Қазақстанда ұзақ жылдар бойы мемлекет азаматтарға белгілі бір әлеуметтік кепілдіктер береді, ал олар саясатқа араласпайды деген дауыстап айтылмаған қоғамдық келісімшарт болған. Ал енді, шамасы, қарым-қатынастың форматы өзгереді: билік қоғамның саяси процестерге қатысуына мүмкіндік беруге дайын сияқты, бірақ бұл жағдайда ол да, қоғам, жауапкершіліктің өзіне тиесілі үлесін өз мойнына алуы қажет болады. Осыған байланысты келесі сұрақтар туындайды: қазіргі жағдайда жаңа қоғамдық келісімнің болуы қаншалықты шынайы және ол қандай болуы тиіс?
Маңдайшаларды ауыстыру ма әлде шынайы реформалар ма?
Гүлмира Ілеуова, «Стратегия» әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығының жетекшісі:
Біздің мемлекетті ұзақ жылдар бойы бір адам басқарып келді, тиісінше, қоғамдық келісімшарт аясындағы барлық өзара іс-қимыл, барлық саяси және экономикалық процестер Нұрсұлтан Назарбаевтың көмегімен, оның айналасында, оның арқасында және кейде тіпті оның өсиетіне қарсы (оның өзі мұны қалаған жағдайда) жасалатын. 2019 жылдың ақпан айында Астанада бес баланың қайғылы қазасынан кейін қазіргі мемлекет басшысы мен қоғам арасындағы контракт (немесе келісімшарт) аяқталды деген пікірді алғашқылардың бірі болып бөліскен шығармын.
Небары бір жарым айдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев ел президентінің міндетін атқарушы болды, кейін ол бұл қызметке сайлау қорытындысы бойынша келді. Бір адамның тұрақты билігіне үйреніп қалған қоғамның екінші билеушіге үйрену процесі басталды. Бұл ретте қоғамның жаңа мемлекет басшысын қалай қабылдағаны, өзінің қандай күтулерін онымен байланыстырғаны толығымен алдыңғы кезеңде қалыптасқан мәдениетке және стереотиптерге сәйкес болды.
Ал Тоқаев болса, сабақтастық туралы айтқанымен, қандай да өзіндік стилін табуға тырысты, сонымен бірге ол бұған дейін қоғамда болған президент пен президенттік туралы идеяларды, ал тиісінше, мемлекеттің өзі, мемлекеттік аппарат, халықтың көпшілігінің қабылдауындағы билік қандай болуы екендігін қорытындылады.
Қандай да бір күрделі үдерістер жүріп жатқан сияқты еді, тепе-теңдікті іздестіру, икемдену, осы жаңа қоғамдық келісімнің іргетасын қалыптастыру. Бірақ аяқ астынан қаңтар оқиғасы болып қалды. Біздің саяси тарихымыз екі кезеңге – 2022 жылдың басындағы трагедияға дейінгіге және одан кейінгіге бөлінді деген сезім пайда болды. Соған қарамастан, біз қазір мүдделердің осы тепе-теңдігін табуға тырысаып жатқан кезеңдеміз, онсыз принциптерді қалыптастыру, сіз өз сұрағыңыздың аясында айтып отырған нәрсенің негізін қалау мүмкін емес.
Ең бастысы – бұл тіпті экономикалық жағдайлар емес (алайда олар да өзгеріп жатыр, әсіресе бүгінде, украин-ресей әскери қақтығысы жағдайында), ең бастысы саяси жағдайлар. Бірақ олардың қаншалықты өзгергенін және олар жалпы алғанда өзгергедіме – біз әзірге онша түсініп отырған жоқпыз. Сондықтан жаңа әлеуметтік келісімшарттың қаншалықты ықтимал екендігін айту қазір өте қиын. Менің ойымша, мүдделерді қалыптастыру процесі, қоғам үшін қандай да бір тепе-теңдікті іздестіру және тұрақтандыру нүктелерін іздестіру процесі жалғасып жатыр.
