Қазақстанда ұрланып жатқан қалыңдықтардың саны туралы ресми статистика жоқ, бірақ мұндай оқиғаларды, соның ішінде зорлық-зомбылық элементтері бар оқиғалар жайлы еліміздің әрбір тұрғыны естігеніне қарағанда, экзотикалық әдет-ғұрып бізде әлі де өте танымал болып қала береді. Дәл сондай жағдай көп әйел алу әдетіне де қатысты – бұған халықтың діндарлығының күшеюі және биліктің үнсіз мақұлдауы ықпал етеді. Ал осы жайт қазіргі қоғамды жаман атты етіп қана қоймай, оны артқа қарай тартады.

Осы тақырыпқа қатысты арнайы зерттеулер де жоқ. Сарапшылар бұл жайды тек қана қозғап кетеді, бірақ олардың тіпті қысқаша тұжырымдары да айтарлықтай ойландырады. Мысал үшін, жақында Қазақстан әлеуметтік даму институты «Заманауи қазақстандық қоғамдағы гендерлік саясат» деп аталатын баяндамасын жариялаған болатын, ал журналистердің ең үлкен қызығушылығын оның «қызды алып қашу» деген тарауы тудырды. Өйткені сауалнамаға қатысқан азаматтардың жартысына жуығы әйелдерді күштеп ұрлауды немесе бейтарап қабылдап, немесе дұрыс деп бағалады және құрбан болған қыздар құқық қорғау органдарына жүгінбеуі тиіс деп есептейді! Шын мәнінде, сауалнама нәтижелері қоғамның елеулі бөлігінің бұл құбылысқа заңдылық беруге дайын екенін анық көрсетті. Осыған байланысты Қазақстандық қоғамдық даму институтының (ҚҚДИ) әлеуметтанушылары билікті бұл мәселеге ерекше назар аударуға шақырды.

Мәжбүрлеп неке қию – Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 125-бабы, «Адам ұрлау», бойынша төрт жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға әкеліп соғады, ал егер жәбірленуші кәмелетке толмаған болса (кәмелетке толмаған қыз болса), онда 12 жылға дейінгі мерзімге қылмыстық әрекеті үшін жазаланатыны белгілі. Егер қылмыс қанау мақсатында жасалса, қылмыстық топпен жасалса; абайсызда жәбірленушінің өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеліп соғатын болса, онда мүлкін тәркілеумен қоса жүргізілетін ең жоғары жазаға ұшырап, 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады. Бірақ сарапшылардың айтуынша, некеге тұру мақсатында адам ұрлау жағдайларында бұл бапты толық қолдану өте қиын болуы мүмкін, өйткені, біріншіден, ұрлап алып қащу олардың келісімінсіз болғанын қыздарға дәлелдеу оңай емес, екіншіден, тұрмыстық әділеттіік дәстүр бойынша күйеу-жігіттірге тоқмейілсушілікпен қарайды және шартты түрде соттаумен шектеледі.

Бір қызығы, бұл мәселе парламент қабырғасында өте сирек көтерілетін. Тек қана экс-депутат Камал Бұрхановтың адам ұрлау қандай мақсатта жасалса да (қандау, зорлық-зомбылық немесе некеге тұру) бұл жағдай адамның негізгі құқықтарын бұзады, сондықтан осындай жағдайда ең ауыр жазаны енгізу қажет деген 2014 жылғы ұсынысын еске түсіре аламыз. «Ол қыздың өз жоспарлары бар: ол жұмысқа бара жатады, білім алып жатады, бірдеңе жасап жүреді, ал оны ұрлап әкетеді. Бұған кімдердің және қандай негізде құқығы бар? Тек қатаң санкциялар ғана мұны тоқтата алады!», - дейді ол. Бір қызығы, оның кейбір әріптестері, негізінен ер адамдар, сол кезде қарсылық білдірді: олардың айтуынша, қалыңдықты алып қашу – ежелгі дәстүр, ал мұндай неке қию көп жағдайда рәсімдік сипатқа ие болады...

Айтпақшы, көршілес Қырғызстанда мұндай әрекеттер үшін жазаны қатайту туралы шешім «ұрланған қалыңдықтарды» (2018 жылы Бурулай Тұрдалиева және 2021 жылы Айзада Қанатбекова) өлтірілгеннен кейін ғана қабылданған болатын. Бұл қылмыстар қырғыз қоғамында кең резонанс тудырып, тиісті талаптармен жалғасқан наразылық толқынын тудырды. Енді адам ұрлағандарға және олардың сыбайластарына бес жылдан жеті жылға дейін, ал кәмелеттік жасқа толмаған қыз ұрланған болса, жеті жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкіндігі бар. Алайда заңның қаталдығы адамдарды онша тоқтата қоймайды. Ресми деректер бойынша, 24 жасқа толмаған қырғыз әйелдерінің 13 проценті (бейресми деректер бойынша одан бірнеше есе көп) «ала качуудан» кейін тұрмысқа шығады. Бұл ретте олардың ата-анасынан жылына тек 200 арыз түссе, оның тек 5 проценті ғана сотқа дейін жетеді.

