Қазақстанда азаматтық вакцинация штабы өз жұмысын бастады. Бастамашыл топтың құрамына Қазақстан халқына вакцинацияның маңыздылығын жеткізу мақсатында қоғам қайраткерлері, ғалымдар, дәрігерлер, журналистер кірді. Азаматтық ақпараттық науқан құру, халықты Covid-19 және вакцинация туралы сенімді ақпаратпен қамтамасыз ету – бұл жаңадан құрылған штабтың міндеттерінің бір бөлігі ғана.
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың азаматтық штабпен онлайн-кездесуі аясында әлемде және Қазақстанда қандай вакциналар бар екендігі жөнінде, вакцинациялаудың тәуекелдері мен ықтимал салдары жайлы, вакцинаны зерттеудің кезеңдері мен фазалары туралы Балалар жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор, жоғары санатты инфекционист дәрігер Динагүл Баешева әңгімелеп берді.
Бүгінгі күнде жаппай вакцинация – пандемияны тоқтатудың бірден-бір жолы, және оған балама жоқ. Ұжымдық иммунитетті табиғи жолмен алу үшін халықтың 75-80% ауырып шығуы керек. Бұл үлкен қауіп. Пандемияның барысын басқа жазықтыққа ауыстыру керек, індеттің шыңын төмендете отырып денсаулық сақтау жүктемесін азайту қажет. Сол кезде асқынулардың және өлімдердің саны азаяды. Вакцинациялар біздің иммундық жүйенің бақыланатын ынталандыруын қамтамасыз етеді.
Аурудың табиғи ағымы пайда болған кезде, вирустар өздігінен көбейгенде, реттеліп қойылған процестердің бұзылуы орын алады. Мұндай кезде тек вакцинация жағдайды бақылауға алып, қалыпты өмір орната алады. Сондықтан вакцинация маңызды рөл атқарады. Иә, вакцинация естен тандыруы мүмкін, қысқа мерзімді реакцияға әкелуі ықтимал, бірақ өліммен салыстырғанда ол ештеңе емес.
Вакцинация жасалған кезде не болады?
Инфекция табиғи жолмен жүретін болса, тірі вирустар ағзада көбейіп, оны науқас етеді, өйткені антиденелер шығарылмағандықтан ағзадан ешқндай реакция жоқ.
Вакцинация өткізлген кезде вакцинаның белгілі бір дозасы ағзаға енгізіледі. Бұл бөтен ақуыз, оған иммундық жүйе бастапқы реакцияны дамытады.
Екіншілік реакция мен иммунитеттің дамуы үшін вакцинаның екінші дозасын енгізу керек. Бұған уақыт қажет болады – 21 күн. Сондықтан, вакцинадан кейін адамдардың бірден қонаққа барғандары және эпидемияға қарсы шараларды сақтамағандары дұрыс емес. Бұл уақытта антиденелер әлі толық жетілмеген.
Адамдар вакцинацияланбаған кезде не болады?
Коронавирустық инфекцияның таралуының ең басында біз не көрдік? Бір немесе екі науқас адамдар вакцинацияланбаған, жұқтырғыш адамдары бар қауымдастыққа кіру ғана жеткілікті болды, содан бүкіл әлем ауырып қалды. Бірақ егер адамдар вакцинацияланса, олар бұл аурудың таралуының алдын алады. Иә, вакцинация инфекциядан 100% қорғамайды, бірақ ол аурудың ауыр түрде өтудің алдын алады.
Әлемде қандай вакциналар бар?
Бүгінгі таңда 265-тен астам вакцина әзірлену кезеңінен өтіп жатыр. Клиникалық зерттеулер кезеңінде – 83 вакцина, тәжірибеде 23 вакцина қолданылып жатыр.
Тұтас жасушалы вакциналар – біздің қазақстандық және қытайлық вакциналар, олар тірі емес.
Векторлық вакцина – ол Sputnik V. Оны әзірлеуші – Н.Ф.Гамалей атындағы орталықтың басшысы Александр Гинцбургтың әңгімелеуі бойынша осы вакцина 2012 жылы жасалған, оларға тек қана иммунитеттің қалыптасуына жауап беретін антигенді бөліп алуға тура келді.
РНҚ-вакциналары – ол Pfizer – гендік-инженерлік вакцина. Pfizer-ді сатып алудың қиындығы, оны сақтаудың арнайы шарттары қажет – бұл өте төмен температура – минус 80-90 градус. Ал мұндай тоңазытқыштарды барлық елдерде бірден жасау мүмкін емес. Олар тек ғылыми зертханаларда бар.
