Көптеген сарапшылардың пікірі бойынша, Қасым-Жомарт Тоқаевтың екінші президенттік мерзімі Қазақстан үшін шешуші болады, өйткені алдағы жылдарда қабылданған шешімдер шын мәнінде ел тағдыры үшін өте маңызды және шешуші болады. Бұл жайт әсіресе экономикалық салаға қатысты. Бірақ оны күрделі де сапалы өзгерістер күтіп тұр деуге негіз бар ма, мемлекет басшысы және оның командасы Қазақстанды шын мәнінде тұрақты даму жолына шығара ала ма? Осы және өзге де сауалдарды біз Esperio компаниясының сарапшысы Нұрбек ЫСҚАҚОВҚА жолдадық.
Реформалар ма, әлде тоқырау ма?
- Сіздің көзқарасыңыз бойынша, Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің екінші президенттік мерзімінде экономикалық саясатта қандай бағытты ұстанатын болады? Ол қандай негізгі тіректерде салынуы мүмкін?
- Алдымен атап өткім келетіні, біз өмір сүріп жатқан шындық тұрғысынан қарағанда, Қазақстанның таңдауы онша көп емес: нарықтық экономика аясында барлық елдердің экономикалық күрделіліктің жоғары деңгейіне біртіндеп көшуге бағытталған күреске байланыстырылған бір ғана жолы бар.
Қазіргі ағымдағы уақытта Қазақстан әлі де экономикалық дамудың бастапқы, яғни өсуі арзан ресурстарға негізделген сатысында тұр. Бұл қаншалықты қорлаушылық сияқты естілсе де, әңгіме бізде өндіріліп жатқан шикізат жөнінде ғана емес, сонымен қатар сапалы білім алуға және мемлекеттік құрылымдардан немесе мемлекетпен байланысты ірі бизнестен тыс әл-ауқатын жақсартуға қол жетімсіздігінен кәсіби өсу мүмкіндігінен айырылған ел азаматтарының жалақысының төмендігі жөнінде болып отыр.
- Бұл қорлаушылық сияқты емес, бұл біртүрлі үмітсіз болып естіледі...
- Жоғарыда айтылғандардың барлығы тек Қазақстанға ғана тән ерекше дерт деп ойлаудың қажеті жоқ. Бүгінгі таңда өздерінің қуатты өңдеу өнеркәсібімен мақтана алатын елдер, мысалы Қытай, Мексика, Түркия сияқты елдер немесе өздерінің жоғары технологиялық секторымен мақтана алатын елдер, мысалы Жапония, АҚШ, Оңтүстік Корея, ЕО елдері және тағы да Қытай, немесе капиталының байлығымен – сол капиталдың көмегімен ең жақсы «ақылдар», ең перспективалы технологиялар және болашақ корпоративтік алпауыттар сатып алынып жатыр (сол баяғы АҚШ) – сол елдердің барлығы қазіргі Қазақстандағыдай бастапқы деңгейден бастаған болатын.
Демек, Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылдан бері дәйекті түрде айтып келе жатқан болашақ бейнесі қазақстандықтардың өмірін жақсарту үшін ел қай бағытта қозғалу тиіс екендігі туралы ойлары – оның жеке көруі емес. Бұл объективті экономикалық заңдармен белгіленген әрекеттердің ең минимлды жиынтығы болып табылады. Олар Қазақстанның экономикалық, заңнамалық, басқарушылық және әлеуметтік жағдайлары келесі 8-12 жыл ішінде Қазақстан міндетті түрде жетуі тиіс дамудың келесі кезеңінде ел алдында тұрған міндеттерге неғұрлым тығыз сәйкес келе бастауын қамтамасыз етуге бағытталған.
- Бұл коммунистік бесжылдық жоспарларын, олардың Американы қуып жету және басып озу әрекеттеріне ұқсайды.
- Неліктен осындай тайминг дейсіздер ме? Және не себептен ресурстарға негізделген экономикаға арқа сүйеуді жалғастыра беруге болмайды? Жауап өте қарапайым – өйткені осындай экономикалық модельдің тиімділігі жылдан жылға төмендеп барады. Егер біз 2000 жылдан бері Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің өсу қарқынына көз жүгіртетін болсақ, онда бір ортақ тенденцияны байқаймыз – экономиканың даму қарқыны тез төмендеп келеді.
