Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Жиында білім және денсаулық сақтау салаларына қатысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кешенді жоспардың орындалу барысы қарастырылды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қолға алынған бұл жұмыс тұрмыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың маңызды бөлігі болып саналады.

Талқылау қорытындысы бойынша Мемлекеттік кеңесші құқық қорғау және бақылаушы органдардың ақпаратына сәйкес тиісті мемлекеттік органдар тарапынан атқарылған жұмысқа қарамастан аталған салаларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды күшейту қажет екенін атап өтті.

Осыған байланысты мүдделі мемлекеттік органдар алдында Кешенді жоспарды өзектендіру жөнінде міндеттер белгіленді.