Қазақстан Республикасында қандай вакциналар бар?
- Белсенділігінен айырылған вакцинасы QazCovid-In, ол клиникалық сынақтардың і-ші фазазын өтіп жатыр (Биологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу институты)
- Қосалқы бөлімінің вакцинасы QazCoVac -P – 1 кезеңдегі зерттеу басталады
- Векторлық аралас вакцинасы Гам-Ковид-Вак (Қарағанды фармацевтикалық кешені)
- Қытай: Hayat-Vax, Coronavac
Вакциналарға кімдер қарсы шығып жатыр?
Бүкіл әлемде вакцинацияға қарсы адамдар бар және бұл әдеттегі қалыпты жағдай. Көбінесе бұған білім деңгейі мен ақпараттың жетіспеушілігі әсер етеді.
Вакциналарға қарсы адамдардың екінші тобы – қастандық теориясының, чипизацияның жанкүйерлері.
Үшінші топ – мәселені мұқият зерттемейтін, бірақ оған қарамастан, өздерінің үстірт білімдерін өз мақсаттары үшін қолданатын білікті жалған интеллектуалдар.
Google де вакциналарды ұнатпайтынын естеріңізде сақтағандарыңыз жөн, ал егер сіз сенімді ақпарат іздесеңіз, ДДҰ-ның (ВОЗ) арнайы сайттарымен танысулаыңыз керек, онда дәлелдемелер базасы жазылған.
Бүгінгі күнде вакцинация жөніндегі түсініктер әртүрлі. Бұған үзілді-кесілді қарсы шыққандар бар, олардың саны өте аз. Көбі – күмәнмен қарайтындар.
Әрине, алдыңғы қатарда медициналық қызметкерлер болуы керек. Ал медицина қызметкерлерінің екпеден бас тартуын кәсіби біліксздік деп қабылдаған жөн. Өкінішке орай, аурудан қорқудан вакцинациядан қорқуға парадигманың ауысуы орын алды.
Вакцинацияға дейінгі кезеңде қандай қауіпті аурулар болғанына қараңыздаршы. Ал адамзат оларды жеңе алды ғой. Бірақ антиваксерлер әрқашан болды. 1796 жылы оспаға (шешекке) қарсы алғашқы вакцина жасалған кезде, Times газетінде: «Сиыр оспасына қарсы вакцинация адамзаттың жоғалуына әкеледі. Вакцинацияланған адамдарда мүйіз, тұяқ және, жынысына байланысты, желін өсіреді» - деген мақала пайда болды. Біз шешек ауруын жеңдік, ешкімде мүйіз бен тұяқ өсіп кеткен жоқ.
Біз полиомиелитті жеңдік, алайд бұл аурудың басында тіпті Жапония сияқты елдер Кеңес Одағында алғаш жасалған вакцинаны енгізуден қорққан болатын. Ақыр соңында полиомиелит әлемнің барлық елдерінде вакцинация арқылы ғана жеңілді. 1995 жылдан бері Қазақстанда полиомиелитпен байланысты бірде-бір жағдай болған жоқ.
Дүниежүзілік қауымдастық үшін ең оқыс қауіптердің бірі – дәл сол вакциналарға деген сенімсіздік. Иммундау бағдарламасының эволюциясы бұл жағдайдың заңдылығын көрсетеді, алайда аурудың өсуіне байланысты вакцинациямен қамту артатын болады. Науқастар саны азайған кезде сенімнің жоғалуы пайда болады.
Вакциналардың сапасына кепілдік бар ма?
Халықаралық ұлттық құжаттармен реттелетін бақылау жүйесін өндірушілердің көп сатылы тәуелсіз комиссиясы бар. Басқа мәселе, бұл құжаттар адамдардың барлығына белгілі еместігінде. Вакцинаны жасау – күрделі процесс, әрбір вакцина мұқият бақыланады, қауіпсіздігі, белсенділігі, фармакологиялық тазалығы тұрғысынан тексеріледі, қайталанып тексеріледі, сондай-ақ әрі қарай бақылап отыру үшін әр партияға сәйкестендіру коды беріледі.
