Біздің Ресейге деген көзқарасымызды екі жақты деп атауға болады: бір жағынан, біз үлкен және ықпалды көршімізден оқшаулануға ұмтылып, оған азырақ тәуелді болуға тырысамыз, бірақ екінші жағынан, оның қолдауын жоғалтудан қорққандықтан, бұл үшін жеткіліксіз күш жұмсаймыз. Ал Кремльдің Қазақстанға және жалпы Орталық Азияның барлық мемлекеттеріне қатысты ұстанымы: «Шөптің үстіндегі ит сол шөпті өзі де жемейді, өзгелерге де бермейді» деген белгілі мақалға ұқсас. Яғни, Ресей қашықтықты сақтап, онша көп араласпайды, бірақ басқа ірі ойыншылардың аймақта үстемдік етпеулерін мұқият қадағалап отыр. Алайда, өте жақын арада жағдай түбегейлі өзгеруі мүмкін. Біздің «болашаққа бірлескен жолымыз» қандай болатынын жайлы өз ойымен Қазақстандық саясаттанушы және географ Марат Шибұтов бөлісті.
- Марат Мақсұмұлы, бүгінде Ресейдің Қазақстандағы мүдделері қандай? Ол біздің елімізге қатысты қандай саясат жүргізбекші?
- Біз Ресей Федерациясының Қазақстанға және Орталық Азия өңіріне әсері жөнінде айтқан кезде, оны орталықтандырылған және дербес шешім шығаратын біртұтас монолит ретінде елестетеміз. Бірақ бұл мүлдем олай емес. Шындығына келсек, мұнда әртүрлі көзқарастары мен мүдделеріне ие көптеген ойыншылардың күрделі комбинациясы бар. Мәселен, штаб-пәтерлері Мәскеуде орналасқанмен, өздері ТМД немесе ЕАЭО нарықтарына жетекшілік ететін ресейлік трансұлттық корпорацияларды алайық – олар өз қызметін Кремль арқылы жүзеге асыратыны және оның шешімдеріне елеулі ықпал етуге қабілетті екені анық. Мұны түсініп, ескеру керек.
Сондықтан, Ресейдің біздің аймақтағы келесі қадамдары қандай болатынын болжау үшін, барлық ірі қатысушылардың: қауіпсіздік күштерінің, экономикалық блоктың, шекараға жақын аймақтардың, ірі бизнестің және т.б. пікірлерін ескеру қажет. Мұнда, негізінен, бірыңғай және нақты позиция болуы мүмкін емес, өйткені, мен айтқанымдай, Ресей билігінің кез-келген шешімі әртүрлі мүдделердің күрделі қоспасы болып табылады. Бұл тек Ресей Федерациясына ғана емес, кез-келген мемлекетке қатысты нәрсе. Мысалы, Қазақстанның да нақты бір сыртқы саясаты жоқ – әдетте ол шешімдер қабылдаудың әртүрлі орталықтарымен келісіледі.
Бірақ атап өтетінім, Ресейдің сыртқы саясаты ол өзі қай жаққа қарай жылжуды таңдауының әсерінен (Еуропаға ма әлде Азияға ма) әрдайым түбегейлі өзгеріп отыратын. Оның үстіне, Ресей азиялық держава ретінде, дәлірек айтқанда, азиялық державалардың арасындағы ең батыстағысы ретінде өсіп, көтерілгенін түсіну керек. Ол өзінің үлкен қаржылық ресурстарын тек табиғи ресурстар мен ауылшаруашылық өнімдерін сатудан ғана емес, сонымен қатар Қытай, Иран, Үндістан, ОА тауарларын қайта сатудан да алған. Сонымен қатар, оның аумағының 77% Азиялық бөлігі құрайды, яғни ол оның еуропалық бөлігінен үш есе үлкен.
