Қазақстандағы көптеген әлеуметтік-экономикалық проблемалардың негізінде барлық осы жылдар бойы сапалық көрсеткіштерге емес, сандық көрсеткіштерге қол жеткізуді басымдылыққа қойған демографиялық саясат жатқанын мойындайтын кез келді. Ауылдардың азып-тозуы да, қалалардың аса толып кетуі де осының салдары, өйткені жақсырақ өмір іздеген ауыл тұрғындары, әсіресе жастар, қалаларға аттанып жатыр. Олардың қамтамасыз етілмегендігі қаңтардағы (соңында қиратуларға айналып кеткен) наразылықтардың себептерінің бірі болды. Болашақта осындай катаклизмдерді болдырмау үшін тез арада демографиялық саясаттағы басымдықтарды өзгерту қажет. Неліктен еліміздің барлық тұрғындары үшін жағымды әлеуметтік ортаны құру соншалықты маңызды екені жөнінде және оны қалай құруға болатындығы туралы біз қазақстандық демографтар – Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің «Алтайтану» ҒЗО директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Жанна Әубәкіровамен және осы орталықтың бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы Александр Алексеенкомен сұхбаттастық.
Кері әсер
- Сіздер қалай есептейсіздер, біздің жағдайда демографиялық өсім жақсы ма, әлде жаман ба? Бұл елдегі әлеуметтік-экономикалық мәселелердің одан сайын шиеленісуіне әкеліп соқтырмай ма?
- Қазақстанда демография әлі де ғылым ретінде қабылданбайды деп айтуға мәжбүрміз. Сондықтан еліміздің демографиялық дамуының бағалауларын және болжамдарын саясаттанушылар, мәдениеттанушылар, қоғам қайраткерлері және т.б., жасайтыны таңқаларлық емес. Олар бала туу көрсеткішін арттыру қажеттілігін және барлық жерлерде көп балалылардың болуы керектігі жөнінде айтып, бұл біздің дәстүріміз деп, біздің жеріміздің кең, ал шекаралас аймақтарда халық жетіспейді деп, т.б. негіздеп отыр. Олардың көзқарасы бойынша, демографиялық дамудың мақсаты априорлы түрде айқын болып табылады – ол халық санының өсуі, ал бұл көрсеткіш неғұрлым жоғары болса, соғұрлым жақсы. Зерттейтін онша ештеңе жоқ сияқты болып шықты...
Мұндай «сандық вектор» өткен ғасырдың 90-жылдарында маңыздылыққа ие болды, ол кезде Қазақстан халқы эмиграцияның, туу деңгейінің төмендеуінің және өлім-жітімнің артуының нәтижесінде айтарлықтай қысқарды. Бұл проблемалар 2000 жылы қабылданған Қазақстанның Демографиялық саясат тұжырымдамасында көрініс тапты, онда дәстүрлі репродуктивті ұстанымдарды күшейту және ұрпақты кеңейтілген түрде көбейту режиміне қол жеткізу арқылы жағдайды жақсарту әдісі ұсынылған болатын. Құжатта, атап айтқанда, бала туу көрсеткішін, көп балалы отбасыларды моральдық және материалдық ынталандыру шаралары қарастырылған, бұл ретте басты назар тиісті дәстүрлер сақталған ауыл тұрғындарына аударылды.
Бірақ жағдай біртіндеп өзгеріп кетті. Мемлекеттің маңызды басымдығы – әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарына кіру болды, ал оны жеделдетілген модернизациясыз, урбанизациясыз, индустриалды-инновациялық дамусыз, адам капиталының сапасын арттырусыз және т.б. жүзеге асыру мүмкін емес. Бұл міндеттерді шешу алгоритмі негізінен халықтың, еңбектік, қаржылық және өндірістік ресурстарды өсу нүктелерінде – агломерацияларда және ірі қалаларда шоғырландыру арқылы экономикалық және демографиялық тығыздықты арттыруға бағытталған Қазақстанның 2030 жылға дейінгі кеңістіктік даму стратегиясында көрсетілді. Оның ішінде халықтың, ең алдымен ауыл тұрғындарының, еңбек ұтқырлығын (оларды перспективалық өсу нүктелеріне жылжыту арқылы) ынталандыру көзделген болатын.
- Жоспарланған нәрселер, ең болмағанда ішінара, жүзеге асырылды ма?
- Егер әлемдік даму тенденцияларынан шығатын болсақ, мұндай стратегияның салдары – бала туу көрсеткішінің төмендеуі болуы керек еді. Қалай да болғанмен, ұрпақ өрбіту дәстүрлері ішінара ортақ дінмен – исламмен айқындалған дәстүрлі қазақ қоғамына жақын елдерде солай болып жатыр. Мысалы, БАӘ-де туудың жалпы коэффициенті (ТЖК) 1990 жыл мен 2019 жыл аралығында 4,41-ден 1,42-ге дейін, Сауд Арабиясында 5,88-ден 2,34-ке дейін, Әзірбайжанда 3,06-дан 2,08-ге және т.б. төмендеді.
