Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымын қайта құру туралы Жарлыққа қол қойды.
Осы құжатқа сәйкес Президент Әкімшілігінің жаңартылған құрылымына келесі лауазым иелері кіреді:
- Президент Әкімшілігінің Басшысы;
- Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы;
- Президент Кеңсесінің Бастығы;
- Президенттің көмекшілері;
- Президенттің кеңесшілері;
- Президент Әкімшілігінің бөлімдері.
Жарлыққа сәйкес:
- ішкі саясат және коммуникациялар мәселелері бойынша;
- экономикалық мәселелер бойынша;
- халықаралық мәселелер бойынша;
- құқықтық мәселелер бойынша;
- ғылым және инновация мәселелері бойынша Президенттің көмекшілері лауазымдары енгізіледі.
Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасарлары лауазымдары жойылады. Сондай-ақ Президент Әкімшілігінің төрт бөлімі қысқарды.