20 жылдан астам уақыт бойы қазақстандық идеологтар қазақстандықтардың жаппай санасын ең жақсы түрде жаңарту жолдарын іздестіріп жатыр. Бірақ олардың таңдаған жолдардың барлығы немесе тым күрделі, немесе тығырыққа әкелетін жол болып шығады, және әр жолы «бақташылар» бізді бастапқы нүктеге қайтарады. Мінеки, бүгін де біз қалайша, қай бағытта және кіммен бірге ары қарай жылжуымыз керек деген таңдаудың алдында тұрмыз. Біз осы тақырып төңірегінде ой қозғауды қазақстандық жоғары оқу орындарының бірінің оқытушысы, ресейлік тарихшы және саясаттанушы Николай Осиповке ұсындық.
Ізгі ниеттер
- Николай Иванович, қазақстандық қоғамға бүгінгі таңда бір мезгілде рухани жаңғыру да, сананы жаңарту да ұсынылып отыр. Ең алдымен анықтап алатын нәрсе: бұл ұғымдар арасында елеулі қайшылық бар ма, әлде, керісінше, олар бір-бірін толықтырады ма?
- Мағынасы жағынан алғанда, бұл екі ұғым бір-бірінен айтарлықтай ерекшеленеді, олар тіпті бір-біріне қайшы келеді. Қоғамдық сананы жаңарту (жаңа талаптар мен нормаларға сәйкес келтіре отырып өзгерту), ереже бойынша болашаққа бағытталған және инновацияларды іздеп тауып (жаңа идеялар, жаңа мағыналар, жаңа әлеуметтік және коммуникативті технологиялар, қоғам мен мемлекеттің үдемелі технологиялық, экономикалық, мәдени, саяси дамуы үшін әлеуметтік тәжірибелер), оларды енгізумен байланысты. Қоғамдық сананы сәтті модернизациялаудың мысалы ретінде XVII-XVIII ғасырлардағы еуропалық Ағарту дәуірін атауға болады.
Ал рухани жаңғыру әлдебір даңқты өткенге, жоғалтылған немесе шетке ығыстырылған рухани құндылықтар мен бағдарларға қайта оралуды көздейді. Басқаша айтқанда, бұл белгілі бір қоғамның, ұлттың, елдің рухани негізін қайта қалпына келтіру. Бұған айқын мысал – еуропалықтардың ұлы ежелгі мәдени мұраға деген жаппай қызығушылығын жаңартуға ықпал еткен Батыс және Орталық Еуропадағы XV-XVI ғасырларда болған әйгілі Қайта өрлеу Дәуірі.
Осы процестерді не біріктіреді? Бұл процесстердің екеуі де белсенді, ауқымды, бірақ әрдайым және әр нәрседе жақсы әсер бере-бермейтін мемлекеттің барлық қолдауымен ондаған және жүздеген миллион адамдардың жаппай санасын өзгертуге бағытталған.
Жалпы, әлемдік тарих қоғамдық сананы өзгертудің тек қана төрт әдісін біледі. Біріншісі – мифологиялық, яғни қандай да бір халықтарды біріктіретін белгілі бір эпостың құрылуы. Екіншісі – сенім негізінде шындықты жаңаша қабылдау қалыптасатын діни тәсіл. Үшіншісі – белгілі бір идеяның айналасында тиісті саяси жүйені құратын идеологиялық әдіс. Төртіншісі, –салыстырмалы түрде жаңа әдіс, адамдардың санасына өте күшті әсер ететін әлеуметтік желілер.
Ал осы төрт әдіс өздерінің өзектілігін ешқашан жоғалтпайды және әртүрлі арақатынастарда қолданылады. Бірақ мұның нәтижесі әрқашан әр түрлі болады, өйткені ол кімдер және қандай ниетпен осы тәсілдерді қолданатынына тікелей байланысты...
- Мұндай «сананы өзгертудің» сіздің ойыңызша, неғұрлым жағымсыз және неғұрлым жағымды деген мысалдарын келтіре аласыз ба?
