Қазақстан «халықтар достығы зертханасынан» барған сайын ұлтшыл-популистік идеялардың сынақ алаңына анық айналып барады. Ал егер таяу уақытқа дейін азаматтық ынтымақтықтың мықтылығы тек виртуалды кеңістікте алауыздық тудыру әрекеттерімен ғана тексерілген болса, бүгінде өшпенділік вирусы нағыз құбыжықтарды дүниеге әкеліп, шынайы өмірге белсенді түрде сіңе бастады. Біздің қоғамда бұрыннан бері айтылып келе жатқан ақаулық сызығы қысқа мерзімде тұңғиықтың мөлшерлеріне дейін өсу қаупі бар екені анық. Бұл ретте, дәл қазіргі кезде ашылып жатқан бұл тұңғиық біз үшін қандай жаңа шындықты қалыптастыратыны онша түсінікті емес.

Біз кінәлі емеспіз бе?

Ұлтаралық қақтығыстар мен идеологиялық текетірестердің шиеленісу деңгейі соншалықты жоғары болғандықтан, қоғамда байқалған алауыздықты азаматтық және ұлттық сана-сезімнің өсуінің елеуге татымайтын шығыны деп қарастыру мүмкін емес. Бұл ұлтшылдық сезімдердің күшеюінен, сондай-ақ оның қоғамның едәуір бөлігінде қалып қойған интернационализм идеяларына берілгендікке қабаттасудан туындайтын айқын мейнстрим (негізгі бағыт), бұл сөзсіз «мүдделер қақтығысына» және өкінішке орай, оны шешудің «үңгірлік» әдістеріне әкеледі.

Дегенмен, мәселе тек онда ғана емес. Егер жақында ғана ел президентінің Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясында қандай да бір негізде кемсітуге және ұлтаралық араздықты қоздыруға жол бермеу туралы айтқан мәлімдемелерін қоспайтын болсақ, мұндай жарылғыш қаупі бар күн тәртібінің болуы мемлекеттік институттар тарапынан да, қоғамдық институттар тарапынан да мүлде елеусіз қалып отыр. Олар, шамасы, бәрі өздігінен қалыптасып, орынына келеді деп сеніп, болып жатқан оқиғадан бас тартты. Жоғарыдан түсетін және көлденең тараталанатын максимум, – мұның бәрі назар аударуға тұрарлықсыз арандатушылықтар деген пікір.

Бұл кеңес, әрине, назар аударуға тұрарлық, бірақ біздің жағдайымызда ол анық кешіккен кеңес. Әлеуметтік желілердегі арандатуларға жауап бермеу мүмкін болатын еді, бірақ қазір, жанжал әлеуеті көшелерге тараған кезде, мұндай ұсыныстар күлкілі болып көрінеді – олар «тыңдаңыздар және керісінше жасаңыздар» сериясындағы сөздер. Осылайша аталатын «тілдік патрульдердің» рейдтері, мерекелік автошерулер кезінде автокөліктерден Жеңіс туын жұлып алып тастау, алаңдардағы фашистік ұрандар, сатисфакция актісін міндетті түрде камераға түсіре отырып «өзге дінді ұстанатындарға» қарсы физикалық қуғын-сүргін, басқа мемлекеттердің басшыларына ел ішінде жүргізіліп жатқан саясаттың белгілі бір аспектілеріне әсер етуі жөнінде жолдаулар.... Мұның бәрі біздің Рубиконнан өтіп кеткендігіміздің дәлелі.

Түбегейлі қарама-қарсы идеологиялық көзқарастарды ұстанушылардың қарсы тұруы шешуші кезеңге өтіп бара жатқаны аныө көрініп отыр. Бұл үдерісті бақылаудың жоқтығы, дәлірек айтсақ, оны орнатуға деген құлшынысының болмауы (шамасы, бұдан да үлкен шиеленісті болдырмау үшін шығар) ерте ме, кеш пе, мемлекет құру лабиринтінде ақыры адасып қалатынымыз анық.

