Өзінің саяси трансформация жоспарын таяудағы сайлаудағы жеңісімен бекітіп, қазақстандықтардың көпшілігінің қолдауын алған Қасым-Жомарт Тоқаев елдің саяси тарихындағы жаңа парақты ашып жатыр. Өзі белгілеп кеткен бастамаларды толық жүзеге асыру оның қолынн келе ме екен? Бұған жеті жылдық президенттік мерзім жеткілікті болама? Мемлекет басшысы ретінде оның тарапынан осы бағытта тағы қандай маңызды қадамдарды күтуге болады? Осы жайлы біз бүгінгі сұхбатымызда саясаттанушы Бұрыхан НҰРМҰХАМЕДОВПЕН әңгімелесеміз.
Озық мемлекеттіліктің инерциясы және идеологиясы туралы
- Сіз Қасым-Жомарт Тоқаевтан ең жақын арадағы жеті жыл ішінде саяси модернизацияға қатысты қандай қадамдарды күтіп отырыі?
- Әңгімені қазірдің өзінде көптеген маңызды қадамдар жасалып қойылғанынан бастайық. Мен ол қадамдарды екі блокқа бөлер едім. Еліміздің басшылығы президенттің атынан билікті халыққа жақындату мақсатында «еститін мемлекет» деп аталатын мемлекетті құруға бағытталған бірқатар іс-шараларды жүзеге асырғаны, сонымен қатар әкімдер мен тұрғындардың арасындағы кездесулердің санын арттыруға бағытталған шараларды әзірлегені бірінші блокқа кіреді. Мұның барлығы төменнен келетін мәселелерді шұғыл шешу алгоритмін орнатуға мүмкіндік берді.
Мемлекет басшысының наурыз бен қыркүйек айларындағы жолдаулары және референдум екінші блокқа кіреді. Оқиғалардың осындай тізбегі заңнамалық актілерге, соның ішінде Конституцияға және конституциялық заңдарға түзетулер енгізу түрінде рәсімделген саяси трансформацияның параметрлерін белгіледі. Бұл кезең тікелей президенттік сайлау өткізумен аяқталды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы жеті жылға мандат алуы тарихымыздың қаңтар оқиғасымен байланысты қайғылы парақшасын «жауып», сонымен қатар жаңа тарихи белесті ашып жатыр.
Басқарушылық элитаның, ең алдымен биліктің өкілетті тармағының жаңартылу кезеңі келесі қадам болуы тиіс. Бұл – сенат, мәжіліс, мәслихаттар. Парламенттің жоғарғы палатасына сайлау алдымызда болатын жылдың қаңтарына белгіленіп қойылған. 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында сонымен қатар мәжіліс пен мәслихаттарға да сайлау өткізіледі. Сайлау процестері аяқталғаннан кейін, логикалық тұрғыдан алғанда, атқарушы биліктің, ең алдымен, үкіметтің жаңаруы күтілетін болады.
Бұл ретте, үкімет құрамын жаңарту процесі, ең алдымен, оны қайта құрылымдаумен немесе қайта құрумен қатар жүретін болар. Әңгіме оның ақыр-соңында ықшам және кәсіби болуы тиіс екендігі жөнінде болып отыр. Тікелей президенттің өзі құратын және оған есеп беретін мемлекеттік органдар (президент әкімшілігі, әр түрлі ведомстволар, Жоғарғы есеп палатасы, ҰҚК, Қорғаныс министрлігі, Ұлттық банк) соңғы кадрлық шешімдерге қарағанда, осы кезеңге өтіп үлгерген.
Егер жоғарыда айтылғандардың барлығын қорытындылайтын болсақ, таяу болашақта ішкі саясат саласы дәл осы бағытта жаңғыртылатын сияқты. Заңнамаға енгізілген өзгерістерге қарайтын болсақ, билік тармақтарының қалыптасу сипатының өзі едәуір демократиялық сипатта болатын сияқты. Бұл даусыз плюс деуге болады. Саяси өрісті одан әрі ырықтандырудың контурлары дәл сол жаңа элитаға қосылғандарға байланысты болады. Бірақ барлық жүзеге асырылып жатқан және жоспарланған өзгерістердің мемлекет басшысының өзі еріксіз қойып отырған субъективті таңбасы бар екенін есте ұстаған жөн болады. Әзірге көп нәрсе оның жеке тұрғыдан белгілі бір процестерді қалайша қабылдап, сезінуіне байланысты болып отыр. Мәселе біздің қоғам түбегейлі қайта құру кезеңін әзірге өз басынан өткермегенінде. Президент өзінің жеке үлгісімен «мен сияқты ойла, мен сияқты істе, мен сияқты бол» деген жолдауын жіберіп, осы процестің қозғаушы күшіне айналуға тырысып жатыр. Бірақ қазіргі кезде қоғамда инерция күші үстемдік етіп отыр.
