Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

16 наурызда сенат Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы шартты ратификациялады. Шартта жергілікті жерде шекаралық белгілермен ұзындығы 2356. 666 шақырым болатын мемлекеттік шекараның таңбаланған сызығын белгілеу көзделген. Осылайша шекара 5 шақырымға ұзарды.

Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы шартқа (бұдан әрі – Шарт) 2022 жылғы 22 желтоқсанда Ташкент қаласында қол қойылған.