Саяси орта президенттік жарыстың басталуына өз реакциясын білдіруге негізсіз ұзақ уақыт жіберді, бірақ ол оянғаннан кейін оның бекер екендігі түсінікті болды. Логикалық тұрғыдан қарағанда, алынған үзіліс оның ортасында байыпты және тәжірибелі ойыншыларды ұсыну үшін ішкі резервтерді іске қосуға түрткі болып, белгілі себептермен қазіргі мемлекет басшысына нақты бәсекелес бола алмағанымен, кем дегенде оған лайықты орта болуы тиіс еді. Алайда, өкінішке орай, олардың күш-жігері тек өңсіз, саяси тұрғыдан түсініксіз, ештеңеге жарамайтын және ешнәрсеге тұрарлықсыз «кандидаттық минимумды» қалыптастыруға ғана жетті. Алайда, негізсіз сөз айтпайық.
Нағыз «қазақ қызы»: рухани жетекші ме, әлде қолдауы бар кәсіпкер ме?
Еліміздегі жоғары лауазымға ең «резонансты» үміткері – ҚР президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, Астана әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі, елорданың қоғамдық кеңесінің мүшесі Қарақат Әбден болып шықты. Бұл кандидаттың Мемлекеттік кірістер министрлігінде және Қаржы министрлігінде жұмыс істеген тарихы бар. Ол бірнеше жыл бойы Мемлекеттік басқару академиясының Ұлттық мемлекеттік саясат мектебінде екінші адам болды, «Нұр Отан» партиясының жетекшілігінде жоғары лауазымды қызметте болды, елорда мәслихатында отырды. Бірақ қазақстандықтарды Қарақат Әбденнің есімін естігенде оның өмірбаянының әсерлі мансаптық иректері емес, оларды осы көрнекті әйелдің (ирониясыз) соңынан еріп жүрген өткен өміріндегі түсініксіз жағдайлар толғандыра бастайды.
Ұлттық «даңққа» ол өзінің жазушылық қабілетінің арқасында ие болды. Оның үш жыл бұрын жарық көрген «Сен қазақтың қызысың. Мақтан ет!» деп аталатын кітабі қазақ қоғамында бұрын-соңды болмаған сенсация тудырып, оны табиғи түрде екіге бөліп тастады. Табиғи түрде дейтініміз, адамгершілік туралы осы трактаттың көптеген оқырмандарының пікірінше, «егер бұл кітап біреуді тәрбиелесе де, онда тек көкөністі ғана», өйткені бұл қыздарды кез келген қорлыққа шыдайтын, мылқау қызметшілерге айналдыруға арналған нұсқаудан басқа ештеңе емес. «Жазушы» өзінің арғы әжесінің тоғыз жасында тұрмысқа берілгенің ұлттық салт-дәстүр ретінде сүреттеген эпизод ерекше эмоциялар дауылын тудырды, ал Қарақат Әбден дәл сол дәстүрлердің қайта оралуына барлық күш-жігерін жұмсап жатыр.
Бір сөзбен айтқанда, бестселлерге айналып кеткен опустың авторы лайықты түрде ұлтшылдығы және сексизмі үшін айыпталды. Неліктен? Түсіндірудің қажеті жоқ деп ойлаймын – бәрін түсіну үшін бүгінгі кандидаттың пайымдауларын оқып шығу жеткілікті, бірақ кейбіреулер кітаптың бағасы «дәретхана қағазы үшін сәл қымбаттау» дейді (бұл кітап дүкендерінің бірінің сайтында жарияланған тікелей цитата– ескерту ред.).
Түсіндіріп кететін жайт: қазіргі қоғам тұрғысынан осындай қарама-қайшылықты «қазақ қызының» бейнесін жасап, оны халық қазынасы дәрежесіне көтеру – Қарақат Әбденнің бұрыннан келе жатқан арманы. Ол көп жылдар бойы қолынан келгенінше өз арманын жақындатуға тырысып келді – әуелі осыған аттас қоғамдық бірлестікті ұйымдастырды, одан кейін Мәдени-адамгершілік тәрбие институтын ашты. Бірақ шындығына келгенде, оның асқақ арманының жүзеге асырылуына үлкен көлеңке түсті. Оның авторлығымен жағымсыз кітап шыққаннан кейін қоғам қайраткерлері бұл әдеби туындының мазмұнына ғана емес, сонымен қатар жасаушының тұлғасына да қызығушылық таныта бастады. Және олар көптеген қызықты нәрселерді анықтағанын мойындауымыз қажет. Атап айтатын болсақ, Қарақат Әбденнің көптеген «қалаулары», неге екені белгісіз, негізінен бюджет қаражатына іске асырылған. Оның «асыл қыздар институты» деген лақап атқа ие болған құрылымына үш жылдың ішінде 2016-2019 жылдар аралығында қыздарды атқа мінуге, гольф ойнауға, музыкамен айналысуға, сурет салуға, киімдерді пішіп тігуге, аспаздық даналықтың қыр-сырын үйренуге қазынадан 220-ға жуық миллион теңге аударылды, ол жайлы мемлекеттік сатып алу порталында егжей-тегжейлі сипатталған. Сатып алулар бір көзден алу арқылы тікелей келісім-шарт жасалып жүзеге асырылғаны назар аударарлық нәрсе.
