Қазақстандағы қазақ ұлтшылдары өздері соншама жек көретін Ресейлік орыс ұлтшылдары сияқты іс-әрекет жасайтындары жөнінде өз-өздеріне есеп береме екен деген? Ойға айнаның алдында тұрған адаммен аналогия келеді: ол әртүрлі қимылдар жасайды, ал айнадағы бейне тура соның істегенін қайталайды, тек оң жақ сол жаққа айналады, және керісінше. Ал олардың біріншілері де, екіншілері де өз елдерінің мемлекет құрушы этникалық топтарының өкілдері болғандықтан, сондай-ақ өздерін тіпті солардың мүдделерінің басты білдірушісіміз деп елестетіндіктен, олардың өзара ұқсастықтары одан сайын күшейе түседі.
Территориялық даулар
...Владимир Путиннің «орыс халқының сыйлықтары» жайлы айтылған сөздері (ол «сыйлықтарды» алған нақты елдерді атамағанына қарамастан, әртүрлі посткеңестік елдердің тұрғындары ВВП тікелей оларға «шабуыл жасады» деп шешті), сондай-ақ Қазақстанда әділ наразылық тудырған Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының бірқатар депутаттарының айтқан жағымсыз сөздері осы күнге дейін есімізде жақсы сақталды. Менің ойымша, Орта Азияны зерттеуге маманданған ресейлік тарихшы Сергей Абашин басқаларға қарағанда оларға ең жақсы жауап берді: «Оларға «байырғы ата-баба жерлері» деген ұғым жоқ екенін біреулір түсіндіріп берсе дұрыс болар еді. Барлық жерлерде бірін-бірі алмастырып, қоныс аударып немесе жаулап алып әр түрлі тайпалар мен халықтар өмір сүрген. Ол (Путин – авт. ескертпесі) «байырғы ата-баба жерлері» деп атап отырған барлық жерлерді де Мәскеу елі (Московия), содан кейін Ресей империясы бір кездері жаулап алып, отарлап, жергілікті тұрғындарды бағындырып немесе ассимиляциялап алған болатын». Басқаша айтқанда, қандай территориялар «тарихи тұрғыдан» кімге тиесілі екендігі жөнінде дау-дамайлар мағынасыз, өйткені егер біз 14 ғасырды алсақ, онда сурет бір түрлі болады, ал егер 17 ғасырды немесе 18-ші ғасырды алатын болсақ, онда сурет мүлдем басқа болады.
Бірақ біздің өз үйімізде өсіп-өнген ұлтшылдарымыз сылтау болса да, болмаса да, Ресей Федерациясының және басқа да көршілес елдердің қазіргі шекараларына кіретін кейбір жерлер «байырғы қазақ жерлері» деп «еске салып отыруды» жақсы көреді. Егер мұндай нәрселерге тек қарапайым тұрғындар, әлеуметтік желілердің тұрақты тұтынұщылары ғана қызығушылық танытса, жарайды – олардан қандай сұраныс болуы мүмкін? Алайда, мұндай лақтыруларды, жиі арандатушылық түрде, мәртебесі бойынша мұндай мәселелерде өте мұқият болуы тиіс адамдар да жасайды.
Мысалы, 2017 жылдың қыркүйегінде, Никонов, Федоров және басқалардың мәлімдемелерінен әлдеқайда бұрын, ресейлік Regnum, Lenta.ru, «Апостроф», сондай-ақ басқа да бірқатар интернет-басылымдары ҚР үкіметіне есеп беретін «Қазақпарат» ақпараттық агенттігінің мемлекеттік (!) сайтында жарияланған мақалалардың бірінде біртүрлі түсініксіксіз карта орналастырылған. Ол картаға Қазақстанның құрамына Омбы, Орынбор, Ташкент, Қарақалпақстан, тіпті Қытайдың батыс бөлігі де кіргізілген. Оның үстіне қалалар қазақ тілінде аталған: Орынбор, Омбы. Ал Орал және Петропавл сәйкесінше Жайықты және Қызылжар деп өзгертіліп аталған.
Мұндай картаның пайда болуын осы БАҚ-тардың қазақстандық ақпарат көздері кездейсоқ емес деп есептеді және оны сол жылдың сәуір айында, яғни бірнеше ай бұрын «Қазинформның» бас директоры, «ұлтшылдық бағыттағы жарияланымдарымен танымал» (дәйексөз) Асқар Омаровтың тағайындалуымен байланыстырды. Көтерілген шудан соң – шағын ғана шудан кейін деп айта кету керек – ол картаны сайттан алып тастады, бірақ оны басқалар көшіріп алуға үлгерді. Ал Омаров осы күнге дейін агенттікті басқаруды жалғастыруда. Жоғары органдар оған ең болағанда сөгіс жасады ма екен?
