2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 597 кәсіпорны 18,2 мың жұмыскерге 4,4 млрд теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешек екенін анықтады.
Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 657 нұсқама беріліп, 87,5 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.
Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 15,3 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды. Оларға 4 млрд теңге төленді.