- Қоғамдық сананы жаңартудың тарихи мысалдары айтарлықтай жеткілікті. Олардың басым бөлігі немесе білім беру жүйесі арқылы, немесе интеллигенцияның тиісті топтарын белсенді қолдау жолымен, немесе азаматтарды көтермелеу есебінен (мерекелермен, тиісті тәрбие жүйесімен және т.б.) іске асырылды.
Ал қоғамдық сананы өзгертудің ең күшті және ең қорқынышты үлгісін, әрине, Германия көрсетті, ол білім беру жүйесі арқылы немістердің санасын қатты өзгертіп жібергені соншалық, нәтижесінде оның салдары тіпті екі дүниежүзілік соғысқа жеткілікті болды. Одан кем емес жарқын мысал – кеңестік коммунистік идеологияның жүздеген миллион адамның құндылық бағдарларын жаппай өзгерістерге алып келуі.
Осы екі идеологияның ауқымдығын ескере отырып, кейбіреулер оларды тіпті бір тақтаға қоюға тырысады. Бірақ мен ондаймен категориялық түрде келіспеймін. Қанша дегенмен, фашистік режим, коммунистік режимен ерекшелігі, мүлдем нәсілдік және этникалық болды, онда интернационализм мен гуманизмнің ешқандай көрінісі тіпті болған да емес. Миллиондаған адамдар Германияның әлемдік үстемдігі жөніндегі абсурдтық идеясы үшін қаза тапты. Ал Герингтің: «Мен «мәдениет» деген сөзді естігенде, қолымды тапаншама жүгіртемін» – деген бір ғана сөзінің өзі қаншалықты…
Яғни, қоғамдық сананың жаңартуын тек теріс немесе тек оң процесс ретінде сипаттауға болмайды. Сол коммунистік идеологияның жақсы жақтары да, жаман жақтары да көп болды. Ал мәселе, мен атап өткендей, олардың қандай мақсатпен жүзеге асырылатынында. «Ізгі ниеттермен тозаққа апарар жол төселген» – дейді, бірақ анда-санда тозақтық ниеттермен ізгі істер жасалатын кездер де болады...
Жаппай сананы өзгертудің ең жағымды мысалдары – XVIII-XIX ғасырдың аяғында антифашистік қарсыластық аясында жарияланған Ағартушылық, гуманизм, либерализм, демократия, ұлттық бірлік идеяларын таратып бекіту және кейіннен адам құқықтары, әлеуметтік әділеттілік, ұлттық, нәсілдік теңдік идеалдарын реформистік іске асыру болды.
Бір шектен екіншісіне күрт ауысулар
- Ал іздеудің осы кезеңінде Қазақстан рухани жаңғыруға көбірек мұқтаж ба әлде сананың жаңартуына ма? Әлде бір мезгілде екеуіне де мұқтаж ба?
- Жақында, 23 мамырда, елімізде рухани жаңғыру мен қоғамдық сананы жаңарту үйлесімін іздеу басталғанына тура 25 жыл толуы символдық мәнге ие. Бұның басталуына Қазақстан Республикасының мемлекеттік бірегейлігін қалыптастыру Концепциясын жариялаған Нұрсұлтан Назарбаевтың сөйлеген сөзі себеп болды. Біраз уақыттан кейін «Қазақстан-2030» деп аталатын әйгілі даму бағдарламасы жарияланды. Яғни, бір мезгілде дерлік екі маңызды және мағынасы бойынша қиылысатын құжат қабылданды.
Бұл үдерістер өзара іс-қимылда дамуы тиіс екендігі жөнінде мен дау айтпаймын, бірақ Қазақстан жағдайында қоғамдық сананы жаңарту басым болып табылатыны айқын. Оның үстіне, біз қалаған дәрежедегідей рухани жаңғыру оңай іс емес. Біздің өткенімізде қазақстандықтарды біріктіруге емес, керісінше, ажыратуға әкелетін нәрселер бар.
Ашығын айтайық: қазақтарда да, орыстарда да, Қазақстанға жер аударған халықтардың өкілдерінде де барлығына ортақ құндылықтарға қол жеткізуге және игеруге шоғырландырып, жігерлендіретін қандай да бір бірыңғай тарихи меже, барлығына ортақ «алтын ғасыр» жоқ. Тек жекелеген және қысқаша ғана тарихи сәттер бар...