- Қоғамның бастамашылығын не нәрсе оятуға қабілетті?
- Менің ойымша, озық мемлекеттілік идеологиясын қалыптастыру – соңғы кезге тән клептократияға (оның тұсында билік сияқты құрал заңсыз баю үшін толық және жүйелі түрде қолданылған болатын) қарсы тепе-теңдік ретінде тығырықтан шығудың жолы бола алады. Президент бастаған реформаларды жүзеге асыруда нақты тірек болатын, еліміз қандай болуы тиіск, билік пен қоғам қандай болуы тиіс деген жан-жақты көзқарасты қалыптастыруға үлес қосатын мемлекет қайраткерлерінің өзегін қалыптастыруымыз қажет.
«Жаңа Қазақстан» құрылысшысының кодексы қажет
- Ал бұл қөзқарас қандай болуы тиіс?
- Жаңа идеологиядағы ең басты принцип – халықтың экономикалық жағынан қамтамасыз етілген топтары қазіргі кездегі әлеуметтік негіздегі алшақтықты халықтың өзге, әл-ауқаты төмен топтарымен теңестіруге мүдделі болатын ұлттық ынтымақтық принципі болуы тиіс. Менің ойымша, Forbes тізімінің өкілдері өздерінің тарихи миссиясының мәнін қайта қарастырып, экономикада және әлеуметтік мәселелерді шешуде шын мәнінде қандай рөл атқарулары тиіс екенін түсінулері тиіс. Менің ойымша, бұл тенденция алдағы жылдардағы басты бағыттардың біріне айналуы ықтимал. Сондықтан бізге «Жаңа Қазақстан» құрылысшысының белгілі бір кодексі қажет.
Ұлықтау рәсімінде президенттің сөйлеген сөзінде еңбек адамын бірінші орынға қою керек деген үндеу айтылды, бұл дәл сол ынтымақ бағытын таңдаудың дәлелі болып табылады деп ойлаймын. Басқаға сөзбен айтқанда, алдағы жеті жылдық кезеңге идеологияны қалыптастырудың параметрлері қазірдің өзінде белгіленіп жатыр. Бұған жеткілікті назар (әсіресе басқару элитасының өкілдері тарапынан) аударылу қажет. Менің ойымша, жаңа идеологияның туылу процесі ішінара азапты болады, бірақ жалпы алғанда ол тазарту әсерін береді.
- Сіз әкімшілік элита туралы сөз қозғай бастағандықтан, мемлекет қайраткерлері туралы сіздің алдында ғана айтқан тезисіңізге қайта оралғым келеді. Оларды қайдан алуға болады?
- Әңгімені бастапқы кезеңде билікке үш жүзге жуық мемлекет қайраткерлері (үш жүз спартандықтардың бір түрі) қажет болатынынан бастайық. Олар президенттік міндеттемелердің орындалуын жеделдетіп, мемлекеттік идеологияны өзгертуімен байланысты функцияларды өз мойындарына алса болар еді. Елімізді жаңа құндылықтарды ескере отырып өзгертуде, олар әділ экономика мен әділ қоғамға негізделген «Жаңа Қазақстанның» құрылысшылары ретінде әрекет ете алады. Оларды қайдан алуға болатынына келетін болсақ, бүгінгі күннің басты міндеті дәл осында болып тұр.
- Бірақ олар табиғатта, оның үстіне соншалықты мөлшерде, жалпы бар ма?
- Егер қазір әрекет етіп жатқан саяси элитаның санасында трансформация өтетін болса, егер ол бүгінгі үдерістердің маңыздылығын және олардың сөзсіз, міндетті түрде орын алатынын түсінетін болса, мұндай сұрақтар туындамайтын болады. Оның үстіне билікте мемлекет қайраткерлерінің қатарына қосуға болатындардың тобы қазірдің өзінде бар. Солардың қатарына мен, мысалы, Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиевті жатқызамын. Бұл топтағы адамдардың саны әзірге азырақ, бірақ ол бар. Ал егер ол, қайталап айтамын, жаңа идеологияны құруға ұйытқы ретінде әрекет ететін болса, онда ол позицияларды нығайту және шекараны кеңейту тұрғысынан пішімделеді. Бір немесе бір-жарым жылда мемлекет қайраткерлерінің өзегін қалыптастыруға болатынына сенімдімін.
