әрине, дін, соның ішінде ислам да, көпшілікке (әсіресе бұрынғы кездегі құндылықтар жойылғаннан кейін экзистенциалды дағдарысқа тап болған адамдарға) өмірдің мәнін табуға көмектесіп, моральдық-этикалық кодекске айналды. Алайда, егер біздің кешегі атеистік өткенімізді және жоғарыда атап өткен жаһанданудың жағымды жақтарын ескеретін болсақ, онда болашақта діннің саяси өмірдегі рөлі айтарлықтай үлкен болуы екіталай деп болжауға болады. Ресми заңға шариғаттың кейбір нормаларын енгізу ықтималдығы да өте аз. Тиісінше, саяси және қоғамдық өмірдегі зайырлы негіздер сақталады.
Сонымен бірге, дәстүршілікті қайта жаңғырту процесі болашақта да біздің қоғамға айтарлықтай әсер ететіндігін, ал оның аясында дінді қайта жаңғырту үдерісін қарастыру орынды болатындығын (Қазақстан онымен 1990 жылдардың басында жақын танысты) мойындау қажет. Алайда олардың маңыздылығын асыра бағалауға болмайды. Сонымен қатар, қайта жаңғырту және «байырғы өмірге қайта оралу» дейтін нәрселер тіпті тітіркендіргіш болмаса да, кем дегенде бұрынғы маңызын жоғалтқандар санының көбеюі туралы айтуға болады. Қоғамның белгілі бір бөлігінің оған айқын «қанықты болғаны» қазірдің өзінде байқалады...
- Әңгіме қоғамның қай бөлігі жайлы болып отыр?
- Менің жастармен қарым-қатынас жасау мүмкіндігім бар, және мен олардың соңғы жылдары бейресми институттар қабатында күшті болып табылатын қайта дәстүрлендіру, архаизм, патернализм, діннің этникалық мәртебесі, этно-ұлтшылдыққа қатысты өздерінің сыни көзқарастарын ашық білдіретінін байқадым. Атап айтқанда, кейбір жастар біздің қоғам жағынан, сондай-ақ ата-аналары, туыстары, таныстары тарапынан атеистердің, агностиктердің, пантеистердің құқықтарын бұзғаны туралы айтудан қорықпайды.
Әрине, ешкімнің құқығын бұзбайтын, сонымен бірге біреудің «пікіріне немесе стандарттарына» сәйкес келмейтін діни немесе философиялық көзқарастары үшін кімге де болмасын қысым жасау – заңсыз әрекет. Бірақ, мен айтқанымдай, ар-ождан бостандығы тек конституциялық тұрғыда қана емес, сонымен бірге ол жеке адамның іргетасты құқықтарының бірі деп ашық айта бастағандары біздің жастарымыздың өзіндік көзқарасы мен түсінігі бар екендігінің куәсі.
Сондай-ақ, қоғамдағы белгілі бір бейресми нормалар мен институттар тудырып отырған әділетсіздікке жастардың сыни көзбен қарайтынын байқауға болады. Әңгіме көбінесе «елді мекендік» діни түсіндірмелермен тығыз байланысқан «жасы үлкен немесе мәртебесі жоғары адамдардікі әрқашан дұрыс» деген «қатаң патернализм», патриархаттық ұстанымдар, күшке және мәртебе мен ақшаға табынушылық жөнінде болып отыр. Жастардың осындай көзқарасы болашақта Қазақстанның діни өрісі плюралистік болуы ықтимал деген үміт береді. Бұл, менің ойымша, біздің ел үшін ең қолайлы және оптимистік сценарий.
Алайда, қайта дәстүрлендірудің «екі қабаттан тұратын» процесі, атап айтқанда, «дәстүрлі» дінді қайта жаңғырту жөнінде тоқтала кету қажет. Бұл қоғамдағы басым тенденциялардың бірі болып табылады және атеистік өткен мен қайта дәстүрлендіру тақырыбына «қанықтылық пен сындарға» қарамастан, қоғамға жақын болашақта айтарлықтай әсер ететін болады. Бұл жерде мен әдетте шартты көпшілік арасында кең тараған жазылмаған ережелер, нормалар, дәстүрлер, нанымдарды білдіретін бейресми институттардың маңыздылығын атап өткім келеді. Олар ресми институттары әлде де әлсіз елдердегі жағдайды талдау үшін өте маңызды. Біздің еліміз де солардың қатарына кіреді.