- Сонда біздің өткеніміздің не нәрсесі дұрыс емес?
- Менің ойымша, Қазақстанның рухани жаңғыруының келешегіне зиян келтірген ең күшті соққылардың бірі, шамамен бір ғасыр бұрын орын алған қазақ зиялыларының азаматтық соғысқа, социалистік көзқарастарға әуес болған ең жарқын өкілдерінің жойылуы және өзара жойылуы болды. Одан кейін 1920-30 жылдардағы социалистік эксперименттер жүргізілді, олар қазақтардың экономикалық және мәдени тіршілігінің бастапқы негізін – шаруашылықтың номадтық жүйесін және номадтық мәдени дәстүрлерін толығымен жойды. Тіпті олар қоғамдық санада әлі сақталып қалған болса да, оларға жүгіну негізінде рухани қайта өрлеу үміті 1940-80 жылдары социалистік модернизациялық әлеуметтік-экономикалық және мәдени қайта құру процесінде толығымен жойылды.
Бірақ олар бүгінгі Қазақстанды экономикалық отаршылдықтан, әлеуметтік және мәдени сегрегациядан, этнократизмнен, трайбализмнен және өзге де осыған ұқсас нәрселерден арылта алмады. Бұл рухани жаңғыру мен жасампаздықтың негізі бола алатын идеялар мен шындықтар емес екені анық.
- Ал сіз жаңартудың негізі ретінде не ұсынар едіңіз?
- Қазақстан – шын мәнінде бірегей ел, және оның бірегей екендігін айналадағылардың бәрі, соның ішінде Ресей мен Батыс та, мойындайды. Оның үстіне ол бүкіл түркі мемлекеттерінің аумағы бойынша ең үлкен ғана емес, сонымен бірге халықтың көп бөлігі орыс тілін еркін білетін, орыс мәдениеті мен рухани жетістіктеріне жүгінетін әлемдегі жалғыз славян емес ел. Басқа осындай мемлекеттер жоқ! Қазақстан – феномен! Ал осы артықшылықтардан бізге бас тарту ұсынылып отыр ма? Қазақстан халқы үшін дәл осы негізде жаңартылу ең қисынды әрі пайдалы іс болмас па еді?
Бірақ оның орнына біз керісінше жағдайды – қазақ ұлтын құруға баса назар аударуға шақыратындар және сол арқылы этноцентристік тұрғыдан түсінілетін рухани жаңғыруды басымдыққа алуға тырысатындар мен Қазақстан ұлты жайлы айтатындар және тиісінше қоғамдық сананы жаңартуға сүйенетіндер арасында күшейе түсетін бөліністі көріп отырмыз.
Сонымен қатар, осындай бір шектен екіншісіне күрт ауысулар қабылданған идеологиялық бағдарламалардан айқын көрінеді. Жалпы ондай үш бағдарлама болды. Біріншісі – ел бірлігі Доктринасы (2010 жыл), онда қазақстандық азаматтастық идеясы жарияланған. Келесісі – «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі (2014-ші), онда жалпықазақстандық үйдің ұлттық идеясы ұсынылған. Және соңғысы – «Рухани жаңғыру» (2017-ші), онда қазақтың рухани жаңғыруына көшу (бірақ тағы да қоғамдық сананы жаңарту ұранымен) айқын жарияланған.
Бір қызығы, қарама-қайшылық тіпті бағдарлама атауының өзіне еңгізілген («рухани» – араб сөзі, ал «жаңғыру» – түркі сөзі) – модернизацияның негізгі тұжырымдамасына сәйкес келмейтін түркизм мен арабизмнің бір түрі. Дегенмен, бұл рухани жанғыруға да, сана-сезіснің жаңартуына да ықпал етпейтін құралдар мен міндеттер арқылы бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыруға, мәдени кодты табуға және т.б. ұмтылу (оны тек қолдауға болады) аясында онша маңызды емес.
