12 маусымда Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі өзінің екі жылдығын атап өтті. Шындығына келсек, бұл оқиға, ҰҚСК-ның барлық практикалық қызметін қоса алғанда, жалпы жұртшылықтың назарынан тыс қалды. Билік пен қоғам арасындағы кері байланысты қамтамасыз етуге арналған бұл консультативтік-кеңесші орган жұмыс істеген уақыты ішінде небары бес рет қана жиналды. Оның үстіне, соңғы алты айда (бесінші отырыстан кейін), оның кейбір мүшелерінің әлеуметтік желілердегі белсенділігін есептемегенде, оның ешқандай тіршілік ету белгілері байқалмады. Және бұл белсенді қоғамдық диалогқа еліктеудің сәтсіз әрекеттерінен кейін «перспективалы» жобадан амалсыз бас тартылған сияқты.
ҰҚСК құру бастапқыда сәтсіздікке ұшыраған іс-әрекет екендігі жайлы сарапшылар, оның ішінде біздің басылым беттерінде де, талай рет айтқан. Атап айтқанда, саясаттанушы Максим Казначеев мұндай диалог алаңының пайдасыз болуының кем дегенде екі себебін атаған болатын. Біріншіден, бұл ҰҚСК құрамы: ол жеке сенімділік принципі негізінде таңдалды, және тиісінше, оның шешімдерін «қоғамдық сенім» нәтижесі ретінде қарастырыла алмайтын. Соңғысы, оның пікірінше, тараптардың теңдігін болжайды, бұл «грант беруші» мен «грант алушы» арасындағы қарым-қатынаста принципті түрде мүмкін емес.
Екіншіден, Қытайға қарсы наразылықтардан бастап, білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігіне дейін жайылған талқылау тақырыптары там айқын емес болып көрінді. Сарапшының пікірінше, ҰҚСК өз назарын тек саяси реформа проблемаларына аударғаны тиімдірек болар еді, бірақ билік бұған мүдделі емес екені анық. Мұны саяси жаңғырту бағдарламасы аясында қабылданған соңғы өзгерістер мен толықтырулар растайды, олар тек косметикалық сипатта жасалған және демократиялық стандарттарға сәйкес келмейді...
«ҰҚСК бастапқыда 2019 жылғы президенттік науқан кезінде оппозициялық жүйелік емес наразылықтардың қысымымен құрылған болатын. Билік сайлаушылардың белгілі бір тобы үшін саяси модернизацияны өтгізуге дайындық бар деген елес жасауы қажет болды. Осыған байланысты күтілген үміт ақталды – ҰҚСК форматында демократиялық реформалар мәселесінің мәнінен назарды басқа жаққа аударып жіберуге қол жеткізілді... Демек, бұл органның өмір сүруіне және сол өлі туылған құрылым үшін мемлекеттік ресурстарды ысырап етудің мағынасы жоқ. Бізде бұрыннан осындай бір «диалог алаңы» бар – ол өзінің бүкіл тарихы бойы жоғары билікті сынауға батылы бармаған Қазақстан парламенті... Соңғысы диалогқа дайындығын тек жүйелі дағдарыс жағдайында ғана көрсете бастайды. Ал ол дағдарыс әзірге келген жоқ», - деді Максим Казначеев.
Оның сөздерімен біздің бүгінгі қонағымыз да, «Азаматтық сараптама» қоғамдық қорының президенті Данил Бектұрғанов келіседі. Біз онымен кеңесу құрылымдары неліктен пайдасыз екендігі жөнінде және олар идеалды түрде қалай құрылып, жұмыс жасауы керек екендігі жайлы ойлануға шешім қабылдадық.
- Данил Булатович, ҰҚСК сияқты бастамалардың Қазақстанда тамыр алмауының өзіндік себебі бар болуы тиіс...
- ҰҚСК дегеніміз не екені жөнінде және ол не үшін құрылғанынан бастайық. Регламентке сәйкес, бұл президент жанындағы консультативтік-кеңесші орган, оның негізгі міндеті «қоғам өкілдерімен, саяси партиялар мен азаматтық қоғам өкілдерімен кеңінен талқылау негізінде мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу». Яғни, мұнда әңгіме дәл сол «өзекті мәселелер бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар» жөнінде және теориялық тұрғыда халық сайлаған парламентте өтуі тиіс «кең талқылау» жайлы болып отыр. Бірақ ондай «кең талқылау» ол жерде әлі жоқ. Жалпы алғанда, бұл таңқаларлық нәрсе емес, әсіресе саяси партияларға кірмейтін қоғам өкілдерінің сайлауға қатысудан шеттетілгенін ескеретін болсақ.
