Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың баяндауынша. Биыл өткен жылдың қаңтар-сәуірімен салыстырғанда Қазақстан экономикасы 5%-ға өсті.
Оның ішінде нақты сектордағы өсу 4,8%-ды, ал қызмет көрсету саласындағы өсім 4,9%-ды құрады. Негізгі салалардың барлығында оң динамика тіркеліп отыр, әсіресе, құрылы, сауда, сондай-ақ ақпарат және байланыс ең жоғары өсім көрсетті.
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 18%-ды құрады. Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 5,1%-ға өсті. Тау-кен өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 2%-ға жоғарылады. Орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 15,4%-ға ұлғайды. 4,3 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,9%-ға жоғары. Ауыл шаруашылығының жалпы шығарылымы 3,6%-ға ұлғайды.
7 экономикалық көрсеткіш бойынша өңірлер арасындағы жалпы жағдай мынадай:
Барлық көрсеткіш бойынша оң өсу 10 өңірде тіркелді: Абай, Ақмола, Батыс Қазақстан, Жетісу, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстары, сондай-ақ Алматы қаласы.