Жақын арада, 1 қыркүйекте, мемлекет басшысы кезекті саяси маусымды ашып, дәстүрлі Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды. Оның тоналдылығы қандай болады? Ел президенті саяси, экономикалық сипаттағы қандай бастамаларды жария етуі ықтимал? Одан біздің өмірімізде қандай өзгерістерді күтуге болады? Сөз мамандарға беріледі.
Бұрыхан Нұрмұхамедов, саясаттанушы:
«Қазіргі модельді өзгерту перспективаларын батыл түрде белгілейтін уақыт келді»
- Жолдауда мен алдағы 3-5 жылдары кезеңіндегі әлеуметтік-экономикалық дамудағы бетбұрыстың нақты контурларын көргім келер еді. Дәлірек айтатын болсақ, бұл қандай да бір бұлыңғырлықсыз, нақты белгіленген көкжиектерді (ондай сезім мемлекет басшысының көптеген саяси мәлімдемелерінде пайда болып отырады) белгілеу туралы болып отыр. Президент үнемі қоғамдық алаңға шығып тұрады, және шындығын айту қажет, ауқымды түрде шығады. Әр жолы оның сөйлеген сөздері дәйексөздер ретінде пайдаланылады, олар кез келген ыңғайлы немесе қолайсыз жағдайларда қолданылады. Бұл барлық жерде және соншалықты белсенді орын алып жатқаны соншалық болғандықтан, онша түсінікті емес болып отырғаны: бұл цитаталардың артында нақты нәрсе бар ма? Шыдығнын айтқанда, кей кездері бұл онша түсінікті емес. Менің ойымша, президентті және оның саясатын сипаттайтын нәрсе 5-6 негізгі бағытты қамтиды. Бірақ қазіргідей президент айтқаннан кейін үнсіздік сақтап отыра беруге болмайды. Ең бастысы – оларды үнемі дауыстап айтып, түсіндіріп, пысықтап, белгілі бір нәтижеге жеткізу қажет.
Ал нәтижеге, немесе, ең болмағанда, оны көздеуге келетін болсақ, онда үкіметтің тәуелсіздігінің жоқтығын ескеріп, басшылардың жауапкершілікті өз мойнына алуға қабілетсіздігін жіне оған дайын еместігін ескеріп, сондай-ақ жүйенің өзін-өзі жаңғырту циклінің тұйықтығын ескере отырып, кадрлық саладағы адамдардың өзгеруі іс жүзінде ештеңені өзгертпейтіндіктен, мемлекет басшысы өз Жолдауында қазіргі үлгіні өзгертудің келешегін батыл атап көрсеткенін қалар едім. Көбінесе істен алшақтап кеткен саяси элитаның ықпалында болатын ескі көзқарастағы менеджерлермен толтырылған ескі үлгі аясында табысқа сенім артуға болмайды.
«Саботаж» деген сияқты қатты сөздерге жүгінгім келмес еді немесе қандай да бір қастандық теориясын құрғым келмес еді, бірақ Бақыт Сұлтановтың мысалы – осының анық мысалы болып табылады. Ол адам ауыр сөгіс алып, жұмыс істемеуін жалғастырды. Оның қолданған мотивациясын түсіну қиын. Жағдайды өзгертпейінше, ол ұйықтамауы немесе күніне үш сағат қана ұйықтауы керек сияқты болып көрінеді, бірақ, біз білетіндей, ол бұл жолы да бәрі жақсы болады деп үміттенгендей, ештеңе істемегенді жөн көрді. Ал онда қазір осындай сұлтановтардың қаншасы бар?... Жүйені мұндай басқарушылардан тазарту процесі әлдеқайда белсендірек болуы тиіс. Таза практикалық артықшылықтардан басқа, мұндай ұстаным биліктің «Жаңа Қазақстанды» құру ниетін қоғамның қабылдауына үлкен әсер етеді.