Ауызша схоластикадағы жаттығулар қаншалықты қарқынды болса да, қазір пайдасыз болып қалды. Жағдайдың төтенше қайнау нүктесіне жетуіне жол бермеу үшін, тоқтаусыз жұмыс істеп отыратын заңды шаралар қажет. Өйткені, өткен жылдың соңында мемлекет басшысы: «Ұлтаралық тәкаппарлықтың барлық көріністерін, олар кімнен шығып жатқанына қарамастан, қандай да бір белгілер бойынша кемсітушілік, осы негізде қоғамдық тәртіп пен ішкі тұрақтылыққа нұқсан келтіру әрекеттері – заңға сәйкес қатаң түрде жолын кесу керек». Ол сондай-ақ «олардың қақтығыстарға ұласып кетпеуі үшін осы негізде кез келген үйкелісті мемлекет мақсатты түрде жолын кеседі» деп баса айтқан болатын.

Бірақ жарияланған аяусыз күрес тек «жобада» қалды – бір-екі демонстрациялық соттау түріндегі жазалаулар есепке алынбайды. Бұл тұрғыда келешекте де жүйелі тәсілге сенудің қажеті жоқ сияқты, өйткені қазақстандықтарды одан әрі итермелеудің іске қосылатын ақталу тетіктері іске қосылды және олар болып жатқан оқиғаларға байсалды баға беруге мүмкін болатын негіз емес екені анық. Бұған көптеген мысалдар бар, бірақ біз соңғы кезде орын алған бір мысалға тоқталайық.

Жақында бір Ұлттық саясат институты ұлттық мәселені «талдап шығып», біздегі толеранттылықты бұзатын вирус сырттан кіргізлді деген қорытындыға келді. «Қазақстанның ішінде қазақтар мен славяндардың орыстар мен украиндарды қосқанда, сондай-ақ өзге ұлттардың арасындағы қайшылықтарға негіз жоқ» деп, «қазақтың ұлттық патриотизмін жоққа шығаратын айқын солтүстік әңгіме» бәріне кінәлі делінген. Содан кейін «Қазақстанда кең етек алған ұлтшылдық туралы тұрақты түсінік қалыптастыру» сол жақтан жүзеге асырылып отыр деген тұжырым жасалды. Және әрі қарай: «Украинадағы, Грузиядағы жағдай осылай басталды. Ұлтшылдық-радикализм вирусы Еуропа ішінде қайшылықтар себу үшін де қолданылады. Жалпы алғанда, бұл қоғамды жікке бөлу және «құтқаруға келу», «денацификация» жасау деген белгілі терминологияларды қолдануға негіз жасау үшін Еуропада, Еуразияда, нақтырақ айтсақ, посткеңестік кеңістікте белсенді түрде қолданылатын геосаяси технология».

Әрине, біздің көршіміз Қазақстандағы мемлекет құру мәселелеріне жиі және мүлдем арсыз араласады. Олардың бағалаулары бізді истерикаға дейін жеткізеді, бірақ олар ештеңеге әсер етпейді. Сол сияқты, көбінесе салмақтылық пен төзімділіктен айырылған біздің ойларымыз бен пікірлеріміз де Украинадағы соғыс қимылдарының барысына әсер етпейді. Әрине, сыртқы жауға қарсы күрес жарқын, айшықты, тіпті қандай да бір түрде бірігуге ықпал етеді. Бірақ ішкі жаумен не істейміз?