Исламдық ойдың консерватизмі
- Сіз бейресми институттарға ерекше назар аудардыңыз. Бұл жағдайда олар оң рөл атқара ма, әлде теріс пе?
- Біздің бейресми институттарымыз қайта дәстүрлендірудің және сүйемелдеуші діндарлықтың, немесе, ең болмағанда, сүйемелдеуші діни дискурстардың тікелей әсерінде болуда. 1990-шы жылдардан кейін Қазақстанда көптеген адамдар қайта дәстүршілдендіруді (исламның қайта өркендеуін) және «байырғы өмірге оралуды» өздерінің бастапқы сәйкестілігін иемдену ретінде, ал кейбіреулері тіпті «де-советтендіру» ретінде қабылдай бастады. Бұл әсіресе қазақтілді ортада айқын көрінеді. Тіпті «өшкеніміз жанды, өлгеніміз қайта тірілді» деген сөз бар.
Бұл тоталитаризмді бастан кешіп, ұзақ уақыт бойы қуғын-сүргінге ұшырап, дінге, мәдениетке, тілге, жеке тұлғаға қатысты репрессия кезеңін өткерген қоғам үшін табиғи процесс болды. Бірақ, дәстүршлікті қайта жандандыру да, діни ояну да адам құқығының қазіргі заманғы қағидаттарына, заңның үстемдігіне, тіпті ақылға да қайшы келетін архаикалық нормалар мен көзқарастардың қайта жандана түсуіне әкелетіні анықталды. Уақыттық өлшемде де, кеңістіктік өлшемде де кең ауқымды проблемалар, мысалы, «консервативті» исламдық ой мен дәстүрдің рухани және интеллектуалды дағдарысы да осыдан туындады.
Бұрын ислам ғалымдары тұжырымдап, түсіндірген ислам идеялары мен нормалары өз кезінде және тіпті соңғы ғасырларға дейін өте прогрессивті, революциялық болған деп түсіну керек. Мысалы, әйелдер жеке және белсенді құқық субъектісі ретінде танылды, сондай-ақ ар-ождан бостандығы, заңның үстемдігі, жеке меншіктік құқығы және тағы басқа көптеген негізгі құқықтар жарияланды.
Ия, адамзат идеологиялық тұрғыда да, нормативті және интеллектуалды тұрғыда да өте қарқынды дамып, қазіргі кезде де дамып келеді, бірақ мұсылман әлемі бұл өзгерістерге (кейбір ғалымдардың мұны жасау үшін біраз әрекеттері болғанымен) исламдық ой дағдарысының салдарынан ілесе алмады. Осы уақытқа дейін, тіпті радикалды түрде талқылаулар туралы айтпай-ақ, классикалық түсіндірулерде де қазіргі заманғы құқықтық қағидаларға ғана емес, сонымен қатар адамның кейбір негізгі құқықтарына қайшы келетін нормалар бар. Бұл әсіресе азаматтық және қылмыстық заңнаманың кейбір мәселелерінен, мысалы, отбасылық қатынастарға, гендерлік теңдікке, көп әйел алуға, әйелдердің, балалардың, жасөспірімдердің заң құқығы, таңдау еркіндігі, ар-ождан бостандығы және басқалармен байланысты айқын байқалады.
Діни жаңғыру мен «байырғы өмірге оралу» процесінің барысында мұның бәрі бейресми институттарға әсер ете бастады. Демек, егер тіпті мемлекет зайырлы негіздерді сақтап қалатын болса да, ал елімізде динамикалық және қоғамның әлемдік бөлігіне ашық болуының нәтижесінде салыстырмалы діни плюрализм орнайтын болса да, қоғамның екінші бөлігі кейбір «консервативті» діни түсініктерді басшылыққа ала отырып, Конституцияға да, заманауи жалпыадамзаттық құндылықтар мен адамның негізгі құқықтарына да қайшы келетін нормаларына жүгінетін болады.