Қостілділік және азаматтастық жолында
- Әңгіме қандай нақты құралдар мен міндеттер жөнінде болып отыр?
- Мысалы, грек және латын тамыры бар 3,5 мың ғылыми терминдер қазақ тіліне аударылған. Алайда бұл идея қаншалықты барабар болып табылады деген ой-пікірлерге уақыт жұмсамайын, айталық тек, бұл «жаңартуғада», «жаңғыртуғада» жатпайтйын іс-әрекеттер, керісінше, бұл этноцентризмге ұқсайды. Үштілділікке көшуге қатысты да дәл осыны айтуға болады. Өзіндігінен бұл бастама, әрине, жаман емес, бірақ қазақстандық шындықта ол іске асыруға келмейтін нәрсе. Алдымен ең болмағанда қостілділікке қол жеткізіп алу қажет.
Статистикаға сәйкес, 1991-2018 жылдар аралығында Қазақстанның орыс тілді тұрғындары арасында мемлекеттік тілді еркін меңгеру деңгейі іс-жүзінде өзгерген жоқ. Ал бұл жәйт үлкен қаражат жұмсалған қазақ тілін дамытуға арналған көптеген мемлекеттік бағдарламаларының тиімсіздігін көрсетеді. Салыстыру үшін Татарстанды алайық, онда ойластырылған мемлекеттік тіл саясатының арқасында шамамен сол кезеңде орыс тілді халық арасында татар тілін білетіндердің санын 3,5 есе көбейтуге қол жеткізілді!
Неліктен мұндай айырмашылық бар дейсіз бе? Өйткені Қазақстанда мемлекеттік тілді дұрыс меңгеру үшін мәдени, кадрлық жағдайлар жасалмаған – тек қана тапсырмалар мен уәделер берілген. Ал іс жүзінде жалпыға қол жетімді кем дегенде бір қазақ-орыс немесе орыс-қазақ түсіндірме сөздігін табуға тырысыңыздашы – олар мүлдем жоқ, өйткені онымен ешкім айналыспайды. Әрине, тек қана сөздіктер мен оқыту технологияларын қолдана отырып, мұндай маңызды мәселеде жақсы жетістіктерге қол жеткізу мүмкін емес...
Тағы бір себеп – соңғы үш онжылдықта жоғары білім деңгейінің, сондай-ақ орта білім деңгейінің күрт төмендеуі, оның үстіне олардың элиталық, бірінші сортқа және екінші сортқа бөлінуі. Сонымен қатар, орта оқу орындарын қазақ тілді және орыс тілді деп бөлу, менің ойымша, бастапқыдан тығырыққа әкелетін идея болды. Екітілді білім беру жолымен жүру керек еді, сол кезде біз, әрине, бірден емес болса да, оң біріктіруші нәтижеге қол жеткізер едік.
Сондай-ақ маған Қазақстанның Киелі картасын қоғамдық сананы жаңарту құралы ретінде ұсынуға деген ұмтылыс (ол оның антитезасы, нағыз архаизм) түсініксіз. Мысалы, Батыс Қазақстан облысында «алтын әйелді» тауып алған, оған тіпті шағын кесене салған. Оның үстіне, ол әйел тіпті түркі текті емес, ол иран тектес. Бұл іс-әрекет арқылы олар не айтқысы келді? Біздің ерте замандағы көшпелілермен байланыстамыз дегілері келді ме? Иә, номадизм дегеніміз – қазақтар оны ешқандай жағдайда жоққа шығаруға болмайтын ұлы рухани мұра. Бірақ, келісіңіздерші, бұл қоғамдық сананы жаңартуды айтпай-ақ, тіпті рухани жаңғыру үшін онша қолайлы негіз емес.
Осы тұрғыдан алғанда Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» деп аталатын мақаласы айтарлықтай көрікті болды, онда тағы да түркі этностық ұқсастығына баса назар аударылған болатын. Қазақтар – ең ұлы түріктер деген түсінік қалыптасады, ал бұл олай емес қой. Ақыр-соңында мынаны түсіну керек: жузге бөліну, трайбализм, номадизм, этноцентризм, казачество, советизм және т.б. сияқты рухани дәстүрлерде мыққты қазақстандық қоғам мен мемлекет құру мүмкін емес. Өйткені нәтижесінде барлығымыз жанжалдасып, қақтығысып қаламыз. Қоғамдық сананы жаңартудың мәдени-интеграциялық біріктіруші идеалдарға негізделген бағытын қабылдау қажет.
