Өзінің екінші президенттік мерзімін Қасым-Жомарт Тоқаев күшті және әділ мемлекет құрылысына арнауға уәде берді. Оның бастамасымен экономикада, сыртқы және ішкі саясатта жүргізіліп жатқан реформалар айтарлықтай сезілінерлік, сонымен қатар олар айқын көкжиегктерге ие. Бұл ретте оларды жүзеге асыруы қоғамның өзінің өзгеруін, алға қойылған мақсаттарға жету жолында топтастырылуын талап етеді. Бірақ қоғам өзін-өзі дамытуға дайын ба, басталып кеткен тұтастай жаңғыртуда тірек бола ала ма екен? Бұл үлкен сұрақ. Оның үстіне қазақстандық қоғам қазір қайшылықтардан бытыраңқы, ыдыраған күйде болып отырған көрінеді.
«Әртүрлі пікірлер, бірақ біртұтас ұлт»
Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің инаугурациясында сөйлеген сөзінде маңызды мәселеге тоқталып кетті. «Біздің ортақ мақсатымыз – заңдылық пен тәртіп басты болатын, азаматтардың құқықтарына лайықты құрмет көрсетілетін әділетті Қазақстанды құру. Бізді қоғамды трансформациялау, Қазақстанды нағыз демократиялық институттары бар дамыған елге айналдыру жолында алдымызда қыруар жұмыс күтіп тұр. Тек сонда ғана біз ұлттың жаңа сапасын қалыптастырып, өзіміздің қасиетті Тәуелсіздігімізді нығайта түсеміз», – деп мәлімдеді ол, содан кейін мақсатқа жету жолындағы көзқарасын жеткілікті түрде егжей-тегжейлі баяндады.
Біріншіден, бұл «әртүрлі пікірлер, бірақ біртұтас ұлт» деген қағиданы айнымассыз ұстану. Екіншіден, мемлекет басшысы айтып кеткендей, «әртүрліліктегі біртұтастық» формуласында көрсетілген «тарихи активті» нығайту. Бұл ретте ол қазақстандықтарға қоғамда алауыздық тудыратын кез келген арандатушылық әрекеттерге құқықтық баға берілетінін нақты үндеу арқылы жолдады. «Ондай әрекеттер қатаң түрде басылатын болады», - деп нақтылап айтты ел президенті. Бірақ бұл бірауызшылық пен біртұтастыққа қарай жылжу үшін жеткілікті негіз бе? Тіл мәселесіне, тарихи өткенге деген әртүрлі, жиі полярлық көзқарастардан туындаған қоғамдағы терең бөлу сызықтарын жою немесе ең болмағанда теңестіру мүмкін бе?
Біз сарапшылардан Қасым-Жомарт Тоқаевтың президенттігінің екінші мерзімінде қалыптасып келе жатқан геосаяси жағдайды, күшейген қауіптерді және қатерлерді ескере отырып, мемлекет құру ісінде олар қандай қадамдар күтеді деген сауалдармен жүгініп, оның тіл мәселесінде, ұлтаралық қатынастар саласында жүргізіп отырған саясаты қандай болуы мүмкін немесе болуы тиіс? – деген сұрақтарға жауап беруді өтіндік. Қандай факторлар (қазіргі уақытта бар немесе жақын болашақта туындауы мүмкін факторлар) мемлекет басшысының осы бағыттағы шешім қабылдауына қысым көрсетуі ықтимал?
Максим Крамаренко, «Еуразиялық саясат институты» ақпараттық-талдау орталығының жетекшісі:
«Президентке «Жаңа Қазақстанды» құру оңайға түсе қоймайтын болады»
- Қасым-Жомарт Тоқаев үшін жаңа президенттік циклі халықаралық қатынастар саласындағы жаһандық өзгерістер кезеңінде өтетін болады, олар Қазақстанға да міндетті тұрде әсер ететіні ешқандай күмән тудырмайды. Біздің әділетті әлемдік тәртіпке келетінімізге үміт бар. Жақында Мәскеуде Тоқаев пен Путин қол қойған Декларацияда екі тараптың ШЫҰ негізіндегі көп полярлы әлемдік тәртіп қалыптасады деп үміттенетіні атап өтілген болатын. Бұл жаңа әлемдік тәртіпке екі президенттің көзқарасы осы Декларацияда да көрініс тапқан. Онда өркениеттік әртүрлілік, халықтардың өзінің саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени даму жолын дербес таңдау құқығы орын алуы тиіс. Бірақ осындай көзқарас болашақ шындықпен қаншалықты сәйкес келіп отырғаны – бұл үлкен сұрақ. Сонымен қатар, жаңа әлемдік тәртіпке көшудің қалайша жүзеге асырылатыны айтарлықтай маңызды. Ол қаншалықты бейбіт түрде өткізілетін болады?
Әзірге адамзат тарихы халықаралық қатынастардың бір жүйесінен екінші жүйесіне бейбіт және қантөгіссіз өтуін білген емес. Олардың ауысуы әрқашан да әскери қақтығыстармен қатар жүріп келген болатын. Қазіргі кезде өздерінің ойын ережелерін белгілеу арқылы, өздерінің мәдени стандарттарын белгілеу арқылы, басқа мемлекеттердің ісіне араласу мүмкіндігін жоғалтпауды көздеп отырған елдер өздерінің мәдени ерекшелігін сақтауға және қорғауға тырысатындармен, өздерінің нақты егемендігі сақтап қалуға тырысатындармен қақтығыстарға кірісіп отыр. Мұндай текетірестің өрісіне тек Сирия мен Украина ғана айналған жоқ, сонымен қатар санкциялар енгізуде және белгілі бір елдердің әлемдік саудаға қатысуын шектейтін басқа да кедергілерді жасауда көрініп отырған халықаралық экономикалық қатынастар болды.