Алайда Қазақстанда модернизация туралы декларация әзірге демографиялық ұстанымдарға әсер еткен жоқ. Керісінше, туылғандар саны бұдан да жылдам қарқынмен өсе бастады: ТЖК 1999 жылғы 1,86-дан 2009 жылы 2,55-ке дейін және 2020 жылы 3,13-ке дейін өсті. Бұл ретте, негізінен, қала тұрғындарының саны өсіп жатыр – бес жыл ішінде (2015-2019 ж.ж.) оның ТЖК 7,4%-ке, ауыл тұрғындарының ТЖК 4,2%-ке артты. Бұған, басқалармен қатар, ауылдық менталитеті бар адамдардың қалаларға белсенді қозғалысын күшейтетін «жеделдетілген урбанизация» мемлекеттік бағдарламалары ықпал етті. Сонымен қатар дәстүрлі демографиялық ұстанымдар жаңа тұрғылықты жеріне де көшіріліп, сол жерде белсенді түрде жүзеге асырылып жатыр.
Артық адамдар
- Осы жерде мынадай сұрақ туындайды: өсіп келе жатқан демографиялық әлеуетті адами капиталға – экономикалық, зияткерлік дамудың қозғаушы күшіне айналдыру үшін мемлекеттің ресурстары жеткілікті ме?
- Әлеуметтік-экономикалық статистика бұл тұрғыда белгілі бір проблемалардың бар екенін көрсетіп отыр. Бала туу көрсеткішінің өсуінің салдарының бірі – ана өлімінің артуы болып жатыр. ҚР мәжілісі депутаттарының айтуынша, ана болуды медициналық қамтамасыз ету сапасы бойынша Қазақстан әлемдегі ең кедей елдердің деңгейіне түсіп кеткен.
Бала туу көрсеткішінің жоғары болуы денсаулық сақтау жүйесінің ғана емес, білім беру жүйесінің де проблемаларын ашты. Соңғысының коллапсқа тап болу қаупі бар. Жас мөлшері құрылымының эволюциясы халықтың жас мөлшері мәртебесінің арақатынасын тез өзгертетіндіктен, қазір мектеп оқушыларының саны артып келеді. Осылайша, 2020 жылы Қазақстан тарихындағы рекордтық көрсеткіш – 427 мыңға жуық бала дүниеге келді. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 17 процентке көп. Жақында олар мектептерге барып, оқу орындарының жетіспеушілігімен бетпе бет келеді. Сарапшылардың айтуынша, 2020 жылы олардың тапшылығы 168 мың болса, 2021 жылы – 264,8 мың болды. Олар оқуын аяқтағаннан кейін жағдай одан да қиын болуы ықтимал, өйткені жұмысқа орналасу мәселесі қазірдің өзінде өзекті болып табылады.
2020 жылы, 2015 жылмен салыстырғанда, жұмысқа неғұрлым белсенді түрде өтініш білдірген адамдар саны (20–29 жас) 15,3%-ке азайды, бірақ олар 1990 жылдары дүниеге келген шағын санды ұрпақ өкілдері болды. Қазір, мінеки, 2000-шы жылдары тұған көп санды ұрпақ бірте-бірте жетіліп, еңбекке жарамды жасқа кіріп жатыр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің болжамы бойынша, 2025 жылға қарай еңбек нарығына келетін жастардың ағыны жылына 256 мың адамға, ал еңбекке жарамды халық саны 12,1 миллионға дейін артады. Ал сонымен қатар, экономиканы цифрландыру бағыты ондаған мың жұмыс орнын қысқартуды болжап отыр...
Жағдайды ірі елді мекендерде адамдардың көп шоғырлануы қиындатып отыр. Қазақстандық экономистердің пікірінше, қалалардағы жұмыс орындарына сенуді көздейтін қазіргі экономикалық модель аясында халықтың жартысы ол жерде керек емес. Оған қарамастан, Қазақстандағы жан басына шаққандағы ақшалай табыстардың ең төменгі номиналды туу деңгейі дәстүрлі түрде жоғары ауылдық жерлерде екенін ескерсек, жастардың ол жаққа көшуі бұдан да ауқымды құбылыс болады. Бұл тұралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев та, еліміздегі ішкі көші-қонды қатаң бақылауға алуды тапсырған кезде айтқан болатын. Оның айтуынша, бүгінде қала тұрғындарының көптігі мақтанышқа емес, мәселеге айналды... Мұның қандай қаупі бар екенін қаңтардың басында біз бәріміз өте айқын көрдік.