Менің көзқарасым бойынша, оған белгілі бір уақыт кетеді. Жоғарыда айтқанымдай, 2019 жылдан бастап байланыс нүктелері, егер осылай айтуға болса, іздестіріліп келді. Әлеуметтанулық байқаулар көрсеткендей, жастар мен әйелдер топтарында оның алдындағы президентпен салыстырғанда Тоқаевтың президенттік стиліне қатысты оң көзқарас басым болды. Осы себепті, ол мүлдем басқа жолмен басқарылатындықтан, бұқаралық санада басқа президент ретінде қабылданады.
Бүгінде бір жағынан түңілгендердің саны көп, ал екінші жағынан, керісінше, оған жаңаша баға беріп, Тоқаевты мемлекет басшысы ретінде қолдайтындардың қатары өсіп келеді. Ал бұл сәт электоралдық мағынада өте маңызды. Жаңа әлеуметтік келісімшарт құруға негіз болатын байланыс нүктелерін іздестіру үдерісіне қаңтар оқиғасы жаңа реңк бергені түсінікті. Осы орайда 2024 жылы өтуі тиіс келесі президенттік сайлаудың маңызы зор деп есептеймін. Өйткені, салыстырмалы түрде айтқанда, сол сайлауда бұл келісімге «қол қойылатын болады». Сол сайлауға келетін адамдардың (яғни, Тоқаевтың кандидатурасын нақты қолдайтындардың) саны оған символдық түрде қол қоюға дайын болатындардың өлшеміне айналады.
Осы сәттердің барлығының түбегейлі маңыздылығы бар. Олар сайлауға дейін қалған уақытта билік айтып, белгілеп, іске асыратын нәрселердің негізінде құрылады. Сонда ғана, меніңше, Тоқаевтың келесі президенттік мерзімінің іргетасын қалайтын жаңа қоғамдық келісімшарт туралы айтуға болады. Саяси партиялар туралы, сайлау туралы, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіру туралы заңдарға өзгертулер мен толықтырулар енгізу – осы және басқа да маңызды тұстары айқындалғанымен, қисынды қорытындыға әкелінген жоқ. Контурлар сызылып қойған сияқты, бірақ нақты мазмұнға келетін болсақ, барлығы онша бірмәнді емес.
Қорытындылай келе, қазір елімізде жаңа саяси және экономикалық жағдайлардың қалыптасу процесі жүріп жатыр деп айтуымызға болады. Бірақ бұл ретте айналамызда болып жатқан нәрселерді ескеру де маңызды. Қазақстанға қатысты санкциялар қолданылады ма? Олай болса, біз қаншалықты және қандай нәрселерге дайын болуымыз керек? Қазіргі үкімет (Тоқаев тағайындаған), егер бізге санкциялар түссе, лайықты жауап қайтара ала ма? Жарияланған саяси реформа қаншалықты терең болмақ? Біздің мемлекет шын мәнінде әлеуметтік бола ма? Азаматтардың басым бөлігінің мүддесі ескеріле ме, әлде Қазақстан тек маңдайшаларды өзгертіп, олигархиялық үлгідегі мемлекет болып қала ма?
Келесі бір-екі жыл бұл тұрғыда шешуші болуы тиіс.
Президенттің жалғыздығы және оның қарсыластарының амбициясы
Петр Своик, қоғам қайраткері:
Бұрынғы қоғамдық келісімшарт, әрине, ескірді, бірақ жаңасы, тіпті оны қазір жасау мүмкін болса да, тек уақытаралық, ситуациялық болады. Ол жетілдірілген түріне келуі үшін қазіргі жаһандық гибридтік соғыстың нәтижесін күту керек. Мәселе Украинадағы әскери қақтығыс дүниежүзілік тарихтың жаңа кезеңін бастағанында. Осы кезең Қазақстанды да толығымен қамтып жатыр. Оның шеңберінде еуразиялық интеграцияны тереңдету және Қазақстан Республикасының қазіргі мемлекеттілігі осы уақытқа дейін сүйеніп келген көп нәрсені жою – негізгі үрдіс болады. Ақыр соңында, «қайта құрылатын» Украинадан кейін Қазақстанды да сондай «қайта құрылу» күтіп тұр. Ол Украинадағыдай драмалық және қайғылы әсерлерсіз, жұмсақ түрде және әлдеқайда кейінірек болады деп үміттенейік. Бірақ, қалай да болмасын, бұл да бізді күтіп тұр.
