Мамыр айының ортасында Қазақстан Жазушылар одағының съезі өтіп, онда аталған қоғамдық бірлестіктің жаңа төрағасы сайланды: 69 жастағы Ұлықбек Есдәулеті осыған дейін оның орынбасарларының бірі болып келген 72 жастағы Мереке Құлкенов алмастырды. Бұлардың екеуі де қайта құрудан әлдеқашан бұрын кәмелеттік жасқа аяқ басқан, сондықтан кеңестік дәуірдегідей жазушылар мемлекеттің қарамағында, тіпті қамқорлығында болуы тиіс деп есептеуге дағдыланып кеткен жазушылардың буынының өкілдері болып табылады. Бірақ қазіргі шындыққа мұндай ұстаным қаншалықты сәйкес келеді?

Съездің басталуына аз ғана уақыт қалған кезде, Ұлықбек Есдәулет өзінің өкілеттігін мұрагеріне берер алдында, Қазақстан Республикасы Жазушылар одағының (ЖО) органы – «Қазақ әдебиеті» бетінде осы ұйымның жақын аралық келешек мерзімдегі басым міндеттерінің тізбесін белгілеп берді. Ең алдымен, мұндағы әңгіме Көркем аударма орталығын және Көркем әдебиетті насихаттау орталығын құру жайлы, прозаиктерге және ақындарға кітап жазу үшін гранттар бөлу жөнінде, Әдеби қорды (оның міндеті – әдебиетшілерге олардың материалдық және әлеуметтік мәселелерін шешуде көмектесу) жаңғырту туралы болып отыр...

Егер Жазушылар одағы осының барлығын өз күшімен жасауды немесе демеушілер табу арқылы жүзеге асыруды көздеп отырған болса, онда іске сәт дегендей. Бірақ бұл пункттердің әрқайсысына «Мәдениет министрлігімен біріге отырып», «Мәдениет министрлігінің қолдауымен», «Үкіметтің арнайы қаулысы немесе президенттің жарлығы қажет» деген сөздер қосылып айтылған. Басқа сөзбен айтқанда, бұл жердегі есептеу аталған орталықтарды мемлекет тікелей қаржыландырып, гранттар беретіндігіне, немесе тиісті заңнамалық және нормативтік актілерді қабылдау арқылы ұлттық компанияларды немесе жеке кәсіпкерлерді Жазушылар одағын қаржыландыруды міндеттейтініне (мысалы, Әдеби қормен байланысты жағдайдағы сияқты, ол туралы мәтінде тікелей жазылған) жасалып отыр. 

Жазушылар одағының басшылары және оның көптеген мүшелері әлі күнге дейін көркем әдебиеттің, КСРО кезіндегідей, бұқаралық санаға ықпалы орасан зор, демек, мемлекет (яғни, билік) бұл әрекетті орындауға тиіс, сондықтан ол жазушыларға қызмет көрсете отырып, оларға жан-жақты көмектесулері тиіс – олардың жазғандарын мемлекет қазынасы есебінен басып шығаруға, мәтіндердің басқа тілдерге аударылуын қаржыландыруға және оларды насихаттауға, қаламақы төлеуге, тұрмыс жағдайын жақсартуға тиіс деп есептейтін көрінеді... Бірақ, жарық көрген бүгінгі кітаптардың аз таралымына, олардың сатылымының өте төмен деңгейіне қарайтын болсақ, ақындар, егер олардың қоғамдық көңіл-күйге ықпалы болса да, өте мардымсыз, ал еліміздің орташа статистикалық тұрғыны тым болмағанда бес-алты заманауи қазақстандық жазушылардың, заманауи ақындардың және прозаиктердің есімдерін кездейсоқ атай алуы екіталай. Ал мұндай жағдайда жазушыларға мемлекеттік қаржылай қолдау көрсетудің мәні бар ма? Оның ешқандай тиімділігі болмайды ғой. 

Келесі жылы Жазушылар одағы өзінің 90 жылдығын атап өтеді – ол 1934 жылы құрылған, сол уақытта басқа одақтық республикаларда да осындай бірлестіктер пайда болған еді: олар КСРО Жазушылар одағының филиалдары немесе тіпті бөлімшелері болып табылатын. Бәлкім, бастапқыда ең асыл мақсаттар көзделген болуы мүмкін, бірақ уақыт өте келе сол кездегі үстемдік еткен саяси режим Жазушылар одағы арқылы бүкіл әдеби процесті бақылайтын болды, ал сонымен бірге «жеңілдіктер мен артықшылықтар» таратып үлестіру арқылы жазушылар тарапынан өздеріне деген адалдығын қамтамасыз етті. Өйткені Жазушылар одағына мүше болу айтарлықтай артықшылықтарға қол жеткізуді уәде ететін – шығармаларды мемлекеттің есебінен басып шығару мүмкіндігі (КСРО-да кітаптарды басып шығарудың басқа нұсқалары болмады, ал самиздат, яғни өз бетінше шығару қатаң жазаланатын) және, тиісінше, үлкен қаламақы алу, тапшы тауарларға, «министрлер кеңесінің» ауруханаларына қол жеткiзу, қосымша тұрғын үй алуды талап етуге және т.б. Осының барлығынан айырылып қалмау үшін «қызыл жалаушалардан» асып кетпеу қажет еді, одан да жақсысы – туған Коммунистік партиясы күткен нәрселерді жазу керек болған еді. Бірақ мұны таланттылықпен, оқырмандар үшін тартымды етіп жасау қажет болатын.