Яғни, қоғамның белгілі бір бөлігінде «қос мораль» мен «екі қырлы өмір» болады. Ең жарқын мысалдар – бұл ресми түрде мойындалмағанмен, іс жүзінде біздің кейбір азаматтарымыз үшін нормаға айналған полигамия (оны кейде тіпті мақтайды), сондай-ақ гендерлік теңдік. Соңғысы, принцип пен құндылық ретінде конституцияда бекітілген, біздің ел тіпті әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық түрлерін жою жөніндегі Конвенцияға қол қойып, ратификациялаған, бірақ сол аталған кемсітушілік орын алуда, оның үстіне белгілі бір «консервативті» діни түсіндірмелерге сүйеніп бейресми нормалар мен институттар арқылы еңгізіліп, «құрылымдық» сипатқа иеленді.
Атап өтетін нәрсе: қазіргі заманғы құқықтық қағидалар мен адамның негізгі құқықтарына қайшы келетін нормалар мен түсініктердің болуы – исламның өзіндік проблемасы емес, ол «консервативті» исламдық рухани және интеллектуалдық ой проблемасы болып табылады. Қазіргі заманғы, шартты түрде айтсақ «прогрессивті» ғалымдардың пікірі бойынша, патриархаттық түсіндірулер (атап айтқанда көп әйел алуға қатысты) діннің рухына қайшы келеді. Олар кейбір аяттар мен хадистерді исламның бастапқы қағидалары мен құндылықтарына сәйкес қайта түсіндірілуі керек деп есептейді (бұл тәсілді кейде «мақасид әл-шария» – исламның мақсат қоюы деп те атайды), олар шын мәнінде жалпыадамзаттық (адамның қадір-қасиетін құрметтеу, эмпатия, ынтымақтастық және әділеттілік) құндылықтардан ерекшеленбейді.
Өкінішке орай, бұл әмбебап құндылықтар де-модерн кезеңінде және эксклюзивизм логикасына сәйкес жасалған түсіндірмелердің балластының кесірінен кейде көрінбейді (бұл де-модерн кезеңнің, әсіресе орта ғасырлардың, айрықша ерекшелігі болып табылады). «Ағаштардың артындағы орманды көрмеу», яғни кішігірім нәрселердің кесірінен басты нәрсені көрмеу дегендей... Рәсімдеулер мен атрибуттарға әуестену де кедергі келтіреді, бірақ «консервативті» исламдық ойы мен дәстүрдің жаңармау проблемасы («жетілдірілудіңі» жоқтығы) ең басты кедергі болып табылады.
Барабар түсіндіру үшін күрес
- Халықтың діндарлығының өсуімен күресу қажет пе? Ал егер қажет болса, онда қалай күресу керек?
- Әрине, дінмен немесе діндарлықпен күресудің қажеті жоқ – біз ондайды бастан өткердік және бұл біз үшін өте қайғылы болды. Діни нормаларды адекватты түсіндіру үшін күресу керек. Ислам дінінің орасан зор гуманитарлық және шығармашылық әлеуеті бар, оны жаңаша ашу қажет. Қазіргі заманғы мұсылман ғалымдары мен қайраткерлері (олардың барлығы дамыған демократиялық елдерде өмір сүруі кездейсоқ емес және бұл күмәнді өткені бар маргинал адамдар емес), мысалы, әйгілі кувейт-америкалық ғалым, Беркли университетінің ислам құқығы профессоры Х. Абу Эль-Фадль, Ұлыбританиядағы ең ықпалды мұсылман зиялыларының бірі Зияуддин Сардар, әйгілі босниялық-австралиялық ғалым Адис Дудерижя, заң профессоры және «Заңгер мұсылман әйелдер адам құқықтарының қорғауында» деп аталатын ұйымның президенті Азиза әл-Хибри, Халықаралық ислам ойлары институтының директоры Мұхаммед Камал және басқалар исламды адам құқықтарының негізгі қағидаларын сақтауға сәйкес етіп түсіндіреді. Сондай-ақ ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы татардың ұлы ғалымы Мұса Джарулла Бигиев сияқты жақын өткеннің реформатор-ғалымдарын қайтадан ашу керек, ол ислам діні адамзаттың игілігі, оның қауіпсіздігі, бақыты мен дамуы үшін жасалып, гендерлік теңдікке шақырады деп үйреткен, сонымен қатар ол бастапқы дереккөздерге сүйене отырып, «бәрін қамтитын құдайлық мейірімділік» теориясын жасаған.