Айман Жүсіпова, әлеуметтанушы, Eurasian Center for People Management жобаларының жетекшісі:
«Қауіпсіздікті қамтамасыз ету – ең бірінші кезектегі сұраныс болып табылады»
- Қазақстанда, барлығымыз білетіндей, қылмыстың көбейіп жатқаны байқалуда. Елімізді резонансты бандылық (қастерлі 1990-шы жылдардағыдай) қақтығыстар туралы жаңалықтар сілкіндіріп жатыр. Қылмыскерлер өкілдері өмірдің әртүрлі салаларына барған сайын көбірек енуде. Күні кеше ғана билік ұйымдасқан қылмыстық топтардың экономикалық қызмет саласына сәтті еніп жатқаны туралы хабарлады. Қылмыстың деңгейі бойынша рейтингте біз ТМД-ның көптеген елдерінен озып кетіп, 142 елдің ішінде 47-ші орында тұрғанымыз көрсеткіш болып отыр. Мұның барлығы Ресейден бұрын-соңды болмаған көші-қон ағыны, сондай-ақ шілдеде бұрынғыдан да тез қарқынмен көтеріліп, маусымдағы 14,5 проценттен 15 процентке жеткен инфляция аясында орын алып отыр.
Осылайша, бүгінгі күні Қазақстанда қауіпсіздікті қамтамасыз ету – ең бірінші кезектегі сұранысқа айналды. Бұл ретте азаматтарды алаңдатып отырған тек қана өз өмірін, денсаулығын, мүлкін қорғау мәселелері емес. Оларды азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі де бірдей дәрежеде алаңдатады. Бұл салада проблемалардың бар екендігін қанттың өткір тапшылығы көрсетті. Тек қана мемлекеттік деңгейдегі айқай-шудар кейін ғана қант өнеркәсібін дамытудың кешенді жоспарын әзірлеу туралы шешім қабылданды.
Біз ауыл шаруашылығы саласының Қазақстанның болашағы үшін, оның одан әрі жан-жақты дамуына және экономикалық өсімі үшін өмірлік маңызы бар екеніне тағы да көз жеткіздік. Оған қоса, оны көтерген жағдайда, елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлауынан ең көп қиындықтарды бастан кешіріп отырған ауыл тұрғындары үшін қосымша жұмыс орындары ашылатыны анық. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына осыған дейінгі өзінің жолдауларында агроөнеркәсіптік кешенде қолданылатын технологиялардың 90 проценті үмітсіз ескіріп кеткенін, бұл саланы жаңғырту қажет екендігін баса айтқан болатын. Бәлкім, бүгінде мұны қалай жүзеге асыруға болатыны туралы толығырақ тоқталып кету қажет болар.
Агроөнеркәсіп кешенін мамандармен қамтамасыз ету мәселесіне де тоқталып кеткен жөн, өйткені бүгінгі күні сала кәсіби кадрлардың тапшылығын сезініп отыр. Диқандарымыз бұл мәселені әлденеше рет көтергенімен, түпкілікті шешім сол қалпы табылған жоқ. Бәлкім, бір кездері «Атамекен» ұлттық палатасында кәсіпкерлерді оқытатындай шаруаларға, ауыл шаруашылығымен айналысатын жұмысшыларғ арналған арнайы курстар ұйымдастыру керек шығар.
Бір сөзбен айтқанда, Жолдауда ел қауіпсіздігі және оны қалай қамтамасыз ету мәселесіне баса назар аударылады деп ойлаймын.
Әсел Серікова, журналист:
«Халықтың мемлекетке деген сенімін арттыруымыз қажет»
- Қаңтар оқиғалары ішкі саясат пен қоғамдық өмірде тектоникалық өзгерістерге әкелгені жөнінде көп айтылды. Енді біз «Жаңа Қазақстанды» қүрып жатырмыз. Мемлекет басшысы жеке өзі жаңа болашақтың іргетасын «құйды», бұл, әрине, өте маңызды қадам болды. Бірақ мәселе сол қалпы осы құрылыс алаңында оның қаңқасын салуға кірісетін бірде-бір бригадир пайда болмағанында. Ал бұл – жоспарлы құрылыстың басталуы кейінге шегерілген сайын қаңтар трагедиясы тудырған азаматтық белсенділіктің біртүрлі оғаштау және гипертрофиялық сипаттарға ие бола бастайтыны тұрғысынан қарағанда өте алаңдатарлық қоңырау. «Жоғары жақтағылар» ұсына алатын қандай да бір нұсқаулардың жоқ болғандықтан, жалпы халықтық белсенділік шын мәнінде мағынасыз және аяусыз көтеріліске ауыса бастады. Ал жаһандық рецессия тудырған экономикадағы дағдарыстық құбылыстар оны мүлдем күтілмеген бағытқа ауыстырып жіберуі ықтимал.