Егер 2000-2007 жылдары еліміздің жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) жыл сайын 8-10 процентке өсіп келген болса, 2008-2014 жылдары өсу қарқыны 5-7 процентке дейін төмендеді, ал 2015 жылдан бері орташа жылдық өсім тіпті 3-4 процентке дейін төмендеп қалды. Яғни, барлық осы уақыт бойы Қазақстан экономикасының өсуінің негізгі драйвері болып келген экспорттық-шикізат секторы іс жүзінде өз мүмкіндіктерін сарқып үлгерді. Ал егер жаңа драйверлер табылмайтын болса, онда алдағы 8-12 жылда ЖІӨ өсу қарқыны жылына 1-2 процентке дейін немесе одан да төмен түсіп кетеді, бұл шын мәнінде жай ғана экономикалық тоқырауды емес, деградацияны білдіретін болады. Сондықтан президент Тоқаевтың «елге реформалар керек, әйтпесе –тоқырау» деген сөздерінің түбегейлі экономикалық негіздемеге ие. Бірақ оның шығарған «реформалар немесе тоқырау» деп айқындаған формуласына «...тоқырау және үлкен әлеуметтік сілкіністер» деген сөздерді қосуға болады. Тек осылайша ғана Тоқаевтың жоспарының жүзеге сәтті асуына олардың өмірі және тағдыры тікелей байланысты екенін азаматтарға жеткізудің бірден-бір жолы.
Келешекте болатын нәрседен қолда бар нәрсе жақсы
- Қазақстанға қай бағытта қозғалуы қажет, жаңа тірек нүктелерін қайдан іздеу керек?
- Егер сіз отандық экономиканың өсуі үшін қажет болатын жаңа өсіру драйверлері жөнінде айтып отырсаңыз, бұл сұрақтың жауабы, бақытымызға орай, бар. Елдің экономикалық эволюциясының екінші кезеңі – өңдеуші өнеркәсіптің дамуы болып табылады. Бұл жерде, әрине, жоғары технологияларды немесе әлемдік қаржы және сауда орталығына айналған Сингапурдың немесе Гонконгтың жолын қайталауды армандауға болады. Алайда, дұрыс жолдан алшақтататын әдемі ғажайып елестерге құштарласудың қажеті бар ма?
Шындық мынада: Қазақстанға ешкім жоғары технологиялық индустрияны сыйлыққа бермейді, біріншіден, біздің еліміздің күрделі геосаяси орналасуына байланысты, екіншіден, бүгінгі таңда кез келген мемлекет – техникалық нарықтың қомақты үлесің алу үшін әскери-саяси әрекеттерге дайын. Алысқа барудың қажеті жоқ, жай ғана Қытай мен АҚШ арасындағы әлемдегі ең ірі жартылай өткізгіш өндіруші Тайвань үшін болып жатқан шайқасқа қарасаңыз жеткілікті.
- Бәлкім, біз мақтан тұтып отырған «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) бізге жаңа дүниенің терезесіне айналатын шығар...
- Егер қаржы орталығының концепциясына келетін болсақ... Шағын ғана аймақтық хаб ретінде оның өмір сүретін құқығы бар екені және бұл бағыттағы қозғалыс күш салуға тұрарлық екені сөзсіз. Бірақ мұндай қаржылық хаб Қазақстанның бүкіл экономикасы үшін тұрақты өсудің драйвері бола алмайды. Оның үстіне, тіпті шағын аймақтық қаржылық хаб мәртебесін алу үшін ол арқылы қаржы ағындарын бағыттайтын ірі экономикалардың консенсусы қажет, бірақ мұндай консенсус әзірге жоқ, өйткені АҚШ пен Қытай арасындағы текетірестің қазіргі кезеңі аяқталғаннан кейін әлемде ықпал ету аймақтары қалай өзгеретінін әзірге ешкім түсініп отырған жоқ.