Геосаяси турбуленттілік – ішкі трансформация үшін тәуекел ретінде
- Саяси либерализацияның жалғасуын күтудің қажеті барма?
- Мен либерализация туралы емес, әлі де сақталып келе жатқан өткеннің қалдықтарынан арылу үшін қоғамдық қатынастардың жаңа жүйесін құру туралы айтқанды жөн деп есептер едім. Бізге әлеуметтік, ұлттық және тілдік жағынан бөлінбейтін, теңдестірілген қоғам қалыптастыру қажет. Еліміздегі параллель дүниелерді біріктіру қажет.
- Алдағы жеті жылда президенттің белгіленіп қойылған жолмен жылжитынын болжай отырып, сіз одан саяси салада жаңа қадам күтіп отырған жоқсыз. Мен сізді дұрыс түсіндім бе?
- Мүлдем керісінше. Өмірдің өзі жеткілікті назар аударуды, тиісті шешімдерді және реформаларды қажет ететін жаңа түйінді тұстар мен «әлсіз жерлерді» көрсететін болады. Мұнда әңгіме тек ішкі саяси қиындықтар жөнінде ғана болып отырған жоқ. Геосаяси белгісізділік және турбуленттілік – ішкі трансформация үшін елеулі тәуекелдер мен қиындықтар болып табылады. Біз АҚШ және Қытай арасындағы қарым-қатынастардағы күрделі шиеленістерге, сауда және технологиялық соғыстарға, Украина төңірегіндегі жағдайдағы Батыс пен Ресейдің текетіресін көріп отырмыз. Біз ТМД аумағында орын алып жатқан ұйымдық құрылымдардың дағдарысын байқап отырмыз. Бұл – Ресейге қарсы санкциялар айтарлықтай маңызды рөл атқарып отырған ЕАЭО-дағы, мүше елдері тұрақты қақтығыс жағдайында тұрған ҰҚШҰ-дағы дағдарыс. Яғни, ел ішінде реформаларды ауыртпалықсыз және дәйекті түрде жүргізу үшін сыртқы фон онша қолайлы емес болып отыр. Сондықтан, сыртқы саяси тәуекелдер бізден саяси жаңғырту жөніндегі жоспарларымызға түзетулер енгізуді талап етуі ықтимал. Қандай түзетулер қажет болатынын айту қиын, бірақ бұл – уақыт көрсететін жағдай деп ойлаймын. Жалпы алғанда, Қасым-Жомарт Тоқаевтың екінші президенттік мерзімі ауқымды өзгерістер кезеңі болатынына сенімдімін.
- Ал ең болмағанда өзі бастамылық еткен реформаларды жүзеге асыру үшін оған жеті жыл жеткілікті болама?
- Ең бастысы – іске кірісу дегендей. Маңыздысы – процесті бастау және алғашқы үш-төрт жылда белгілі бір нәтижелерге қол жеткізу. Мұндағы мәселе келесіде. Әрине, біз ешқашан идеалды қоғам құра алмаймыз және бұл жерде біз өзімізде бар шындықтан шығуымыз қажет. Бірақ қалай болғанда да қоғам мен мемлекеттің арасындағы қарым-қатынастың жаңа форматы, өзін-өзі басқаруға және өзін-өзі қамтамасыз етуге ұмтылатын мемлекеттік құрылым, сөзсіз, шындыққа айналуы тиіс. Өзінің негізгі параметрлері бойынша бұл бағыт жеті жылдық мерзімде жүзеге асырылады деп ойлаймын. Шындығына келгенде, егер жаңа күтілмеген жағдайлар – әсер ету мүмкін емес бірақ трансформация процесіне елеулі түзетулер енгізе алатын факторлар пайда болып қалмаса. Мәселен, Екібастұздағы бүкіл жылу жүйесі бір сәтте опырылып қалады деп кім күтті? Ал мұндай күтпеген оқиғалар мен жағдайлар белгілі бір түрде ішкі саяси спектрде шешім қабылдауға әсер етеді.
Тұтастай алғанда, жүріп жатқан саяси үдерістерді терең түсіну, бәлкім, жоспарланған реформаларды формалды түрде өзгерту, еліміздің болашағының жаңа бейнесін жасау – орта мерзімді кезеңнің міндеттері деп есептеймін.