Қазақстан ұлттық құрамасы Халықаралық футбол қауымдастықтарының федерациясы (ФИФА) жариялаған рейтингте үш сатыға көтерілді. Жаңа рейтинг 2023 жылдың 6 сәуірінде шықты.

Қазақстан құрамасы жаңартылған рейтингте 112-орынға жайғасты. 

Айта кетейік, Магомед Адиев жаттықтыратын Қазақстан құрамасы наурызда Еуро-2024 іріктеу кезеңі аясында екі ойын өткізді: Словения (1:2) және Даниямен (3:2) ойнады.