Мемлекеттің ол кезде жазушыларды өзінің үздіксіз қамқорлығында ұстауына (бір мезгілде оларды бақылауда ұстауына және «тамақтандырып отыруына») елеулі себептерде де көп болды, өйткені, кем дегенде, 1980-жылдардың ортасына дейін әдебиет қоғамдық өмірде маңызды рөл атқарып келген болатын. Өзге әлемнен жабылған ел, ол кезде Интернет жоқ, теледидарда ең көп дегенде үш-төрт арна ғана бар, газеттердің 80 проценті таза үгіт-насихатпен толтырылған – мұндай жағдайда халыққа кітап оқудан басқа не қалады? Сондықтан да билік дәл солар арқылы, демек, жазушылар арқылы қоғамдық санаға ықпал етуге ұмтылатын. Ал қаншалықты сәтті ықпал еткені – бұл енді басқа мәселе.

Сонымен қатар, таза экономикалық тұрғыдан билік бұл үшін соншалықты жоғары баға төлеген емес. Потенциалды оқырмандардың саны өте көп болғандықтан, кітаптарды басып шығару, олардың авторларына төленетін қаламақы құны сатылым арқылы өтеле алатын. Мысалы, 1985 жылы біздің республикамызда тек қазақ тілінде ғана және тек көркем әдебиетте ғана жалпы таралымы 9,3 миллион данамен көркем әдебиет кітаптарының 316 атауы жарық көрген болатын. Әр кітаптың орташа таралымы 30 мыңға жуық болғанын есептеп шығу оңай. Егер тіпті оның жартысын ғана сату мүмкін болған жағдауда да, сол кезеңдегі орташа баға белгісі 2 рубль 50 тиын болса, сатудан түсетін кіріс 35 мың рубльден асатын еді. Әңгіме қандай сома жөнінде болып тұрғаны түсінікті болу үшін: 1980 жылдардың басында Алматыдағы үш бөлмелі кооперативтік пәтердің құны 10 мың рубльді құрайтын. Мұндай кіріс қағазға, баспа қызметтеріне, қаламақыларға жұмсалған барлық шығындарды жаба алатын.

Егер тұтастай КСРО туралы айтатын болсақ, сол 1985 жылы 10,3 мың кітап атауы (сөз тағы да көркем әдебиет жайлы, тек қана көркем әдебиет жөнінде болып отыр) басып шығарылып, жалпы таралымы бір миллиардтан асып кетті. Осылайша, орташа таралымы 100 мыңға жуық болды, сәйкесінше әрбір дананың құны бірінші жағдаймен салыстырғанда үш есе төмен болып шықты, яғни рентабельділік те сонша рет жоғары болған. Мұндай тираждар негізінен детективтердің, ғылыми фантастиканың, танымал шетелдік авторлардың (Дюма, Ремарк және т.б.) шығармаларының арқасында қамтамасыз етілгені түсінікті, бірақ әйтсе де... Айтпақшы, бірқатар кеңестік прозаиктердің және ақындардың кітаптары да лезде сатылып кететін. Мысалы, Ілияс Есенберлиннің тарихи романдары, Мұқағали Мақатаевтың және Олжас Сүлейменовтің поэзиялық жинақтары (тіпті «Аз я Я» туралы айтпағанда) Қазақстанда үлкен сұранысқа ие болған еді – тізімді жалғастыра беруге болады. Дегенмен, әрине, «макулатура» да шығып тұратын.

Бүгінгі таңда отандық көркем әдебиеттен мәдени-идеологиялық қайтарым, әсіресе экономикалық қайтарым жоқ. Иә, бұған тек жазушылардың өздері ғана кінәлі емес – өмірдің өзі де, халықтың талғамы мен талабы да күрт өзгерді. Қазір адамдардың басым көпшілігі кітап оқуға ынталары жоқ. QMonitor бір кездері 702 теңге деген цифрды атап өткен болатын – 2019 жылы әрқайсымыз кітап өнімдерін сатып алуға орта есеппен дәл осындай ақша жұмсаған екенбіз. Ал дәл осы өнім 80 проценттен астам оқулықтардан, оқу-әдістеме құралдарынан, арнайы әдебиеттерден (экономикалық, заңгерлік, медициналық, т.б.) тұратынын ескеретін болсақ, орташа қазақстандық жыл сайын небәрі 140-150 теңге, немесе бір шағын ғана көлемді кітапшаның құнынан он есе аз ақша жұмсайды екен. 