Бірде-бір саяси жүйе, егер ол пікірталастарда, бағалауда, ұсыныстарда көрінетін пікір алыспаса, дұрыс жұмыс істей алмайды. Ал бізде бір жағынан – белгілі бір «ойын ережелерін» (заңдар, ережелер және т.б.) әзірлейтін және бекітетін шартты «билік» пен екінші жағынан – осы ережелерге сәйкес өмір сүру тиіс шартты «халық» арасында жылдар бойы тұрақты түрде вакуум құрылып келді». Сондықтан мемлекеттік басқару жүйесі өзінің тиімділігін жоғалтып жатқаны таңқаларлық емес. Осы кері байланысты орнату үшін кеңестердің барлық түрлерін, комиссияларды және басқа ұқсас органдарды құруға тұра келеді.
ҰҚСК – осыған ұқсас әрекеттердің ең алғашқысы емес. НКВД деген аббревиатурасы бар Демократияландыру мәселелері жөніндегі Ұлттық комиссияны, барлық түрдегі тұрақты түрде іс-әрекет жасайтын кеңестер мен басқа да түсініксіз органдарды есіңізге түсіріңізші, олар шын мәнінде өкілді билік органдары бар болғанмен, солар айналысуы тиіс нәрсені жасауға тырысты. Ал олардан, дәл сол түсініксіз табиғатына байланысты, ешқашан ерекше пайда болған жоқ. Мұндай құрылымдарда (сол жерде отырыстарға қатысатын құрметті адамдар ренжімесін) не билік, не шынайы халықтық сенім жоқ.
- ҰҚСК өлді деп айтуымызға бола ма?
- Білмеймін. Регламентке сәйкес, ол жылына кемінде үш рет жиналуы керек: екінші отырысты парламент жұмыс істей бастағаннан кейін қыркүйекте, ал үшіншісін – Тәуелсіздік күніне таман өткізуге болады. Ресми тұрғыдан алғанда, бұл қиын емес. Бірақ өлі туылған органды қайта тірілту мүмкін емес екендігін мойындауымыз керек.
Менің ойымша, сайлау жүйесін реформалау әлдеқайда жақсы болар еді – сайлау заңнамасын ырықтандыру, бір мандатты қандидаттарды қайтару, бүкілхалықтық сайланған Парламентке бір партияның үстемдігін көрсететін алаң емес, азаматтардың мүдделерін білдіру үшін нақты өкілеттіктер беру қажет.
Менің ойымша, түсініксіз органдардың – әкімдіктер мен министрліктер жанындағы қоғамдық кеңестердің, ҰҚСК-ның – болуының өзі билік пен қоғам арасындағы кері байланыстың сәтсіз болғанын көрсетеді. Егер жергілікті жерлерде дұрыс, адал сайланған және өкілетті мәслихаттар болса, онда әкімдіктер жанындағы қоғамдық кеңестер қажет болмайды. Министрліктер жанындағы қоғамдық кеңестер де, егер олармен байланыс қызметі дұрыс жұмыс жасаса, өз мағынасын жоғалтады.
- Қоғам өміріндегі негізгі мәселелер бойынша шешімдерді әзірлеуге жұртшылықтың қатысуының оңтайлы форматы сізге қалай болып көрінеді? Мұндай құрылымдар қалай жасалуы тиіс?
- Дұрыс жұмыс істейтін мәжіліс болған кезде ҰҚСК-ның мағынасы болмайды, өйткені мәжіліс өзінің мәні бойынша кең ауқымды өкілеттіктері бар ұлттық кеңес. Қазақ тіліненде мәжіліс деген сөз кеңес дегенді білдіретінін еске салу артық болмас. Егер депутаттар саяси партияларды емес, халықтың өкілеттігі болса, егер парламент жай ғана «үкіметтің нотариалды кеңсесі» емес, дискуссиялар жүргізу алаңына айналса, онда мұндай өлі туылған құрылымдардағы қажеттілік өздігінен жоғалады. Ауқымды реформалар бір күнде жасалмайтыны әбден түсінікті. Уақытша шара ретінде ҰҚСК және қоғамдық кеңестер сияқты органдардың өмір сүруге құқығы болуы мүмкін. Бірақ олардан тиімді жұмыс, қандай да бір серпіліс күту орынсыз болар еді. Өкінішке орай, әзірге олардың қызметі «имитациялық ойынға» ұқсайды, өйткені мемлекеттік органдар әлі де қоғамдық кеңестер мен ҰҚСК ұсынымдарын ескермеуге құқылы.
Қайталап айтамын: қоғам өміріндегі маңызды мәселелер бойынша шешімдерді әзірлеуге жұртшылықтың қатысуының оңтайлы форматы – бұл сайлауға қатысу және толыққанды өкілдік демократия. Дамыған демократиялық елдер ешқандай ҰҚСК сияқты органдарсыз өмір сүріп жатыр және олар керемет өмір сүреді!