- Ал сонда құрғақ қалдықта не қалатын болады?
- Не десек те, Қазақстанда келешектің бір ғана формуласы бар – немесе өңдеу өнеркәсібінің қарқынды дамуы, немесе тоқырау және үлкен әлеуметтік сілкіністер. Ал егер президент Тоқаевтың ауқымды реформалары жүзеге асырылатын болса, онда ел экономикасы осы бағытта ілгерілей бастайды.
Ел көшбасшысы биліктің барлық деңгейінде жүзеге асырып жатқан мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру және демократияландыру не үшін қажет? Бұл өңдеу өнеркәсібіндегі көптеген кәсіпорындардың парламенттегі, әкімдіктердегі және бәсекелестік күшейетін басқа да мемлекеттік органдардағы өкілдері арқылы жұмыс тиімділігін арттыруға бағытталған бастамаларын жүзеге асырулары үшін қажет.
Салалар бойынша салық ставкаларын саралау мақсатын көздеген салық реформасы не үшін қажет дейсіздер ме? Ол өңдеуші кәсіпорындар белсенді технологиялық жаңғырту және ғылыми даму үшін фискалдық ынталандырулар алуы үшін керек. Еңбек өнімділігін арттыруға, тиімділікті өсіруге ұмтылу – бұл осы саланың басты ерекшелігі. Нақты сондықтан өңдеу өнеркәсібін дамытуға арқа сүйеген ел барынша ашық болуы тиіс. Әйтпесе, жоғары тиімділікке қол жеткізілмейді.
Яғни, экономиканы түбегейлі аппақ етіп жасау қажет. Ол үшін Тоқаев тіпті арнайы Экономикалық қылмысқа қарсы күрес агенттігін құрды, сонымен қатар ол көлеңкелі экономиканың үлесін 15 процентке дейін қысқарту қажт деген ауқымды мақсат қойды. Болашақта барынша цифрландыруға, оның ішінде цифрлық теңгені жылдам іске қосу арқылы да цифрландыруға үміт артқым келеді. Бұл экономиканың ашықтығын және тиімділігін арттыруға өзінің үлкен септігін тигізер еді.
Істің шын мәнінде, жарияланған және қазірдің өзінде жүргізіліп жатқан реформалардың тізімін ұзақ уақыт бойы жалғастыра беруге болады. Алайда, жоғарыда айтылған реформаларға (мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру, салық реформасы, экономиканың ашықтығын арттыру) қосымша кәсіптік-техникалық білімге тоқталып кеткім келер еді. Өндіріс саласы үшін ең маңызды ресурс – кадрлар, яғни адам ресурстары. Сондықтан мұнда мамандарды дайындаудың түбегейлі өзгеше механизмі өте қолайлы болар еді. Жас адамдар мектепті бітіргеннен кейін бірден колледждерге «түспей», кәсіпорындарға «түсу» мүмкіндігіне ие болуы тиіс. Ол жерде оларды бастапқы лауазымдарға орналастырып, жас қызметкердің жалақысының 70 процентіне дейін төлеп, оған қоса жұмыс берушінің есебінен аптасына бірнеше күнге мамандандырылған білім беру курстарына жіберіп тұрады.
Қызмет бейініне қарай оқу мерзімі 4-5 жылды құрайтын болады, бұл жайт білімі жоқ болғандықтан өз мамандығы бойынша практикалық дағдылар және орташа деңгейіне сәйкес келмейтін түлекті емес (бұл көптеген қазақстандықтарды қорқытады), ал 22-23 жасына таман сала бойынша орташа жалақысы бар толыққанды маман алуға мүмкіндік береді.
Мұндай жүйені жолға қойса, шамамен 4-5 жылдың ішінде экономиканың өңдеуші саласына өте үлкен сұранысқа ие жас кадрларды тартудың барынша тиімді тетігін жасауға болады. Көптеген табысты елдерде өзінің тиімділігін дәлелдеп үлгерген білім берудегі мұндай көзқарасты Қазақстан да қолданысқа қабылдайды деп үміт артқым келер еді.