Қазақстандық шындыққа оралатын болсақ, заңгерлердің де бұл мәселеге қатысты пікірлері екіге жарылғанын байқай аламыз. Кейбіреулер жазаны күшейту қажет деп айтады. Басқалары Қылмыстық кодекске қыз алып қашуға қатысты арнайы бап немесе тым болмағанда 125-бапқа сәйкес тармақша енгізу қажет дейді. Тағы біреулері бұл екі әрекетті де мағынасыз деп есептейді, өйткені олардың пікірінше, санкцияларды күшейту, өкінішке орай, құқық бұзушылардың, құқық қорғау органдарының қызметкерлердің және жәбірленушілердің өздерінің психологиясын өзгертпейді. Соңғылары полицияға өте сирек жүгінеді, ал мұндай істер өте сирек жағдайларда сотпен аяқталады.   

Тек заңнамалық шаралар арқылы ғана қалыңдықтарды ұрлауды жою мүмкін емес деген пікірді «TechnoWomen» коммерциялық емес ұйымының президенті Азиза Шөжеева да қолдайды. Оның пікірінше, қатаңдату арқылы біз тек түрмедегі адамдардың санын ғана көбейтеміз. Құқықтық сауаттылық пен құқықтық сананы арттыру үшін жалпыға ортақ бір нәрсе істеу қажет. «Егер халықтың жартысы қыз алып қашуды қылмыс деп есептемейтін болса, онда бұл адамдардың барлығы қазақстандық заңдарды білмейді және оны түсінбегендіктен өздері де кез келген қылмыстарға баруы ықтимал деген сөз. Бұл өте қорқынышты жайт. Дәл нақты осыған байланысты біз барлық деңгейде: мектептерде, университеттерде, компанияларда, ұйымдарда байыпты жұмыс істеуге тиіспіз. Жалпыға бірдей жаппай құқықтық білім беруді ұйымдастыру қажет: жұмысқа орналасу кезінде, әскери қызмет кезінде және т.б. жағдайларда адам құқықтарын білу бойынша емтихан тапсыру тәжірибесін енгізу қажет», - деп атап өтті сарапшы біздің басылымға берген түсініктемесінде.  

Айтпақшы, ҚҚДИ мамандары да қылмыстың алдын алу үшін құралдар кешенін қолдану қажет деп есептейді. Мінеки олардың кейбір ұсыныстары: «Құқық бұзушылықтың ықтимал субъектілерін және объектілерін оның қылмыстық жауапкершілігі жөнінде жаппай хабардар етумен айналысу. Тұрмыстық зорлық-зомбылықпен үйлестіре отырып, тек жәбірленушілерге ғана емес, сонымен бірге басқа адамдарға да (туыстарына, қылмыс куәгерлеріне және т.б.) құқық қорғау органдарына арыз жазуға мүмкіндік беретін «жекеден – жарияға» принципіне көшу. Ұрлап алып қашу құрбандарына кеңес беруге және заңгерлік көмек көрсетуге дайын болатын заң мамандарын дайындау қажет. Учаскелік полиция қызметкерлерінің жұмысына тиісті жағдайларды анықтауға бағытталған профилактикалық аралауды енгізу қажет. Ал ең бастысы – қылмыскерлерге қатысты «кінәлілік презумпциясы» қағидасын қолдану қажет.

Дегенмен, егер тіпті заңнамалық және ақпараттық деңгейде жұмысты күшейтсек те, руханиятқа байланысты үлкен олқылық қалады. Мамандардың айтуынша, осындай некеге ойланбастан өз батасын беретін дін қайраткерлері де қызды алып қашқаны үшін жауапкершілікті көтеруі тиіс. Өйткені, діни қызметкерлерге норма болып табылатын нәрселерді қарапайым діндарлар да норма деп есептейді. Оның үстіне, елімізде діни неке (никах) қиылып, оның АХАЖ-да тіркелмеуіне тыйым салу бірнеше жыл бұрын енгізілгеніне қарамастан, жергілікті жерде ол жиі ескерілмей жатады. Имамдар неке қию рәсімдерін тіпті кәмелетке толмағандардың қатысуымен де жүргізе береді. Жақында ғана, қаңтар айында отандық БАҚ Түркістан облысында 15 жасар оқушы қызды ұрлап, тұрмысқа берді деген ақпарат таратқан еді. Дабылды полицияға арызданған қыздың әкесі көтерген болатын.