Бұл міндетті түрде қанды қаңтардың сценарийі қайталанады деген сөз емес. Бұл тек қана өзінің шешілуін қажет ететін өте қауіпті жағдайдың қалыптасқанын көрсетеді. Оны қысқаша ғана сипаттайтын болсақ, бүгінде «төмен жақтағылар» ұйымдасқан болмаса да бірақ күшті қысым тобына құрылып жатыр, ал «жоғары жақтағылар» керісінше, олардың тартымды макетін жасауға өздерінің толық қабілетсіздігін көрсетеді. Олар президент ұсынған үлгілердің көмегімен болашақта өз позицияларын жоғалтып жатыр, демек, қаңтар оқиғасынан кейін мемлекет басшысының осыншама қиындықтармен қол жеткізілген сенімді де жоғалтып жатыр.
Бір жағынан стихиялы түрде пайда болған күштің болуы, ал екінші жағынан – ішкі саяси тұрақтылықты сақтау тұрғысында өкілеттіктің толық жетіспеуі кезінде қалыптасқан диссонанс өзімен бірге бірқатар тәуекелдер мен қауіптерді де алып келеді. Бұл қоғамның сұранысын ескере отырып, оларды теңестіру бойынша тиісті шаралар қабылдауды талап еткенмен қатар, ол, сондай-ақ қоғамды қалыптасып жатқан күн тәртібіне толықтай тартуды талап етеді. Ал әділеттікке деген сұраныс бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі болғандықтан, бұл тақырып алдағы Жолдауда да өзек болады деп ойлауымыз қисынды болар еді.
Әрине, осы әділеттілікке деген сұраныс өте аморфты және нақты тұжырымдалмағандықтан бұл қиын міндеттеме. Ескі Қазақстанның құрылысына қатысқандарға қатты наразылық таныту, оларды түрмеге жабу – бұл әділдік емес, бұл әдеттегі кек алу. Алайда, егер мұндай сұраныс орындалмаса немесе еленбей қалса, жағдай одан әрі нашарлай түседі. Мұнда бәрі түсінікті: «жоғарғы жақтан» құрылған вакуумға байланысты, президенттің саяси реформаларды жариялауы болған тежеу құралы шектеуші рөлін атқаруды тоқтатады. Референдумға «сүйсіну» де (одан кейінгі оң өзгерістердің халықтың көпшілігіне байқалмауына байланысты) біртіндеп сейіле бастады. Ал егер олар сезілген болса да, онда инфляцияның өсуімен олар әлдеқашан жоққа шығарылды.
Шындығында, мың жыл бұрынғыдай «тамақ» және «ойын-сауық» арасындағы парадигмада өмір сүрген «төменгі жақтағлар» екеуінен де айырылды, бұл әлеуметтік-саяси өмірде әртүрлі шектен шығуларға толы. Пандемияның, жаһандық экономикалық дағдарыстың салдарына байланысты мемлекет бұрынғы кездердегідей әлеуметтік мәселелерді ақшамен шеше алмай, қысылған жағдайда қалып отыр. Тиімді идеологтар болмаған жағдайда «ойын-сауық» жағынан мүлдем қиын болып қалды. Шын мәнінде, бүгінде төменнен қалыптасып келе жатқан келеңсіз күн тәртібін өзінше, оңды күн тәртібімен алмастырып, соған көпшілікті тартатын ешкім жоқ. Иә, кей кездері біз бұл алаңда ойнауға талпыныстарды байқаймыз, бірақ оны бастаған шенеуніктер немесе фарфор дүкеніндегі піл сияқты әрекет етеді, немесе популизмге түсіп кетеді, бұл, әрине, белгілі бір бонустар әкелуі ықтимал, бірақ тек ол сауатты түрде жүзеге асырылған жағдайда ғана.
