2023 жылғы 15 наурызда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық одаққа қатысты екі заңға қол қойды, деп хабарлайды Akorda.kz.

Мемлекет басшысы "Еуразиялық экономикалық одақта тасымалдауды қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісімді ратификациялау туралыә Қазақстан Республикасының заңына" қол қойды.

Сондай-ақ Президент "2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Бұл заң хаттама Ресей Федерациясының арнайы экономикалық аймақтарына, Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен импортталған тауарлары бойынша, қосымша құн салығын төлеуді, 180 күннен кейін орындауды көздейді.

Хаттама мемлекеттердің салық салу саласындағы өзара іс-қимыл қағидаттарын айқындайтын Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 71-бабына және мүше мемлекеттерде жанама салықтарды өндіріп алу қағидаттарын айқындайтын 72-бабына сәйкес әзірленген.

Шарттың 72-бабының 1-тармағына сәйкес, тауарлардың өзара саудасында жанама салықтарды өндіріп алу, тауарлар экспорты кезінде қосылған құн салығының нөлдік ставкасын қолдануды және акциздерді төлеуден босатуды, сондай-ақ импорт кезінде жанама салықтар салуды көздейтін межелі елдің қағидаты бойынша жүзеге асырылады. Жанама салықтарды өндіріп алу тәртібі және олардың төленуін бақылау тетігі Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттағы №18 қосымшада айқындалған. Ол туралы бүгін негізгі баяндамада толық айтылды.

 Жалпы алғанда, заң Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларына арнайы экономикалық аймақтарда, қосымша құн салығын алудың тең шарттарына қол жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.