Бүгін партияның ҚР Мәжілісіне үміткерлер Қонаев қаласындағы халық көп шоғырланған «Жетісу» базарында қоғамдық қабылдау өткізді. Аясында тұрғындармен тілдесіп, оларды толғандырған мәселелерді тыңдады. Содан кейін ұсыныс-тілектерін жинақтады.
Науқан аясында тұрғындарға сайлауалды бағдарлама жіті түсіндіріліп, кеңінен насихатталды.
«Құжат халықтың өмір сүру сапасын арттыруға басымдық береді. Әрбір адамға тең мүмкіндіктер қарастырып отыр. Барысында қоғамда жұмыссыздық деңгейі төмендетіледі. Жастарды қолдауға, туризм, ауыл шаруашылығы, білім беру және медицина жүйелерін дамытуға, инфрақұрылымға инвестициялау және қолайлы экологиялық орта құруға күш салынады. Мәселен, алдағы 5 жылда облыста 175 мың жұмыс орны ашылады. Нәтижесінде 140,3 мың адам тұрақты қызметке орналасады. Орташа жалақы көлемі 268,3 мың теңгеден 397,7 мың теңгеге дейін ұлғайтылмақ», − деді облыстық сайлауалды штаб төрағасы Қуат Байғоджаев.
Кеген, Жамбыл, Талғар, Еңбекшіқазақ аудандары мен Қонаев қаласында 70-тен астам жаңа туризм нысаны салынады. Бүгінде өзекті мәселе-жайылым жер тапшылығы түбегейлі шешіледі. 2027 жылға дейін оқушы орны жетіспеушілігі жойылады. Үш ауысымды мектептердің санын 7-ге дейін, бейімделген білім ошақтарының көрсеткішін 55-ке дейін қысқарту жоспарда. Мұнымен қоса, бағдарлама юеткіншектерді балабақшамен 100% қамтуды қамтамасыз етуге, студенттік жатақханалардың санын көбейтуге мүмкіндік береді.
Мұның бәрі барлық азаматтардың әлеуетін іске асыруға және әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Еске салайық, сайлауалды бағдарлама азаматтардың қоғамдық қабылдау бөлмесіне, партияға өтініш-ұсыныстары негізінде құрылды. Сондықтан оның әрбір тармағы облыс халқы мүддесін қорғауға арналып отыр.
Алматы облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді