Қазақстан құрамасының футболшылары 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңін жеңіліспен бастады.
"Астана арена" стадионында өткен іріктеу матчы аясында Қазақстан құрамасы Словениядан 1:2 есебімен жеңілді.
Енді Қазақстанның ұлттық құрамасы 26 наурыз күні Дания құрамасына қарсы ойнайды. Бұл матч та "Астана арена" стадионында болады, сағат 19:00-де басталады.