Мемлекет басшысының Жарлығымен Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы лауазымынан босатылды.
Бұған дейін Президент Әкімшілігінің басшысы қызметін атқарған Мұрат Нұртілеу қызметінен босатылып, Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі болып тағайындалды.
Руслан Жақсылықов жаңа үкіметте Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі қызметін атқаратын болды.
Марат Ахметжанов Қазақстанның Ішкі істер министрі болып бекітілді.
Еске сала кетейік, 30 наурызда мемлекет басшысы парламенттік сайлаудан кейін өз орнын сақтап қалған Әлихан Смайыловты премьер-министр қызметіне тағайындау туралы жарлыққа қол қойған болатын.