- Келесі санаққа біз қандай туу көрсеткіштерімен келуіміз мүмкін?
- Бала туу көрсеткішін болжау қиын, өйткені процестің динамикасы айтарлықтай үлкен – оны демографиялық қатынасы әртүрлі халық топтары айқындайды. Әдетте туылған балалардың 70%-і 20-29 жас аралығындағы әйелдердің балалары, бірақ соңғы бірнеше жылда үшінші, төртінші және одан да көп дүниеге келетін балалар 30 жастан асқандарға (1980 жылдары туған ұрпақ) көп санды жас мөлшердегі тобына жылдам ауысу байқалды. Алайда, бұл топтың әсері бірте-бірте төмендеп жатыр, өйткені оның өкілдері ұрпақты болатын жасынан шыға бастады. Жағдайды барған сайын 1990-шы жылдары туған шағын ұрпақ айқындап жатыр. Ол ұрпақ көп балалы болу дәстүрін уақыт өте келе жалғастыра ма? Оны уақыт көрсетеді.
Сонымен қатар, 2000-шы жылдардың басында дүниеге келген демографиялық толқынның буыны барған сайын белсенді түрде өзін көрсете бастайды. Оның репродуктивті ұстанымдары қандай болатыны әзірге белгісіз. Бірақ тұтастай алғанда, болжам бойынша, келесі санаққа таман, халықтың жас құрылымының эволюциясына сүйене отырып, туылған балалардың саны азаюы тиіс. Бұл барлығын қоса алғандағы туудың жалпы коэффициенті міндетті түрде төмендейді дегенді білдірмейді – ол өзгеріссіз қалуы мүмкін. Бірақ әлеуетті аналар азырақ болады.
Ақылдылар кетіп жатыр, аймақтарда адамдар саны азайып жатыр
- Қазір эмиграцияға байланысты үдерістерді сіздер қалай бағалайсыз? Қаңтар оқиғасы мен елдегі жалпы қолайсыз әлеуметтік-экономикалық жағдай аясында халықтың сыртқа ағылуының күшеюінің қандай тәуекелдері бар?
- Біздің ойымызша, сыртқы көші-қонды сандық бағалау енді соншалықты өзекті емес. Мәселе басқада: эмигранттардың сапалық құрамы өсуде, мұны сарапшылар көптен бері ескертіп келеді. Цифрларға қарағанда, процестің динамикасы шынымен өсіп келеді. Мәжіліс депутаты Александр Милютиннің айтуынша, егер 2019 жылы жалпы эмиграция статистикасында жоғары білікті мамандардың үлесі 50,6%-ті құраған болса, келесі жылы ол 54,3%-ке өсті. Сол кезде Қазақстаннан, бір жыл бұрынғыға салыстырғанда, үш есе көп дәрігерлер, төрт есе көп мұғалімдер, бес есе көп техникалық мамандар кетті.
Жастардың кетуіне келетін болсақ (негізінен ресейлік жоғары оқу орындарына), оның ауқымы қазірдің өзінде сыни болып көрінеді. Оның үстіне бұл процеске қазақтар барған сайын айқын қатысып жатыр. Басқаша айтқанда, «ақылдылардың» кетіп жатқан тенденциясы артып келе жатқаны сөзсіз және бұл қазіргі кездегі басты мәселе.
2022 жылғы қаңтар оқиғасына «эмиграциялық реакция» қандай болады? Оны айту қиын. Әрине, адамдар бір жағынан есеңгіреп қалды, бірақ сонымен бірге оларда жағдай өзгеріп, көптеген әлеуметтік-экономикалық мәселелердің шешімі табылады деген үміті те пайда болды.
- Ал осыдан бірнеше жыл бұрын үкіметтің бастамасымен қолға алынған Солтүстік Қазақстан шекаралық аймағын «қазақтандыру» деп аталатын істе ілгерілеу бар ма?
- Соңғы жылдары өзекті болып отырған бұл аумақтарды этникалық тұрғыдан нығайту міндеті айтарлықтай қиындықтармен шешіліп жатыр. Егер соңғы он жылда еліміздің солтүстік өңірінде қазақ халқының санының артуы байқалған болса да, оның 80 процентінен астамы елорданы дамыту есебінен жүзеге асырылды. Ал солтүстік шекаралас облыстардағы басқа этнос өкілдерінің шығынын үкімет өтей алмады. Оның үстіне бұл үрдіс Қазақстанның барлық дерлік аймақтарына тән – халық облыс орталықтарында шоғырланып, шалғай аумақтарды бос қалдырып жатыр.