Популизм – бұл тек қана уландырғыш емес, сонымен қатар ол – дәрі: барлығы дозаға байланысты. Қазіргі кездегі негізгі ағымды ескере отырып, жоғарыдан басталған популистік күн тәртібі белгілі бір дәрежеде қоғамдағы өсіп келе жатқан шиеленісті жеңілдетуге және тіпті (егер әрбір мұндай бастама кем дегенде бір рет әлеуметтік маңызды нәтижеге әкелетін болса) мемлекетке деген сенімді және олар жасайтын қадамдарда сенімді арттыруға сеп бола алар еді.
Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, мен президенттің Жолдауында қазіргі қиын, тіпті дағдарысты кезеңде аталған қауіп-қатерлерді және тәуекелдерді барынша азайтуға және қоғамды оның негізгі талабы – атаулы «әділдіктің» қалпына келуі жөніндегі сұранысты жүзеге асыруға бағытталған нақты шаралардың төңірегіне топтастыруға қабілетті идеялар мен жоспарлар көрініс тапқанын қалар едім.
Осы сияқты шаралар барынша әртүрлі болуы мүмкін және олар нешетурлі салаларға әсер етулері ықтимал. Мысалы, олардың бірі «Қазақстан халқына» деп аталатын қордың трансформациялануынан көрінеді, оның негізгі міндеті ірі бизнестің жарналары есебінен халықтың аса маңызды әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады. Қор, әрине, жұмыс істеп жатыр, кейде тіпті олардың қол жеткізген нәтижелері жөнінде хабарланады. Бірақ тұтастай және жалпы тұрғыдан алғанда, ол рәсімдердің жетілмегендігі мен шектен тыс бюрократияланып кеткені үшін үнемі сынға ұшырайды. Алайда, ең бастысы бұл да емес, қордың барлығына және әрқайсысына деген әділеттілікке қоғамдық сұранысты жартылай қанағаттандырумен байланыстырылмайтынында. Бәлкім, сирек кездесетін генетикалық ауруға шалдыққан балаларға көмек көрсетумен қатар, оның негізінде «қызмет алушылардың» кең ауқымына әлеуметтік кепілдіктер беруге бағытталған жобаларды қаржыландыру ашылатын болса, бұл мәселе ішінара шешілетін болар еді.
Мысалы, буллингке қарсы Қазақстандық орталық құру осындай жобалардың бірі болуы мүмкін еді. Буллинг мәселесін және оның салдарын бір жылдан астам уақыт бұрын президент анықтаған болатын, бірақ ол мәселе өз шешімін осы күнге дейін сол қалпы таппады. Заң шығару бастамалары, олар жан-жағын терең қарастырылмастан жасалғындықтан күтілгендей сәтсіздікке ұшырады. Сонымен қатар, балалар және жасөспірімдер арасындағы буллинг тек қана көбейіп, оның үстіне қорлауды сексуализациялау сияқты жаңа ұсқынсыз нысандарға ие болып жатыр. Шын мәнінде, бұл қазірдің өзінде ұлттық апатқа айналып, тіпті суицид санының артуына тікелей әсер ете бастады.
Басқа да ықтимал қадамдар жөнінде ой жүгіртіп көруге болады. Атап айтқанда, тарихи әділеттілікті қалпына келтіру туралы сияқты. Соңғы кездері көршілес елдерден қазақ мемлекеттілігіне, Қазақстанның өз аумақтарына құқықтарына қатысты ақпараттардың жиілеп кетуі қоғамның психоэмоционалдық жағдайына кері әсерін тигізіп, осы тақырыпқа әуестенуге, белгілі бір топтарды радикалдануға әкелетінін бәріміз жақсы көріп отырмыз. Қоғам мұндай «басқыншылық әрекеттерге» лайықты жауап беруді талап етеді.
Алайда дипломатиялық корпус пен саяси элита өкілдерінің бұл шабуылдарға реакциясы жеткіліксіз деп қабылданады. Неліктен арнайы комиссия құрып, оның арқауы ғалымдар, соның ішінде шетелдік те, ауқымды зерттеулер жүргізіп, деректерді жүйелеп, дәлелдемелік қорымызды жаңа «тарихи дәлелдермен» жаңартып отырмасқа? Шындығын айтатын болсақ, осыған ұқсас нәрсені белгілі бір уақыт кезеңімен шектелгенмен, мемлекет басшысы да ұсынған болатын. Әңгіме саяси қуғын-сүргін құрбандарын түпкілікті ақтау жөніндегі комиссия құру жөнінде болып отыр. Оның жұмысымен үлкен үміттер байланыстырылған болатын, бірақ ақыр-соңында бұл идея әбден құнсыздандырылып және бұрмаланып қалды, бүгінгі кездегі комиссияның қызметі туралы (комиссияның алған нәтижелерін тіпті айтпай-ақ) ешқандай хабар жоқ.
