20 наурызда АҚШ президенті Джо Байден COVID-19-ның пайда болуына қатысты ақпаратты құпиясыздандыру туралы заңға қол қойды.
"Біз COVID-19-дың шығу тегін, оның ішінде Ухань вирусология институтымен мүмкін болатын байланыстарды түсінуіміз керек. Бұл заңды жүзеге асыру кезінде менің әкімшілігім ақпаратты мүмкіндігінше ашып береді", - деді Байден.
Оның айтуынша, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
COVID-19 індеті 2019 жылы Ухань қаласында басталды. Ресми мәліметтерге сәйкес, осы уақытқа дейін әлемде жеті миллионға жуық адам қайтыс болды.