Тұтастай алғанда, шағын ауылдық елді мекендерді жою бағдарламасы, өсіп келе жатқан урбанизация және адамдардың бірнеше қалаларда шоғырлануы, сондай-ақ халықаралық еңбек көші-қонының өсу тенденциясы нашар қоныстанған өңірлерді толтыру мақсатында халық санының, бала туудың өсу қажеттілігі туралы тезисті бейтараптандырады. Аумақты, оның ішінде шекаралас аймақтарды бақылауды жоғалту мәселесі барған сайын айқындала түсуде.
Санынан гөрі сапалылығын арттыру
- Сіздер қалай ойлайсыздар, үкіметтегілер мұны түсініп отыр ма? Енді мемлекеттің демографиялық саясаты біздің барлық осы ерекшеліктеріміз бен проблемаларымызды ескере отырып құрылатынына сенім артуға болама?
- Мемлекет тарапынан демографиялық процестерге деген көзқарас ХХІ ғасырдың екінші онжылдығы ортасынан бастап белгісіз болып қалды. Мұны кем дегенде 2011 жылы Демографиялық саясат тұжырымдамасының мерзімі өтіп, бүгінгі күннің шындығын көрсететін жаңа бағдарламалық құжаттың осы уақытқа дейін қолға алынбағанынан байқауға болады. Белгілі бір мағынада, тіпті парадоксальды жағдай қалыптасты: халық санының өсуін, бала тууды және көп балалы отбасыларды қолдау жөніндегі риторика сақталып отырған сияқты, бірақ сонымен бірге мемлекеттік органдардың өкілдері азаматтарды арамтамақтар және тұтынушылар деп жиі айыптайды.
Иә, мемлекеттік бағыт белгілі бір эволюциялардан өтіп жатыр деп айтуға болады. Бірте-бірте қазіргі демографиялық саясаттың жағымсыз әлеуметтік-экономикалық салдары бар екендігі туралы түсінік қалыптаса бастады, өйткені ол мемлекеттің мүмкіндіктеріне сәйкес келмейді. Мәселен, 2021 жылы үкімет Қазақстанда бала тууды арттырудың қажеті жоқ деген сылтаумен (ол онсыз да жоғары және көп балалы отбасы да жылдам қарқынмен өсуде: әрбір екінші қазақстандық отбасының үштен астам баласы бар дей отырып) мәжіліс депутаттарының ана капиталын енгізу туралы кезекті ұсынысын қабылдамай тастады
Қалай болғанда да, демографиялық құрамдас бөлік, біздің ойымызша, мемлекеттік даму контекстіне әлі жеткілікті түрде енгізілген жоқ. Бір жағынан, ол көбінесе әлеуметтік-экономикалық контекстен тыс, тек әлеуметтік-мәдени игілік ретінде ғана қарастырылады. Бұл тағы да көп балалы болуға, жоғары туу көрсеткіштеріне шақыруларда және т.б. өз көрінісін табады. Ал, екінші жағынан, экономикалық даму векторы өте прагматикалық, сондықтан этнодемографиялық тенденцияларды, ел тұрғындарының әлеуметтік-мәдени бейімділіктерін ескермейді. Мұндай сәйкессіздік, жоғарыда атап өтілгендей, денсаулық сақтау жүйесінің, білім берудің, әлеуметтік-экономикалық саланың және Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігінің басқа да аспектілерінің проблемаларын барған сайын әшкерелеп жатыр.
- Қорытындылай келе: Қазақстанның қазіргі жағдайында тиімді демографиялық саясат қандай болуы тиіс?
- Жақын арада пайда болуы міндетті барабар демографиялық саясат мемлекеттің дамуы жағдайында жасалуы тиіс. Ондағы басты назар бала туудың санына емес, отбасылық саясатқа аударылуы қажет. Бұл мемлекет тарапынан балалы қазақстандық отбасыларды қолдауды жүзеге асыруға, оларды тәрбиелеу үшін қолайлы жағдайлар жасауға, қалыпты даму үшін мүмкіндіктер жасауға, барабар әлеуметтік пакет (жәрдемақылар, салық жеңілдіктері, медициналық қызмет көрсету, қолжетімді балалар мекемелері, ата-аналар үшін жұмыс істеуге және лайықты жалақы алуға мүмкіндік және т.б.) ұсынуға тиіс дегенді білдіреді. Мұндай саясаттың мәні мынада: отбасы әлеуметтік қолдау алып, оған иелік ете отырып, өзінің демографиялық саясатына өзі жауапты болады, оны жоспарлайды және құрады. Негізгі әлеуметтік-демографиялық тәуекелдер мемлекет ішінде қалыптасатынын ескерсек, дәл қазіргі уақытта оларды бейтараптандыру – ең өзекті мәселе болып табылады.