Ары қарай жылжимыз. Көпұлтты мемлекеттерге тән ұлттық сана-сезімнің өсуі және ұлттық сәйкестіктің азапты қалыптасуы қоғамның басым бөлігінде «қазақтарға арналған әділдік» деген сұранысты тудырды. Бұл Қазақстанның барлық басқа ұлттарының сіңісіп кетуін көздейтін байырғы этностың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүріне сөзсіз құрметтеуен қарау, жаппай қазақтандыру талабынан көрінеді. Мұндай сұранысты қанағаттандырудың ауыртпалықсыз механизмдері жоқ (кем дегенде, жақын болашақта), өйткені елімізде титулды емес этнос өкілдерінің айтарлықтай көп бөлігі бар. Бірақ бұл мәселе төңірегіндегі шиеленісті біршама азайту үшін қазірдің өзінде көші-қон заңнамасын қатайту бағытында қоғам белсенділері де, кейбір депутаттар да ұсынған жолды ұстануға әбден мүмкін. Атап айтқанда, Ресей Федерациясынан үлгісіндей, шетелден келетін Қазақстан азаматтығын алушылардың мемлекеттік тілді, сондай-ақ мемлекет құраушы этностың тарихын, әдет-ғұрпын және мәдениетін міндетті түрде білуіне қатысты талаптарды енгізуге болады.
Бүгінгі қоғамдық-саяси пікірталастағы өзекті тақырыптардың бірі – шетелге заңсыз шығарылып әкетілген активтерді қайтару. Осы тұрғыда бұл тақырыпты маргиналды саяси орта да, мемлекеттік институт өкілдері де монополиялап алғаны анық. Біріншілері осы мәселеде банальды паразиттауымен, екіншілері – әрекеттердің тиімсіздігімен ерекшеленеді. Сонымен қатар, жеке секторда осындай мәселелерді шешудің тексерілген тетіктері бар және шенеуніктердің шамадан тыс қамқорлығынан босатылған арнайы құрылым аясында мемлекеттің қолдауымен елге ақшаны қайтарудың бірқатар маңызды прецеденттерін құра алатын көптеген мамандар бар. Бірақ бұған ешкім қызықпайды деген сезім туындайды.
Сол сериядан тағы да бір мысал. Тәуелсіздіктің бүкіл тарихы бойы қоғамда жер қойнауын пайдалануға шетелдік инвесторлармен жасалған келісім-шарттардың әділетсіздігі жөніндегі әңгімелер айтылып келді, оның үстіне олар кейде негізсіз емес. Бұл ретте Қазақстан да ұстанатын нормаларын халықаралық құқықпен қорғалатын шетелдік компанияларға қарсы фронтальды шабуыл жасау мүмкін емес болып отыр. Алайда, біздің қоғам (онда құқықтық нигилизм үстемдік етеді) мұны биліктің жұмсақтығы деп және олардың кейбір сыбайлас жемқорлық схемаларына қатысуы мүмкін деп қабылдайды.
Ал, бұрынғы кездері жасалған келісім-шарттарға қатысты әділеттілікті қалпына келтіру соншалықты утопиялық нәрсе емес. Өйткені, бұрынғы кездері де осындай прецеденттер болған, тіпті қазірдің өзінде де басынан аяғына дейін есептеліп әзірленген жобалар бар. Жалғаз осы ғана кейстің жүзеге асырылуының өзі, сарапшылардың айтуынша, бюджет кірісін екі есеге арттыруды қамтамасыз ете алады, бұл елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайына оң әсерін тигізіп қана қоймай, азаматтардың мемлекетке деген сенімін арттыра түседі, және, тиісінше, ықтимал себептері жоғарыда аталған тұрақсыздық қаупін азайтады...