Осыған қарамастан, орыс элитасы, Ұлы Пётрдің билігі дәуірінен бастап, әрқашан Батысқа ұмтылатын және қазір де оны жалғастыруда. 1991 жылы Ресей, Украина және Беларусь бірігіп, азиялық көршілерінен құтылуға тырысқанын немесе осы жылдар ішінде Мәскеу біресе НАТО-мен, біресе ЕО-мен немесе оның жекелеген елдерімен қарым-қатынастарды орнатқысы келгенін еске түсіру жеткілікті.
Рудьярд Киплинг: «Әрбір орыс азиялық ретінде өте сүйкімді. Ол тек орыстарға шығыс халықтарының ең батыстағысы ретінде емес, керісінше, батыс халықтарының ең шығыстағысы ретінде қарауды талап еткен кезде ғана этникалық түсініспеушілікке айналады, онымен күресу оңай емес. Оның өзі келесі сәтте өз табиғатының қай жағы басым болатынын ешқашан білмейді».
Бұл жолдарда бүкіл англо-саксондық әлемнің Ресейге қатысты пікірі айтылған. Батыс одан үнемі экономикалық және саяси жағынан қорғалатыны кездейсоқ емес. Әлбетте, бәрі (әсіресе соңғы уақытта өте жылдам), оны осы «әлемнен» барынша қатты және өте алысқа ығыстырып тастауына келе жатыр, содан кейін ол оған енді қайтып оралуы екіталай.
- Ал оны қайда «ығыстырып тастайды» - Азияға деп болжау қажет шығар?
- Жақында мен 2001-2020 жылдар аралығында Ресейдің экспортына талдау жүргіздім: оның еуропалық бағытта біртіндеп қысқарып, сонымен қатар азиялық бағытта өсіп келе жатқаны айқын көрінеді. Сонымен қатар, жақында бұл үрдіс айтарлықтай қарқын алды... Айтпақшы, жақында Александр Лукашенконың Ryanair ұшағын Минскіге мәжбүрлеп қондырғаны (содан кейін бүкіл Еуропа одан мүлдем бет бұрды) бұл процесті тездетті…
Яғни, Ресейді батыстан «ығыстырып тастағанда», ол Азияға бет бұруға мәжбүр болады. Оның басқа ешбір амалы жоқ. Бірақ ресейлік элиталар мұны түсінбейінше, мұндай идеяларды концептуалды емес, маргиналдық деп есептейді және сәйкесінше оларға ерекше мән бермейді. Бірақ бекер! Олар уақытты босқа жоғалтпай, мұндай ауысуға дайындалғандары дұрыс болар еді.
Ал Ресей ақыр-соңында Батысқа апарар жолдың жабық екенін және болашақта Азия оның жауапкершік және ықпал ету аймағы болатынын түсінген кезде, біз өзіміздің бағытымызға қарай ұмтылған күшті серпіліс көретін боламыз. Сонымен қатар, Мәскеу аймаққа жаппай, өте табанды және, Өзбекстанның тәжірибесі көрсеткендей, өте жылдам кіретін болады. Шавкат Мирзиёевтің билікке келуімен бірнеше жылдың ішінде Ресей Федерациясы жоғары оқу орындарының 20 филиалын ұйымдастырғанын, орыс мектептері үшін мұғалімдерді даярлау жөніндегі жаңа бағдарламаны іске қосқанын, экспорттың өсуіне ықпал етуге үлгергенін және т. б. қараңыздаршы. Ол Қазақстанға қатысты да дәл осылай істеуі мүмкін, бірақ әзірге оны қаламайды...
- Ал Қазақстанның өзі оның қайта оралып келуіне дайын ба, сіз қалай ойлайсыз?