Вакцинаны жасап шығару екі кезеңді қамтиды: эксперименттік бөлімі – бұл барлық қауіпсіздік кезеңдері: жедел, созылмалы, иммунологиялық жүзеге асырылатын клиникаға дейінгі кезең. Осыдан кейін 4 фазаны қамтитын клиникалық сынақтар бар.
Бірінші фаза – қауіпсіздік, дені сау еріктілер, оларды қабылдау қажет.
Екінші фаза – мақсатты топты іріктеп алу, онда доза таңдалады және вакцинация қауіпсіздігі қарастырылады.
Үшінші фаза эпидемиологиялық жағдайды бағалайды. Ол 180 күнге созылатын негізгі фазаға бөлінеді, кемінде 2 мың еріктілер қабылданады, олармен келісімшарт жасалады, және кезең аяқталғаннан кейін құжаттар мемлекеттік тіркеуге өткізіледі.
Қазіргі кезде қол жетімді барлық вакциналар осы кезеңдердің бәрінен өтті, демек, олар қауіпсіз. Бірақ соған қарамастан, әрі қарай вакциналарды қолдану клиникалық зерттеулердің үшінші кезеңі ретінде қарастырылатын болады, себебі пациенттердің жас диапазоны артады, әр түрлі категориялар қосылады. Бұл эксперименттік зерттеулер емес, клиникалық сынақтар. Вакцина қолдануда, мемлекеттік тіркеуден өтті, ол қазірдің өзінде нарықта бар, оны басқа елдер сатып алады, ал өндіруші өзіне жауапкершілік алды.
Ал соңғы фаза – төртінші – маркетингтік зерттеулер, іріктелген когорталарға кең ауқымды бақылаулар және фармацевтикалық экономика.
Ғасырлық тарихы бар аспириннің өзі де қазір клиникалық сынақтардан өткізіліп жатыр. Біз оны эксперимент деп айтпаймыз ғой. Сондықтан бізді сынақтан өткізіп жатыр деген мәлімдеме шындыққа жанаспайды.
Бірақ біз елімізде сақтауымызға міндетті болып табылатын басқа да бірқатар мәселелерді ұмытпауымыз керек. Бұл суық тізбек. Бұл вакциналар тіркеу кезінде белгіленген жағдайларда сақталуы тиіс. Тек осындай жағдайда ғана біз нәтижеге жетеміз. Қолдану практикасының шарттарына талдау жүргізу қажет.
Вакциналар қауіпсіздігі ұлттық бақылау органдарына жүктеледі. Олар бізде бар. Бұл шығарылатын барлық дәрі-дәрмектер мен вакциналарды тіркейтін және қадағалайтын ұлттық комитет. Қажет болған жағдайда олар елімізде қосымша зерттеулер жүргізеді. Яғни, қос бақылау, кейде үш мәрте бақылау жүзеге асырылады. Және оның бәрі де дәлелге негізделген. Сондықтан білімді жетілдіру, әсіресе медицина қызметкерлерінің білімін жетілдіру, маңызды буыны болып табылады. Білмегендіктен емдеуді кейінге қалдыратын немесе кейбір ескірген қарсы көрсеткіштерді ұсынатын медицина қызметкерлері адамдарға қауіп төндіреді.
Вакциналар жағымсыз әсерлерді тудыруы мүмкін бе?
Реактогендік – жергілікті немесе жүйелік – вакцинацияның әдеттегі және күтілетін жағымсыз әсері. Жергілікті реакция гиперемия мен ісіну арқылы көрінеді. Жүйелік реакция – температураның қысқа мерзімге жоғарылауы. Жалпы алғанда, процесс асимптоматикалық болып табылады.
Вакцинация мен жағымсыз әсерлер арасындағы байланыс туралы айтатын кезде қателіктер жиі кездеседі: уақыт бойынша сәйкес келу себептік байланыстың (мысалы, жаппай иммундау кезінде адамда инсульт немесе миокард инфарктісі) бар дегенді білдірмейді.
Сондықтан вакцинацияға қарсы көрсеткіштер өте сирек кездеседі. Алдыңғы вакциналар кезіндегі анафилактикалық реакциялар тікелей қарсы көрсеткіш болып табылады. Ал күмәнді жағдайларда да пайда мен зиянның тепе-теңдігі вакцинаның пайдасын көрсетеді. Егер сіз елдер бойынша статистиканы қарасаңыз – вакцинация деңгейі жоғары болған жерде өлім деңгейі төмен.
Фото: RBC
Мәтіндегі фото: Time.kz