Қысқаша айтқанда, исламды инклюзивті, плюралистік және теңдік түрде түсіндірулер мен дискурстар қажет. Бұл «діни қоғамның басқарушы шеңберінің» ең болмағанда бір бөлігінің осы идеяларға ашықтығы, азаматтық қоғамның позициясы, жастар мен зиялы қауымның рөлі, сондай-ақ мемлекет тарапынан ілеспе қолдау көрсету сияқты көптеген факторлардың өзара әрекетін талап ететін кезең-кезеңмен жүретін процесс. Екінші жағынан, қоғамның өзі көбірек инклюзивтілікке, плюрализмге, демократияға және адам құқықтарын құрметтеуге қарай дамуы қажет.
Пью зерттеу агенттігі эмпирикалық түрде растаған қызықты заңдылық бар: қоғамдағы плюрализм мен демократиялық мәдениет деңгейі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым мұсылмандар өздерінің құндылықтары бойынша инклюзивті және плюралистік болады (шеткі индикаторлар – жыныстық азшылықты және гендерлік теңдікті қабылдау). Басқаша айтқанда, егер біз неғұрлым инклюзивті дінге қол жеткізгіміз келсе, онда біз төменнен жоғарыға қарай барынша инклюзивті және демократиялық қоғам құруымыз қажет. Ал бұл үшін баланың құқықтарын дамытып, патернализмде, патриархализмде, эйбилизмде, ұлтшылдықта көрінетін үстемдік ету мәдениетінен арылып, эмпатияға, ынтымақтастық пен үйлесімді қатынастарға негізделген мәдениетті қалыптастыру керек.
- Қазақстанның өмірінде ол қандай көрініс алатын болады?
- Егер біз Қазақстанның шындықтары мен дәстүрлі мазхабтың бүкіл қоғам үшін маңыздылығын алатын болсақ, онда Ханафи-Матуридилік «шешімдер қабылдау менталитеті мен логикасы» мазхабының жандандыру маңызды сияқты. Соңғысы догмаларды немесе бастапқы дереккөздерді сөзсіз ұстануға негізделген емес. Ол ақылға жүгінуге, парасаттылыққа, яғни сыни тұрғыда ойлауға (сондықтан кейбір ортодоксалды ғалымдар Абу Ханифаның мұрасын жүйелеген Аль-Матуридиді тіпті Мутазилиттердің, яғни түсіндіруде ақыл-ойды теңгерімсіз пайымдаушылардың тобына жатқызған және Абу Ханифаның өзін қабылдамаған), икемділікке, қоршаған әлем шындығына, бағытталуына негізделген. Ал біздің заманымызда ол адам құқығы принциптері, демократия және ғылымның рөлі.
Сонымен қатар, біздің қоғам үшін дін бостандығы ұжымдық құқық емес, ол адамның жеке құқығы екендігін қабылдау өте маңызды (бұл атеизмнің да, әртүрлі философиялық ағымдардың да болуын білдіреді). Оның үстіне, еліміздің Конституциясы мен заңдары мұны мойындайды және қорғайды.
Сондай-ақ, біздің қоғамда «индивидуализм» деген ұғым дұрыс түсіндірілмегенін, яғни оны эгоизммен теңестіретінін ескеру қажет. Шындығына келетін болсақ, бұл адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу, ынтымақтастық пен эмпатия сияқты жалпыадамзаттық құндылықтармен байланысты. Индивидуалист болу дегеніміз – өз өмірі үшін жауапкершілікті сезіну және өз құқықтарың жүзеге асыру, бұл табысты және бәсекеге қабілетті адам болу кепілі. Тиісінше, діни түсініктер жеке тұлғаның құқығын қолдауы керек.
Исламда салауатты, саналы индивидуализмнің негізі қаланған. Бірақ ең бастысы – «заманауи» мықты белгілері бар «кландық» қоғам шеңберінен шығып, саналы және білімді адамдар қоғамына айналу қажет. Сонда Қазақстанның діни өрісі плюралистік және инклюзивті болады.