Қалай болғанда да, қызды өз еркiнен тыс күйеуге беру мақсатында ұрлап алып қашу – жабайылық. Психологиялық жарақат, зорлық-зомбылық көрсету, суицид, ажырасу, бақытсыз балалар – бұл осы жолды таңдаған адамдар кездесетін мәселелердің ішінара ғана тізімі. Қазақстандық заңдарға қайшы келетін физикалық, сексуалдық, психологиялық зорлық-зомбылық жолы жеке тұлғаның еркіндігі принципіне нұқсан келтіреді, ол адамдардың өркениетті және құқықты қоғам құруға деген ұмтылысына қайшы келеді.

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ПІКІРЛЕР  

Арман Құдабай, журналист, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушысы:

- Менің ойымша, бұл жағдайда көзге түсетіні сауалнама нәтижелері емес, біздің аудиторияның оларға деген реакциясы көңіл аударарлық нәрсе болып табылады. Бір таңқалдыратыны, мұндай басылымдар қазіргі кезде ешкімді таңдандырмайды немесе қатты ашуландырмайды. Оның орнына бұл құбылысты ақтайтын немесе бұл «барлығы ойлағандай нәрсе емес...» деп түсіндіруге тырысып жатқан көптеген дауыстар пайда болды.

Соңғы пікірлердің ішінде біздің халқымызда бұрын-соңды мұндай әдет-ғұрыптар және дәстүрлер болмаған деген пікір мені ерекше күлдіреді. Кешіріңіздер, ал Ғалам шайқаушысының ата-анасының және оның жарының (мені Шыңғысханның ұлы аруағы кешірсін) тарихы ше? Сонымен бірге, бұл «дәлелдің» авторлары этимологиямен бірдеңені шатастырып, оны анықтай алмағанын және салттың «қыз алып қашу» атауының өзі (тек қана!) «онымен бірге қашып кету» дейді. Иә-ә! Осындай қарқынмен біз көп ұзамай «барымта» да, жалпы алғанда, бізде болған құбылыс емес, бірақ бұл сөз, мысалы, қандай да бір «зиянсыз» немесе «сүйікті көршінің малын өзара тиімді тартып алуды білдіреді» - деген қорытындыға келеміз...

Ең өкініштісі, осы әсем сөздер мен академиялық талас-тартыстардың астарында ұғымдардың сезілмейтін алмастыруы жатқанында. Мен барлық істерді құқық бұзушылық ретінде үзілді-кесілді саралау мүмкін емес деген қағидамен ішінара келісемін. Бірақ ол жағдайлардың айқын қылмыс құрамы жоқ деп айту – бұл анық қулық. Тиісті қылмыстық бапты отандық Қылмыстық кодекстен алып тастау идеясына лобби жасап отырғандар нақты құрбандар туралы ойланатындары екіталай...

Осы тұрғыдан алғанда, мұндай құбылысты мәжбүр болғандықпен, тіпті аса қажеттілікпен негіздеуге тырысатын «дәлелдер» әлдеқайда маңызды. Сөйтіп, жастарды экономикалық жағдай, той жасай алмау, қанжығасын бере алмау мәжбүрледі деген уәждер барған сайын жиі кездесіп жатыр. Қаржы мәселесін шешуге келетін болсақ, жас отбасыларды қолдауға келетін болсақ, тым болмағанда біздің көршілерімізден бірдеңені үйренуіміз қажет шығар. Ал қалыңдықтың құнына келетін болсақ... Мынадай сұрақ туындайды:  шынымен де жастарды «бірге қашып кетуге» мәжбүр ететіндей Қазақстан Республикасында қалыңдықтың құны қаншалықты төзгісіз (заңға сәйкестігін айтпағанда) болуы мүмкін?! Бұл жағдайда «оны басқаша атау қажет» дейтін әуесқойлар не дейді екен? Бәлкім, Қазақстанда қыз алып қашу дәстүрі жоқ та шығар, ал «қыз сату» дәстүрі жөнінде не айтуға болады?