- Ашығын айтайықшы: біз Ресейдің сыртқы әлеммен өзара әрекеттесудегі делдал ретіндегі рөлінен сол қалпы құтыла алмадық. Қарапайым мысал. Қытай жаңалықтарын (айтпақшы, олар орыс және қазақ тілдерінде (Шыңжаңда) жарияланады) біз ресейлік БАҚ-тардан аламыз, тіпті фотосуреттерді де сол жерден «жүктейміз». Немесе шетелдік әдебиетті алатын болсақ – ҚР-да оны аударумен ешкім айналыспайды, тек жақында ғана бір жеке баспа Гарри Поттер туралы балалар кітаптарын қазақ тілінде шығара бастады, бірақ бұл теңіздегі бір тамшыдай.
30 жыл ішінде біз Ресейдің ықпалынан сол қалпы құтыла алмадық және ол үшін онша тырысқан емеспіз. Орталық Азия елдері, негізінен экономикалық тұрғыдан да, саяси немесе мәдени жағынан да дербестіктің мұндай деңгейіне қабілетсіз деген сезім пайда болады. Демек, біз мұндай бұрылысқа моральдық тұрғыдан дайынбыз. Істің басқа жағы – Ресейдің өзі де әзірге күмәндануда. Бірақ ерте ме, кеш пе, Батыс бұл ойды оның есіне еңгізеді, сондықтан ол Өзбекстанға қайта оралып, сол жерде айтарлықтай күшті позицияларды ұстанғандай, біздің аймаққа да қайтып келеді.
- Бұл жақын болашақта болама?
- Иә, бұл алдағы екі-үш жылда болады. Лукашенкоға рахмет…
- Лукашенкодан басқа тағы қандай факторлар бұл процесті тездетуі мүмкін?
- Әрине, бұл Ресейдің Еуропалық одаққа экспортының төмендеуі, Санкциялар қысымының артуы, саясаткерлер ұрпақтарының жас және қабылдау қабілеті азырақ шектелген, яғни жағдайды объективті бағалай алатын болып өзгеруі. Ал сонымен қатар Ресейдің Африкадағы өз әсерін күшейту мақсатымен жасалып жатқан жұмыстары қалай іске асырылатынына да назар аудару қажет...
- Бәлкім, мемлекет деңгейінде Ресейдің ықпалына көнуге дайындық бар шығар, бірақ қоғам жайлы не айтуға болады – ол мұны қалай қабылдайды?
- Біреудің қатысуының күрт артуы – әрқашан қиын процесс. Әсіресе, оны отандық бизнес ауыр қабылдайды, өйткені ол біздің нарықтарымызды бірінен соң бірін белсенді игере бастайтын ресейлік кәсіпкерлермен бәсекелесуге мәжбүр болады. Елімізде ресейлік жоғары оқу орындары мен мектептер ашылған кезде біздің білім беру жүйесінің өкілдері де қатты наразы болады. Жалпы алғанда, қазақстандық бизнестің көптеген субъектілері (олар тіпті жабылғанға дейін барады) зардап шегеді.
- Ал қоғамның ұлтшыл бөлігі жағынан қандай реакция күтуіміз керек? Осы фонда наразылықтың өсу ықтималдығы қандай?
- Әрине, наразылық болады, бірақ Ресейдің, Қытайдан айырмашылығы, Қазақстан мен оның азаматтарына қатты әсер ететін қуатты медиалық машинасы бар. Бұл оның біздің қоғамда болып жатқан процестерді әлдеқайда жақсы түсінетіндігін білдіреді. Мен тіпті ресейлік және біздің элиталардың тығыз байланысы туралы айтпаймын... Мұның бәрі наразылықты баяулатып отырады – егер ол орын алатын болса да, соншалықты қатал емес.
- Ақыр-соңында, Ресейдің аймаққа белсенді оралуын Қытай қалай қабылдайды?
- Бұл Қытайға тек қана пайда әкеледі, өйткені оның американдық үгіт-насихаттың қысымымен өз позициясын қаншалықты оңай босатынқырап жатқанын біз көріп отырмыз. Менің ойымша, ҚХР мұндай сценарийдің дамуына тіпті ықпал етеді. Бірақ бұл енді басқа сұхбаттың тақырыбы.