Бүгінгі таңда саяси тұрақтылықтың басты мәселесі болып табылатын нәрсе – қазақстандық саясаткерлердің (билік түрінде де, интернеттегі белсенді қоғамның түрінде де) Қазақстанның болашағын нақты айқындайтын тенденцияларға қарсы тұруы. Әзірге отандық саясаткерлер этникалық патриотизм мен либерализм позициясын ұстанып келеді, ал мұның бәрі өткенге кетіп барады. Үкімет пен қоғам үшін мәселе болып табылатын тағы бір нәрсе – шын мәнінде жаңадан келе жатқан болашақты қандай болатынын тек президент Тоқаев көріп отырғаны. Ол үшін оны ұлттық-популистік және либералдық қоғам «бейбіт шерушілерді» атып өлтіруге кескені үшін деген сылтаумен, ал шын мәнінде – ҰҚШҰ (ОДКБ) бейбітшілік корпусын тарту арқылы және атом электр стансасын салу туралы шешім қабылдау арқылы, мемлекет басшысы өзінің қай жағында екенін анық көрсеткені үшін белсенді түрде «кеміріп» жатыр. Ал қазақстандық саясаткерлер толығымен дерлік майданның басқа жағында.
Кез келген әлеуметтік келісімшарт алдымен билік тарапынан, оның өзінде де жанама түрде, бастама болатындықтан, қазіргі уақытта президент Тоқаевтың кезек күттірмейтін міндеті – жаңа келісімшарттың негізгі қағидаларын нақты тұжырымдау қажеттілігі болып табылады. Билік ұстанымдарды жариялайтын болады, ал қоғам олармен келіседі немесе, керісінше, келіспейді. Бірінші кездері көбінесе келіспеушіліктер болуы ықтимал, - бұл бүгінгі күннің басты мәселелерінің бірі, өйткені мемлекет басшысы шын мәнінде жалғыз. Тіпті өз үкіметіне қатысты жалғыз және, шамасы, парламентке қатысты да жалғыз болып отыр.
Қазір президент саясаткерлердің партиялар санын көбейту жайлы, кедергілерді азайту жайлы, бір мандатты округтер бойынша сайлауды қосу жөніндегі тілегін орындауға мәжбүр болады. Оның бұл салалардағы қысымға төтеп беруі екіталай, сондықтан ол бұл мағынада бірдеңе ұсынуға мәжбүр болады, бірақ онша көп емес деп үміттенейік.
Неліктен дейсіздер ме? Өйткені қазіргі күрделі кезеңде билік президенттің төңірегінде шоғырлануы тиіс. Ал егер, парламентке жаңа саяси күштерді кіргізсе, олардың барлығы дерлік сол бір ұлттық-популистік және либералдық өрісте бірін-бірі шынтақтап, итермелей бастайды. Екінші, интеграциялық жақта, ресейшіл бағытты ұстанатын жағында, Қазақстанда ешкім жоқ деуге болады. Ресми билікте және мемлекеттік саясатта жоқ дегенім, алайда қоғамның үнсіз қалуды таңдайтын бөлігі (ұлттық-популистер мен либералдар оларды «бесінші колонна» деп қорқатындардың барлығы) қазақстандықтардың кем дегенде жартысын құраса керек. Алайда, Украинадағы оқиғалар мен санкциялық соғыстан кейін дәл сол интеграциялық үрдіс шешуші рөл атқаратын болады. Сондықтан парламентке этно-патриоттық және либералдық күштерді қосу жағдайды тек шиеленістіреді, өйткені бұл дискурс сындарлы ештеңені алға тарта алмайды. Қарастырылып жатқан дискурс аясында, егер ЕАЭО-дан және ҰҚШҰ-дан шығу туралы үндеулерді есептемегенде, бұл тұрғыда экономиканы қалай жақсартуға болады, әлеуметтік жағдайды қалай жақсартуға болады, елдегі саяси жағдайды қалай тұрақтандыруға болады деген ешқандай конструктивті ұсыныстар жоқ.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, билікке екі кеңес беруге болады. Бірінші кеңес – парламентті демократияландырумен аса көп айналыспау. Бұл бағытта қанша дегенмен, аздап бәсеңдеген жөн, ал барлық күш-жігерді облыс деңгейіне жұмылдырған абзал. Әрине, жаңа әлеуметтік келісімшарт халық пен билік арасындағы тығыз байланыста, бірақ аймақтарда құрылуы керек екендікі сөзсіз.