Көпшілік құқығы бойынша

Біз сарапшылардан, осы сұраққа (болашақтың бейнесінің белгілі бір болжамын, ал нақтырақ айтқанда біздің көпұлтты қоғамымызға екі негізгі идеологияның – ұлтшылдық пен салыстырмалы түрде айтқанда сырттан еңгізілмеген, бірақ Қазақстандағы әртүрлі әлеуметтік топтардың менталитетінің бір бөлігі болып табылатын интернационлизмін біздің өоғамға ықпал ету перспективаларын қалыптастыруды ұсына отырып жауап беруді өтіндік. Олардың қайсысы қазір жеңіп жатыр, ал қайсысы еліміздің ертеңі тұрғысынан алғанда дұрыс болады? Олар бейбіт қатар өмір сүре алады ма және, мүмкін, бір-бірін толықтыра алады ма, әлде бұл мүмкін емес пе, ал біздің қоғамды одан да үлкен бөліну күтіп тұр ма? Аты-жөнін атамауға тілек білдірген тарих ғылымдарының кандидаты Қазақстан қазір эволюциялық диірменнің ішінде тұр деп есептейді:

- Біздің жеріміз объективті де, субъективті де себептерге байланысты патша заманынан бері «құтқару кемесінің» бір түрі болып келді. Мұнда әртүрлі этнос өкілдері пана тапқан болатын. Ұзақ уақыт бойы бұл фактор біздің артықшылығымыз болып табылған. Бірақ КСРО ыдырап, Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін қуатты кеңестік идеология өз ықпалын жоғалтқан кезде, егемендікке енді ғана қол жеткізген мемлекеттің ұлттық дамуына сол артықшылық тежегішке айналып кетті. Біз бейбітшілік пен келісім үшін өте жоғары баға төлегенімізді қазір шын жүректен мойындауымыз қажет, бұл ұлттық өзін-өзі анықтау үдерісінің дер кезінде жүргізілмегенінен көрінді.

Мағынасын жоғалтқан үлгілерді (мысалы, ұлттардың мифтік достығы) жасанды түрде көтермелей отырып, біз іс жүзінде ұлттық мүддемізге, ана тілімізге, мәдениет пен ұлттық салт-дәстүрді жаңғыртуға қарсы жүріп келдік. Иә, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуының бастапқы кезеңінде саяси-экономикалық күйзеліс басым болып, жаңа сілкіністердің енгізілуі мемлекеттіліктің ыдырауына түрткі болған кезде мұндай көзқарастарды түсінуге болатын еді. Бірақ еліміз тұрақты даму кезеңіне өтіп болып, қазақтар мемлекеттегі басым этносқа айналғанда, олардың мүдделері мен ұмтылыстарын елемеуді ешқандай нәрсемен ақтауға болмайды.

Қазір бізде болып жатқан жағдай табиғи процесс. Мен тараптардың ешқайсысының құқығын «күшпен» қорғаудың әдістерін ақтамаймын, бірақ соған қарамастан, мен патриоттардың белсенді бөлігін қоғамдағы белгілі бір процестерді ынталандыратын себептерді (мейлі, ол Конституциядан орыс тілінің мәртебесі туралы норманы алып тастау болсын немесе жақында коммунистік өткенді айыптау болсын) түсінемін және оларға жақынмын. Оларды кім болмасын және қалайша сипаттаса да, бұл біздің заңды және ажырамас құқығымыз, онымен, бір блогер айтқандай, физикалық тұрғыда осында,  ал ойларында – көрші елде жүрген адамдар емес, Қазақстанды өз отаны ретінде қарастыратындар есептесуі тиіс.  Демек, ассимиляция орын алмай қоймайды, оған дайын еместер, бүгінде қалыптасып келе жатқан Жаңа Қазақстанның құрамына енгісі келмейтіндер, қазірдің өзінде тиісті қорытынды жасаулары тиіс. Украинаның мысалы бәрімізді көп нәрсеге үйретті деп ойлаймын.

Интернационализм принциптеріндегі ұлтшылдық

«Еуразиялық саясат институты» ақпараттық-талдау орталығының жетекшісі Максим Крамаренко мүлде басқа көзқарасты ұстанады:

- Қазақстанда, әрине, әзірге интернационализм үстемдік етеді, егер біз бір мемлекетте тұратын әртүрлі халықтардың өзара сыйластық пен ынтымақтастыққа негізделген ортақ игілікке қол жеткізудегі қарым-қатынасының нысанын осы мағынада түсініп отырған болсақ. Бұл бірқатар факторларға байланысты.

