Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды.
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды.
Түзетулер судьялардың тәуелсіздігін нығайтуға бағытталған.
Атап айтқанда, аудандық соттарды біріктіру арқылы ауданаралық соттарды құру қарастырылған. Бұл ретте аудандық соттардың төрағаларының лауазымдары судьялық лауазымдарға ауыстырылады.
Соттарды біріктіру критерийлері:
- облыс орталықтары арасындағы қашықтық;
- Халық тығыздығы;
- аудандық соттағы істердің жүктемесі;
- соттың жабдықталуы және т.б.
Шалғай ауданда орналасқан аудандық соттың немесе шағын соттың судьясын осы соттың судьялары екі жыл мерзімге сайлайды. Судья лауазымына кандидатты сайлау, осы лауазымға бекіту және босату тәртібін Жоғарғы Сот Кеңесі айқындайды.
Заңда аудандық соттың аға судьясы лауазымын енгізе отырып, аудандық сот төрағасының лауазымын жою да қарастырылған. Мамандандырылған соттарды қоспағанда, шалғайдағы және шағын соттарға аға судьяларды енгізу ұсынылады.
Сонымен қатар 2025 жылғы 15 шілдеден бастап Сот төрелігі академиясын Жоғарғы Соттың құзырынан Жоғарғы Сот Кеңесінің құзырына беру ұсынылып отыр.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының өкілеттіктерінің тізбесі республика соттары төрағаларының, сот алқалары төрағаларының және судьяларының өкілеттіктерін тоқтату туралы ұсыныс енгізу жөніндегі өкілеттіктерді алып тастайды. Функция Жоғарғы Сот Кеңесіне берілді.
Сонымен бірге судьяларға қатысты арнайы жедел-іздестіру шаралары тек Бас Прокурордың рұқсатымен ғана жүзеге асырылуы көзделіп отыр. Бұл құқық қорғау органдарының судьяларға қысым көрсету құралдарын алып тастайды.
Cонымен қатар мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне процестік заңнаманы жетілдіру және сот жүйесін реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланды.
Заңның мақсаты - кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі соттардың құзыретін кеңейту, апелляциялық сатының рөлін күшейту, өкілдердің іс жүргізу мәртебесін арттыру және әкімшілік органдар басшыларының жауапкершілігін күшейту бөлігінде іс жүргізу заңнамасын жетілдіру және сот жүйесін реформалау.
Заң соттардың жұмысын жақсартып, судьялардың нақты тәуелсіздігін одан әрі арттырады деп болжанып отыр.