Немесе, мінеки, өткен жылдың маусым айында «Жас Алаш» басылымы өзінің сайтында ұлтшылдықты теріс көрмейтін НСОД мүшесі Азаматхан Әміртайдың өй-пікірлерін жариялады. Оның Ресей Федерациясына деген территориялық «даулары» одан да әрі таралады: «Тарихтан білетініміздей, көптеген қазақ жерлері патша кезінде, содан кейін большевиктер кезінде Ресейге кетті. Нақты айтатын болсақ, бұл Сарытау (Саратов), Түмен, Орынбор, Астрахань, Челябі (бұрынғы атауы Селебе), Омбы қаласы және оның айналасындағы кең территория».
Ия, бұл Путиннің «орыс халқының сыйлықтары» жайлы мәлімдемесіне жауап ретінде айтылды, бірақ ресейлік президенті Қазақстанды да, Ресей Федерациясы «дауға салатын» біздің нақты аумақтарымызды да атаған жоқ. Амиртайдың айтқан сөздерін әйгілі баснядағы төрт аяқты популист Моська мен піл туралы мораль арқылы түсінік беріп, ол әңгімені үмытуға да болар еді. Бірақ оның сөздері қазақ баспасөзінің орыс тіліндегі шолуларына еніп, содан кейін белгілі бір контексте және кейбір ресейлік БАҚ-тың гиперболаландырылған бағалауларымен (оқырмандарды тарту үшін олар бүгін ештеңеден жиіркенбейді) келтірілген. Мысалы, бір сайтта: «Пензаға жақын (Саратов облысы – авт. ескертпесі) өңір Қазақстанға өтіп кетуі мүмкін», – деген мақала атауы пайда болды.
Осыған ұқсас мысалдар айтарлықтай аз емес. Осылайша, біздің ұлтшыл патриоттарымыз көрші елде анти-казактық көңіл-күйді көтеруге белсенді түрде ықпал етіп жатыр. Ал ондай көңіл-күйлер, айтпақшы, Ресей Федерациясының аталған жерлерінде тұратын біздің жүз мың «қандастарымызға», яғни біздің руластарымызға қатысты жағымсыз әсер етуі мүмкін.
«Құрбандық сезімі» және ұлылыққа құштарлық
Қазақ ұлтшылдары мен орыс ұлтшылдарын біріктіретін тағы бір нәрсе – ол алыс өткен кезеңдегі біздің халықтарымыздың ұлылығын, олардың «ерекшелігін» және әлем тарихында олардың атқарған бірегей рөлін дәлелдейтін мысалдар іздеуге деген маникалды құмарлық. Әрине, мұның бәрі белсенді түрде мифтермен байытылған. Ал мұндай әрекеттер мемлекеттік деңгейде белсенді түрде ынталандырылады, жақсы қаржыландырылады.
Бірнеше жыл бұрын негізгі федералды арналардың бірі – «Первый канал» арнасында, үш жүз жылдан астам уақыт бойы (1613-1917) Ресейді басқарған әулет туралы баяндайтын «Романовтар» деп аталатын көп сериялы деректі фильмі көрсетілді. Дау жоқ, ол сапалы түсірілген, және көрермендердің көпшілігі одан жақсы әсер алды, «КиноПоиск» қызметіндегі өте жоғары балл – 10-нан 8,9 бұған куә. Бірақ оны қарап, таңданасың: үш ғасыр бойы барлық орыс патшалары прогрессивті реформалар жүргізген болса, соғыстарды жеңіп алса, өз халқын жақсы көрген болса, ал халық оларды жақсы көрген болса (олар өте сирек жағдайларды қоспағанда, сериалда дәл сондай болып көрсетілген) – онда неліктен әулет те, империя да 1917 жылы құлап түсті?