Біріншіден, қазақ халқы интернационализм қағидалары үстемдік еткен көшпелі дала өркениетінің мұрагерлерінің бірі екендігіне байланысты. Көшпенді адам төтенше жағдайға түсіп қалғандардың барлығына, тіпті жауласушы тайпалар мен хандықтардың адамдарына да, көмек көрсететін. Оның осылай істейтінің себебі – ол далада көшіп жүрген кезде, өзі де қиындыққа тап болуы мүмкін екенін және олар да оған көмекке келетінін білетін. Екіншіден, көшпелі мемлекет құрылымдары көп ұлтты болып табылатын, бұл олардың құрамына кіретін халықтарды құрметтеуге баулиды. Және, үшіншіден, азаматтық соғысты бәріміз бірге бастан өткерген Кеңестік кезең болды және Ұлы Отан соғысы жылдарында гитлерлік фашизмге қарсы күрес, ғарышқа ұшулар, тың жерлерді игеру, т.б ортақ жетістіктеріміз болды. Осының барлығы қазақ қоғамындағы интернационализмді тек күшейте түсті.

Қазақстанда өркендеп жатқан Жеңіс күнін тойлау дәстүрін ұлтаралық қарым-қатынастың оң деңгейін көтермелеп отырып, біздің елімізде интернационализм өзінің басым жағдайын сақтап қалуының дәлелі деуге болады. Бүкіл адамзат тарихындағы осынау маңызды датаға, бұрынғы Кеңес Одағы халықтары басты үлес қосқан Жеңіске арналған іс-шараларға біздің көптеген этностардың өкілдерінен тұратын барлық жастағы адамдар жыл сайын және жаппай қатысады.

Алайда нацизмге қарсы соғыс біздікі емес болған, қазақ халқы үшін бұл Отанды қорғау күресі емес болған деген және т.б. идеяларды қоғамға еңгізуге тырысулар бұрын да болған, қазір де бар. Бірақ әзірге, Құдайға шүкір, қазақстандықтардың басым көпшілігінде Ұлы Отан соғысының тарихын басқаша пайымдау үшін мұндай әрекеттерге қарсы иммунитеті күшті. Біз әлемді нацизмнен құтқарған ата-бабаларымыздың ерлігін құрметтейміз, сол арқылы қоғамымызда интернационализм мәдениетін сақтаймыз.

Сонымен бірге, ұлтшылдық интернационализмге антагонист ретінде әрекет етпеуі мүмкін екенін (бірақ біз мемлекеттік ұлтшылдық туралы айтатын болсақ – бір мемлекетте тұратын барлық халықтардың өкілдері, олардың негізгі мүдделері ескерілетін ортақ саяси ұлтты құрған жағдайда, яғни, саяси ұлт нақты интернационализм принциптерінде қалыптасақанда ғана) түсіну қажет. Сонда мұндай мемлекеттің азаматы өз ұлтына да, басқа да тегіне қарамастан өз елінің ұлттық мүддесін ілгерілетуге зор үлес қосуға ұмтылады. Жалпақ тілмен айтқанда, біздің республикада интернационализм принциптерінде құрылған қазақстандық ұлтшылдық болуы әбден мүмкін.

Бірақ ұлтшылдықтың басқа да «оқылуы» бар, онда бір мемлекеттің ішіндегі әлеуметтік қатынастардың бір этникалық топтың айрықшалығын бекітуге бейімділігі бар. Бұл тәсілдің болашақ сценарийі белгілі: мұндай ұлтшылдық әдетте саяси ұлттың өзін де, мемлекетті де жойып жіберетін нацизмге айналады.