Елорданың Сарыарқа аудандық №2 соты Қайрат Боранбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«ҚР Қылмыстық кодексі 58-бабының 3-бөлігіне сәйкес Боранбаев, Нахановтың мүлкін тәркілеп, 8 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын. Олар өмір бойы мемлекеттік қызметте, сотта, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Ұлттық банк пен оған қарасты ведомстволарда, Қаржы нарығын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органда қызмет атқару құқығынан айрылсын. Сонымен қатар, қаржы ұйымдарында, мемлекеттік ұйымдарда, квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет етуге де тыйым салынады», - деді үкімді оқыған судья Назгүл Бапақова.
Еске салсақ, өткен жылы 17 наурызда соттың шешімімен Қайрат Боранбаев 2 айға қамалған еді. Кейін Қайрат Сатыбалды мен Қайрат Боранбаевтың сыртқа заңсыз шығарылған активтері қайтарыла бастағаны хабарланды.