Біз ешбір жағдайда одан оқшаулана алмайтын осындай сыртқы саяси жағдайда президент Тоқаевқа «Жаңа Қазақстанды» құру оңайға түсе қоймайды. Жеті жыл бойы оның алдында тұратын басты міндет – халықаралық саясатта әрекет етіп жатқан түрлі күш орталықтары арасындағы соңғы кезде күрт күшейген текетірестің қоғамымызға кері әсерін тигізуге жол бермеу. Сондықтан Тоқаевтан ішкі саяси тұрақтылықты сақтауға және қазақ қоғамын топтастыруға бағытталған шешімдерді қабылдауын күтуге болады. Бұл ретте мемлекетіміздің көп ұлтты екенін, әлеуметтік бөлінудің ең ықтимал сызығы этникалық топтардың шекарасынан өтуі ықтимал екенін түсіну қажет. Тиісінше, бұл жерде ұлтаралық қарым-қатынастың тиісті деңгейін қамтамасыз ету үшін «мұқият» жұмыс жасау қажет болады. Бұл, ең алдымен, экстремизмнің әртүрлі көріністеріне, республикамызды мекендейтін этнос өкілдеріне қандай да болмасын қысым көрсетуге жол бермеу қажет дегенді білдіреді. Бәлкім, біздің қоғамымызда мұндай келеңсіз құбылыстардың алдын алу үшін тиісті заңнаманы жетілдіру қажет боатын шығар.
Бір адамға немесе адамдар тобына олардың ұлттық, этникалық және тілдік белгілеріне байланысты психологиялық қысым жасағандығы үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесін қарастырған дұрыс болады деп ойлаймын. Сондай-ақ этносаралық қатынастар саласында мұндай мінез-құлықты насихаттайтын ақпараттық материалдардың таралуына жол бермеу мақсатында осыған ұқсас қатаң ережелерді қарастырған жөн.
Айман Жүсіпова, әлеуметтанушы, Eurasian Center for People Management жобаларының жетекшісі:
«Мемлекет тек өзіне ыңғайлы нәрсені естумен ғана шектелмеуі тиіс»
- Азаматтық қоғамды құру саласындағы президентке шешуге тура келетін міндеттердің барлығын қысқаша сипаттап шығу қиын. Бірақ егер көкжиегімізді тарылта отырып, бұл мәселеге нақты мысалдар арқылы келетің болсақ, менің ойымша, биылғы жылы жүргізілген зерттеудің нәтижесі индикативті болуы мүмкін, оның тақырыбы – Арал теңіз аймағы өңірінде тұрып жатқан халықты мемлекеттік қолдаудың тиімділігін зерттеу болып табылды. Белгілі болғандай, бұл аймақ тұрғындарының айтарлықтай бөлігі өздеріне тиесілі көмек аясында қандай нәрсе алуға болатыны туралы хабардар болмаған немесе хабардар болса да оны алмаған.
Сонымен қатар, сарапшылар (олардың пікірі зерттеушілерді де қызықтырған) азаматтарға өз құқықтарын талап етуге және оларды қорғауға мүмкіндік беретін байланыс арналарын қалай атай алады деген сұраққа, басым көпшілігінде оларға тиесілі жеңілдіктер мен өтемақыларды талап ете алады деген сұраққа мұндай арналар жоқ деп жауап берді. Сонымен қатар, әрбір үшінші адам мұндай арналардың бар екені жөнінде білмейтінін көрсетті. Яғни, сарапшылардың басым бөлігі немесе хабардар емес, немесе бүгінде өңірде азаматтар мен билік арасында байланыс арналары жоқ деп есептейді.
Мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы байланыс арналарына байланысты проблемалар туралы көп айтылды. Соған қарамастан, азаматтардың билік тиімділігіне деген талаптары артқан сайын геосаяси жағдай күрделене түсетіні және естуге ыңғайлы нәрселерді ғана емес, сонымен қатар кейбір өздеріне жағымсыз нәрселерді де еститін, сондай-ақ тиісті түрде жауап беретін «естуші мемлекеті» деген атышулы тұжырымдаманы жүзеге асырудың маңыздылығы айқын.
Ұлтаралық қатынастар саласындағы саясатқа келетін болсақ, онда менің ойымша, Қазақстанның ұстанған бағыты ең дұрысы, оны өмірдің өзі де дәлелдеп отыр. Егер жағдайға әсер ете алатын объективті факторлар жөнінде айтатын болсақ, бұл қазақтілді халық үлесінің өсуі және сәйкесінше қазақ тілінің қолданылу аясының кеңеюі. Мысал ретінде жуырда Алматыда өткен медиақұрылтайда айтылған деректі келтіруге болады. Анықталғандай, Telegram қазақстандық сегментінің аудиториясы жыл сайын 8-13 проценттік өсімді көрсетіп тұрады екен. Бұл айтарлықтай үлкен қарқындар.
Дегенмен, қазақтілді халық санының көбеюі, қазақ тілінің қолданылу аясының кеңеюі ел президентінің тіл саясатына қатысты шешімдер қабылдауына қандай да бір қысым жасайды деп, әсіресе оның бағытына қайшы келеді деп ойламаймын. Алайда, мойындау керек, мұндай жағдайда бізге қалай әрекет етуге тиіссіздер деген сөздерді, әсіресе тілді қолдану саласында үйретуді ұнататын көршілеріміздің тәлімгерлік үнін қазақстандықтар барған сайын ауыр қабылдайтын болады. Және бұл, әрине, қоғамдық көңіл-күйде көрініс тауып, билікке деген тиісті өтініш-тілектердің қалыптасуына ықпал ететіні сөзсіз.