Және мүлдем жаңасы. Қалыңдықтарды ұрлау біз үшін тіпті... өте қажет деп есептейтіндердің үні барған сайын батыл естіліп жатыр. Бұл ретте мынадай дәлелдер келтіріледі: қазақ қыздары тұрмысқа кеш шыға бастады немесе бұл қадамға баруға тіпті мүлде батылдары бармайды, олар білім алуды немесе мансапты қалайды, оған қоса ажырасулар саны (оның ішінде әйелдердің өздері бастамашылық еткен) айтарлықтай өсіп кетті, отбасыларымыз негізінен өте шағын, сондай-ақ «қазақтың санын көбейту» міндетін ешкім жойған жоқ. Ал ең сорақысы – қазақ қыздары (о, сұмдық, кейде солай да болады) өзге ұлт өкілдеріне тұрмысқа шығып жатыр. Егер жас жігіт сотта мұндай «талассыз» дәлелдер келтіретін болса, онда, әрине, бұл ешбір жағдайда қылмыс бола алмайды...  

Зәкіш Сәдуақасова, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері:

- Үйлену мақсатында қыздарды ұрлау ерте заманнан бері әртүрлі халықтарда орын алған болатын. Ежелгі Римнің негізін қалаушы Ромул ұйымдастырған сабин әйелдерін ұрлау оқиғасы белгілі. Аңыз бойынша, көрші тайпалар өздерінің қыздарын ежелгі Рим қонысының кедей тұрғындарына тұрмысқа бергілері келмейтін. Нәзік жандар өкілдерінің жетіспеуі Ромулды батыл қадам жасауға итермеледі. Ол үлкен мереке ұйымдастырып, айналадағы ауылдардың еркектерін әйелдерімен және қыздарымен бірге шақырып, қызықтар арасында осы әйелдердің барлығын ұрлауды бұйырды. Бұл оқиға Сабиндық соғыстың себебіне айналды.

Тағы бір әйгілі оқиға Шыңғыс ханның әкесі Есугеймен байланысты – ол меркіт тайпасынан шыққан Чиледуның Хоелун деген қалыңдығын күшпен тартып алған екен. Олар реніштерін ұмытпай, жылдар өткен соң Шыңғыс ханның жас әйелі Бөртені алып кетіпті. Сөйтіп, тұтқынды болашақ Ғалам шайқаушысы оны қайтадан тартып алғанға дейін қамауда ұстап отырған.

Дәстүр бойынша қазақтар қыздарын жасының үлкендігіне қарай ұзататын. Ал кейде отырып қалған қыз өзінің сіңлілеріне кедергі болатын жағдайлар туындайтын. Мұндай жағдайларда оларды ұрлап алып қашу қиын жағдайдан шығудың жолы болып табылатын.

Біздің кезеңімізде кезек тәртібін бұлжытпай орындау міндетті шарт деп есептелмейді. Алайда, кейбір жағдайларда осындай мәселе туындаған кезде, ата-аналарына хабарлап отырып, қыздың келісімімен жігіт оны алып қашады. Мұндай сценарий қалыңдықтың отбасы қаржылық жағдайының қиындығына байланысты «қыз ұзатуды» (ұзату рәсімін) ұйымдастыра алмайтын жағдайларда да рұқсат етіледі. Дәстүр бойынша, олардың соңынан «қуу» ұйымдарстырылады. Болашақ құдалар жаңа туыстарын мейірімділікке айналдыру үшін оларды барлық жағынан қуантуы тиіс. Екінші нұсқа: «ұрлаушылардың» өздері қыздың ата-анасына кешірім сұрау үшін сыйлықтармен келеді. Бұл «жығылу» деп аталады – сәжде ету, әрине, тура мағынасында емес.

Қыздың таңдаған жігіті ата-анасына ұнамағандықтан, қызды ұрлап алып қашу жайлы немесе қыздың қашып кетуі туралы көптеген оқиғалар бар. Солардың бірін мен кездейсоқ «қашқынның» өзінен естіген едім. Төлқұжатсыз қызы ешқайда кете алмайтынына сенімді болған анасы оны өзіне қауіпсіз болып көрінген жерге тығып қойған екен. Бірақ ғашық қыз төлқұжат жасырылған жерді тауып алып, өз төлқұжатының орынына сіңлінің төлқұжатын салып қойыпты. Анасы төлқұжаттың бар-жоғын мезгіл-мезгіл тексеріп отырған, сондықтан ешнәрсе күмән тудырмаған екен. Бірақ бір күні қыз үйіне уақытында оралмаған екен, содан кейін алдау әшкере болды. Көз жасы, реніш, тіл алмаған қызының тағдырына алаңдау анасының жүрегін жаулап алыпты. Ешқандай қуу болмаған екен. Кейінірек үйлену тойынаа шақырту алып келіпті. Қазір қашқын қыз бес баланың анасы, көптеген немерелердің әжесі болып отыр.