Мемлекет басшысы республикалық бюджетке өзгерістер енгізілген құжатқа қол қойды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "2023 – 2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, делінген Ақорда хабарламасында.

Шығыстардың қосымша өсімі 2,2 трлн теңге екені алдында хабарланған. Негізінде Мемлекет басшысының Жолдау мен сайлауалды бағдарламасы аясында айтылған бастамаларын, өңірлерге жұмыс сапарларының қорытындысы бойынша тапсырмаларын жүзеге асыру үшін қаржы қажет. Бұл үшін 2 триллион теңге бөлінеді. Бұл - өңірлерді қолдауға, ауыл шаруашылығын, көлік инфрақұрылымын және өңдеуші өнеркәсіпті, сонымен қатар әлеуметтік саланың жекелеген бағыттарын одан әрі дамытуға бағытталған шығыс екені нақтыланған.