Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттар депутаттарын сайлауда дауыс берді, деп хабарлайды Akorda.kz.

ҚР Президенті баспасөз қызметінің мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында орналасқан сайлау учаскесінде дауыс берді.