Мен үш байланыс нүктесін атап өтемін, олар әзірге жоқ, бірақ оларды құру қажет. Біріншісі – бұл қалалық тұрғын үй қорын басқару: атышулы KСК (пәтер иелерінің кооперативі) және қиындыққа ұшырап жатқан OСИ (мүлік иелерінің бірлестігі) құру науқаны. Мәселенің түп-төркіні биліктің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жайлы «міз бақпауында», ал бұл жерде үш деңгейлі жүйе қажет: төмен жағында – әрбір көпқабатты үйде құрылған ОСИ, ортасында – әкімдіктер МЖӘ қағидаттары бойынша құрған басқарушы компаниялар, ал жоғарғы жағында – әлеуметтік тапсырысты қалыптастыратын және әрбір көпқабатты үйде ОСИ құру міндетінен бастап, басқарушы компанияларға міндеттер қоятын сол әкімдік.
Екінші бағыт – бұл барлық маңызды бағыттарға: білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру бағыттарына бюджет қаражатын бөлінуіне және, әрине, мемлекеттік тарифтік саясатқа қоғамдық бақылау. Бұл процесті тұрақты және ақылы негізде қоғамдық ұйымдар өз қорытындылары мен ұсынымдарын бере отырып, осындай іс-шараларды бақылайтындай етіп мемлекеттік тапсырысқа енгізу қажет. Осындай қорытындылар мен ұсынымдарсыз тариф белгілеу процесін, білім беру және денсаулық сақтау саласының, зейнетақы жүйесінің бюджеттерін айқындау және аз қамтылған азаматтарды қолдау процестері қағидат бойынша жүзеге асырылмайтындай етіп жасау қажет.
Үшінші және ең басты бағыт – жергілікті өзін-өзі басқару. Ақыр соңында, Конституцияны орындау қажет, мемлекеттік жергілікті басқару жүйесін бөліп көрсету қажет – ол мәслихаттар мен әкімдерді (облыс пен аудан деңгейі), және жергілікті өзін-өзі басқарудың өкілеттіктерін және жауапкершілігін – ол қалалар, кенттер, селолар мен ауылдар, және ауылдық округтер. Сондай-ақ ірі қалаларда мемлекеттік басқару жүйесі де болуы қажет – мысалы, білім беру, денсаулық сақтау, зейнетақымен қамтамасыз ету, халық сайлайтын жергілікті өзін-өзі басқару органдары – қалалық кеңес және қалалық атқару комитеті, олар мемлекеттік деңгейге қатысы жоқ барлық мәселелерге жауапты болады.
Дәл сол қалалық және ауылдық жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайлаулар шын мәнінде бәсекеге қабілетті, әділ болуы үшін және дәл осындай сайлаулар Интернетте әзірге ешбір пайдасыз қайнап жатқан қоғамдық әлеуетті тарту үшін осы сайлауларға аса көңіл болған жөн.
Қалай болғанда да, қазір жоғарыдан не ұсынылса да, бұл осындай екі аралық әлеуметтік келісімшарт болады, өйткені Қазақстан үшін алдағы бірнеше айлар мен жылдар ішінде тұтанып жатқан гибридті соғыстан аман-есен қалу өте маңызды. Ал содан кейін ғана (осы гибридті соғыстың нәтижелерінің ашылуы барысында) конституциялық реформаға және қазіргі этноұлттық және либералды Қазақстанды әлеуметтік және жалпы азаматтық ұстанымдарға бағдарларды «қайта құрылуына» дейінгі барлық салдарымен Еуразиялық одаққа неғұрлым тығыз интеграциялану керек. Осының барлығына келесі президенттік сайлауға дайындалуға Алла уақыт берсін. Ол бұрынырақ іске асырылмайды, оның үстіне мұндай реформалармен асығудың қажеті жоқ.