Ал қазақ ұлтшылары Алтын Орда дәуірін дәріптеуді жақсы көреді (біздің ата-бабаларымыз болашақ отарлаушыларымыздың ата-бабаларын қалай қорқытып ұстаған!), хандық билікті идеализациялап, оны демократиялық, әділ және халық бұқарасы оны толықтай қолдайтын деп мақтауды ұнатады. Соңғы кезде «байлар өздерінің туыстарына үнемі қамқорлық көрсеткен қайырымды адамдар» екендігі жөнінде, ал молдалар тек қана «ақылға қонымды, мейірімді, мәңгілік ұғымдарды таратумен айналысатын» деген жарияланымдар көбейіп келеді. Бірақ, осындай мінсіз қоғамдық құрылым болса қазақтар неліктен 20 ғасырдың басында өлім-жітім деңгейі өте жоғары және өмір сүру ұзақтығы өте төмен ең кедей және сауаты аз халықтардың біріне айналғаны түсініксіз.
Орыс және қазақ ұлтшылдары үшін ортақ болып табылатын тағы бір нәрсе – бұл «құрбандық сезімі», әсіресе бұл біздің тарихымыздың кеңестік кезеңіндегі бағалауларында айқын көрінеді. Біріншілері, КСРО кезінде орыс халқы мен Ресей басқаларға қарағанда көбірек зардап шеккеніне сенімді, олар бәрін басқа республикаларға таратып беріп, өздері нашар өмір сүрген деп сенімді. Ал олардың ең басты даулары 1917 жылғы төңкерісті те «ұйымдастырған», «қызыл террорды» да іске асырған, өмірдің барлық салаларын да басып алған еврейлерге бағытталған. Біздің ұлтшылдарымыздың нұсқасы бойынша, КСРО-да қазақ халқынан көп қысым көрген басқа ешкім болған жоқ және оны дәл сол «орыс билігі» қыспаққа алған: ол босатылған жерлерге орыстарды көшіріп әкелу үшін жасанды түрде ашаршылық ұйымдастырған, ол қазақ тілін де жойған, өз мүдделері үшін Аралды да «құрғатқан» (претензиялар тізімін ұзақ уақыт жалғастыруға болады). Егер Ресей империясы мен КСРО болмаса, онда қазақтар қазір тамаша өмір сүріп, Қазақстан Жапонияға ұқсас болатын еді деп біздің ұлттық патриоттарымыз толық сенімді.
Бұл адамдардың жаулары әрқашан дайын. Бүгінгі таңда орыс ұлтшылдарына: Ресейді құлдыққа алсақ екен, оның байлығын иемденсек екен, оларға өз құндылықтарымызды еңгізсек екен, шіркін, - деп армандап отырған Батыс және оларға қосылған КСРО мен социалистік лагерьдегі кейбір бұрынғы бауырластар осындай жау болып көрінеді. Мұндай фобиялардың толық тізімін негізгі федералды телеарналардағы қоғамдық-саяси ток-шоуларға қарап білуге болады. Қазақ ұлтшылдарында русофобияның үстіне синофобия да қосылды.
Ішкі «тітіркендіргіштер» де баршылық: Ресейде – кавказ ұлтының тұлғалары және Орталық Азия республикаларынан келген гастарбайтерлер, сондай-ақ либералдар, олардың арасында «Израиль ұлдары» көп. Қазақстанда –нарықтық жағдайларға жақсырақ бейімделген және қазақтардың негізгі массасынан гөрі табысты шағын халықтар: дүнгендер, армяндар және басқалар. Өзінің дәрменсіздігін өзге этнос өкілдерінің «пайдакөстігімен» және «арамдығымен» ақтау әдеті – бұл кез-келген ұлтшылдықтың тұғаннан пайда болған белгісі.
Соған қоса қазақ және орыс ұлтшыл-патриоттарын (барлығын емес, бірақ көпшілігін) көбінесе еуропалық немесе батыстық деп аталатын құндылықтарға төзбеушілік біріктіреді. Бұл, мысалы, 2019-2020 жылдары екі елде қатарынан өткен отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын-алуға қатысты заң жобаларын талқылау кезінде өте айқын көрінді. Осы адамдардың көпшілігі патриархалдық дәстүрлерді, рухани біріктірушілерді, «ұлттық код» және басқа да, көбінесе өмір жайлы архаикалық идеялары бар, тіпті обскурантизммен қатар жүретін ұқсас заттарды қоғамға жүктеуге тырысады. Ал адам құқықтарының басымдығы – жеке бостандыққа қол сұғуға және жеке кеңістікке қол сұғуға жол бермеу, «барлығы сияқты емес» адамдарға төзімділік, зайырлылық (атеизм), толеранттылық, мультимәдениеттілік, феминизм (шектен тыс шықпайтын) – бұл ұғымдардың бәрі оларға жат, дұшпандық нәрсе. Негізінде, олар артқа тартып, өткенге оралуға шақырады.
Сіздер осыны қажет етесіздерме?