- Сіздің қорытындыларыңыз бен мен ұсыныстарыңыз қандай?
- Жалпы алғанда, қоғамдық сананы жаңартудың тарихи тұрғыда тексерілген үш қағидаты бар. Біріншісі – этникалық қағидасы, дәлірек айтқанда, қан принципі. Екіншісі – топырақ қағидасы, ол сондай-ақ отандастық принципі. Үшіншісі, ол кейінірек пайда болған, – азаматтастық қағидасы. Осылайша, Қазақстандағы барлық рухани-идеологиялық концепцияларды бірден осы үш қағидаға сүйене отырып жүзеге асыруға тырысқан болатын, бірақ әр жолы қан принципі басым болды. Яғни, ақыр-соңында, әр кезде этникалық шығу тегіне оралуға басымдық берілді. Ал бұл жәйт қазақстандық қоғам үшін мәдени және рухани дамудың жойқын бағыты екені күмәнсіз.
Әрине, қоғамдық сананы жаңарту басымдықта болуы тиіс екеніне мен сенімдімін. Ал бұл үшін қазақстандық қоғамның интеграциялық дамуының бес ықтимал жолы ашылып отыр. Біріншісі – түркілік, немесе пантүріктік. Екіншісі – түркі-славяндық, немесе еуразиялық. Үшіншісі – түрік-еуропалық, ол біз шеткері аймақ болсақ та, Еуропаға да қатысымыз бар екенін дәлелдейді («Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасы, үштілділік, НЗМ және т.б. бастамалардың барлығы осыдан келіп туындаған). Төртіншісі – түрік-қытайлық, яғни еуразиялықтың қытайлық нұсқасы. Ал бесіншісі – исламистік немесе панисламистік.
Барлық осы нұсқалар қандай да бір түрде Қазақстанда жүзеге асырылуы мүмкін. Бірақ, менің (мүмкін, ол біржақты шығар) көзқарасым бойынша, бізде бар тәжірибеміз, ол көп жағдайда қайғылы және бір мағыналы емес болса да, соңғы 250 жыл ішінде түркі-славян еуразиялық интеграциясының пайдасына жасалған таңдаудың басымдылығын дәлелдейді. Өйткені тек осы жолда ғана Қазақстанда тұрып жатқан барлық халықтардың өткеніндегі ең үздік нәрселерін жоғалтпай, қоғамдық сананы сапалы жаңартуға болады. Ал осы синтетизм мен этно-конфессиялық синкретизмнің мәдени, этно-нәсілдік және реформаторлық іске асырылуында Қазақстан үшін ең қолайлы бірлескен азаматтастық принципі жатыр. Біз сол қағидатқа ұмтылуымыз қажет.
Тақырыпқа қатысты пікір
Еркін Ирғалиев, саяси кеңесші, «Аспандау» ғылыми-білім беру қорының Батыс өңірлік филиалының атқарушы директоры»:
- Бір кездері, жойқын материализм ілімінің құлдырауымен, біз объективті түрде таза идеализмге келіп тірелдік. Ал енді, сол идеализмде 30 жыл бойы болғаннан кейін, пенделік жерге оралудың уақыты келді. Және ең жоғары материя нақты салаларда: азғана зауыттар мен фабрикалардың цехтарында, ауыл кәсіпкерлерінің аман қалған егістіктері мен фермаларында, жаңашыл ғалымдардың зертханаларында туындап жатқанына көз жеткізетін кез келді... Яғни, рухани жаңғыру да, сананы жаңарту да бір мезгілде тек пайдалы өндірістерде, практик-прагматиктерде, біздің заманымыздың нағыз батырларында және жаңа құндылықтарды, еңбек этикасын, буржуазиялық моральды және т.б. жасаушыларда болып жатыр және келешекте де болады.