Бірақ, басқа жағынан қарайтын болсақ,тәуелсіздік жылдарында еліміздің мәдени өміріндегі елеулі оқиғаға айналып, жұртшылықтың назарына ілініп, сол арқылы көркем әдебиетке деген қызығушылықтың жандануына себеп болатын қанша кітап шықты? Сұрақ дерлік риторикалық деуге болады. Бәлкім, соңғы отыз жыл ішінде жарық көрген шығармалардың арасында шынымен де жаңа және өте талантты нәрселер бар шығар, бірақ бұл туралы кең аудитория неліктен білмейді? Неліктен жазушылар қауымы қазақстандықтарға өз әлеуетін таныту үшін, мемлекет тарапынан қаржылық және өзге де қолдауға лайық екеніне сендіру үшін, мұндай шығармаларды алға жылжыта отырып насихаттамады?

Яғни, немесе ондай мәңгілік, тұрақты құндылығы бар көркем әдебиеті және кітаптар жоқ, немесе жазушыларымызда ортақ мүдде үшін жеке бас мүддесін кейде екінші орынға ығыстырып тастауды аңғартатын гильдиялық ынтымақтастығы мүлде жетіспейді. Айтпақшы, мемлекеттік тапсырыспен кітап шығару айналасында, марапаттар мен атақтар алу төңірегінде олардың арасында қандай дау-дамайлар, қайшылықтар туып жатқаны тұтастай зерттеу нысанына айнала алады. Дегенмен, бұл туралы марқұм Герольд Бельгердің жазғанын оқу да жеткілікті болады.

Қазіргі заманауи қазақстандық авторлардың «шығармаларына» оқырман қызығушылық танытпағандықтан, олар әдетте бірнеше жүз, ал ең көп дегенде үш-бес мың данамен басылып шығарылады, тіпті олардың өзі де негізінен талап етілмей қалады. Бұл жағдайда және қағаздың және полиграфиялық қызметтердің жоғары құнын ескере отырып, әрбір дананың құны әлеуетті (өте аз санды) сатып алушылар үшін қолайлы бағадан бірнеше есе жоғары мәндерге жететіні түсінікті.

Сондықтан жазушылар өздерінің шығармаларын мемлекет қаржысына басып шығаратындардың қатарына ілінуге ұмтылады. Өйткені, осылайша қазірдің өзінде жазғанын дайын өнім ретінде, яғни кітап түрінде көріп қана қоймай, салық төлеушілер есебінен қаламақы алуға болады. Ал ол қаламақы, сеніңіздер, өте үлкен – әрбір авторлық парақ үшін алты ең төменгі жалақы (бұл прозаиктер үшін 40 мың баспа белгісі және ақындар үшін 700 өлеңдік жол). Мысалы, 400 беттік роман үшін немесе әңгімелер жинағы үшін он миллион теңгеден астам ақша алуға болады.

«Қоғамдық маңызы бар әдебиет» деп аталатын басылымды шығаруға мемлекеттік қаржыландыру аясында жыл сайын 150-ден 200-ге дейін кітап атаулары шығарылып отырады. Мысалы, 2022 жылы олардың саны 188 болды. Өзгелерден басқа, олардың қатарында Жазушылар одағының бұрынғы және қазіргі төрағаларының да есімдері авторлар тізімінде кездеседі: Ұлықбек Есдәулеттің «Қарғалдақ» деп аталатын кезекті поэтикалық жинағы және Мереке Құлкеновтің редакциясымен Бөкей Ордасы туралы зерттеулердің 1-ші томы (демек, осыдан кейін басқа да томдары болады деген сөз).

Осындай жолмен жарық көрген кітаптардың қай бөлігі өзінің «алғыс білдірген сатып алушыларын» тапқаны, қаншасы кітапхана қорын толықтырғаны және қанша адамдар оларды оқығаны – бұл туралы сіздер қоғамдық кеңістіктен статистика таба алмайсыдарз. Әлде ондай статистиканы ешкім жүргізбейді ме екен, әлде ол санның мөлшері соншалықты мұңды болғандықтан, Мәдениет министрлігі ол сандарды жасырған жөн деп есептейді ме екен. Жалпы алғанда, салық төлеушілер бюджеттік шығындардың миллиардтаған ақшаға осы опустарды шығаруынан қандай нәтиже (экономикалық емес болсада, мәдени-ағартушылық және идеологиялық) алынғанын білуге құқылы.

...Көркем әдебиет қажет, бірақ прозаиктердің және ақындардың өздері де, оларға қамқорлық жасайтын Мәдениет министрлігі де сондай деп есептейтін әдебиет емес, ал шын мәнінде қызықты әрі сұранысқа ие әдебиет қажет. ...Көркем әдебиет қажет, бірақ прозаиктердің және ақындардың өздері және оларға қамқорлық жасайтын Мәдениет министрлігі сондай деп есептейтін әдебиет емес, ал шын мәнінде қызықты әрі сұранысқа ие әдебиет қажет. Жазушылар одағы өмір сүруге құқылы, бірақ қазіргідей үнемі мемлекеттен қайыр тілеп жүретін одақ емес, ал тәуелсіз және өзін-өзі қамтамасыз ететін одақ қажет...