Қарақат Әбденнің ауызынан шығып кеткен мемлекеттік мекемелердің «Қазақ Қызы» брендіне деген оғаш сүйіспеншілігі туралы айтылған бұлынғыр түсініктемесінен кейін тұтанған дау-дамайдан соң, оның мемлекеттік бюджетті игерумен тығыз байланысты бизнесі жабылды. Дәлірек айтқанда, бизнестің өзі қалды, бірақ оны қазынамен байланыстыратын ақша құбыры, кем дегенде ресми түрде, жабылды. Бұл оқиға жария болғаннан бері мемлекеттік сатып алу порталында «Қазақ Қызы» институты мемлекеттік мекемелерге қандай да бір қызмет көрсететін бірде-бір жаңа келісімшарт пайда болған жоқ. Әрине, нақты бірдеңе айту қиын, бірақ Қарақат Әбденнің үлкен саясатқа баруы оның келесі арманының орындалу үмітінен немесе ескі арманын (ол үшін «аз ғана нәрсе» – мемлекеттік инвестиция жетпей тұрғандықтан) еске түсіруден емес екеніне кім кепіл бола алады? Дегенмен, бұл сұрақ риторикалық сұрақтардың қатарына жатады.
Қалай болғанда да, президенттікке осы кандидатура халықтың алдына сайлау алдындағы қоржынындағы қандай жиынтықтарымен шығатынын ықтималдықтың үлкен үлесімен болжауға болады. Сірә, оның саяси бағдарламасының негізі – біздің қоғамды «рухани жаңғырту» қажеттілігі болар. Қарақат Әбден артығымен көрсетіп үлгерген бұл саладағы көзқарастардың тарлығы және баяндауыштардың шектелгендігі болмаса, бұл жалпы алғанда жақсы нәрсе болар еді. Оның себеп-салдарлық байланыстар туралы көзқарасын және оның әкелетін қорытындыларын шексіз талдай беруге болады, бірақ біз оқырманның уақытын алмай, кез келген мәселеде, мейлі ол қаржылай тәуелділіктің немесе ажырасулардың артуы болсын, жетімдіктің жоғары деңгейі болсын немесе жезөкшеліктің кең таралғаны болсын, оның барлығына бір ғана нәрсе – қыздардың дұрыс тәрбиеленбеуі кінәлі. Қарақат Әбденнің пайымдауынша, рухани жаңғырудың бастауы – оқу орындарына ұлттық бояулары бар формалардың енгізілуі.
«Режимнің құрбаны»: интеллектуал ма әлде жасырын әрекеттенуші ме?
Президенттің креслосына үміткер болуға тырысып жүрген тағы бір айтарлықтай танымал кейіпкер – мәжіліске билік партиясынан келген бұрынғы депутат Нұржан Әлтаев. Онымен жеке сөйлесу бақытына ие болғандар оның керемет интеллектуалдық қабілеттері туралы айту міндет деп есептейді (бұл шын жүректен айтылғанына сенгім келеді). Ал бірақ Әлтаевтың өмірлік жолдарын сырттай бақылайтындар бұған үлкен күмәнмен (және негізсіз емес екендігін мойындауымыз керек) қарайды. Орталық сайлау комитетіне тіркеуге күмәнді құжаттарды, оларды дауға салуға толық мүмкіндігі бар болғанына қарамастан тапсыру үшін қандай ерекше зияткерлік қабілеттерге ие болу керек? Осы фактінің өзі оның ақыл-ойының сынағы ретінде қызмет етуі тиіс. Екінші жағынан, Әлтаевқа қатысты жағдайда нақты қорытынды жасауға болмайды, өйткені оның өзі саяси кеңесте негізінен қырымен қозғалуды жөн көреді.
Нұржан Әлтаевты бүгінде бұқара санасында байланыстыратын жалғыз ғана нәрсе – дау-дамайлар және хайп, соның салдарынан кейбір сарапшылар оған мықты саяси қайраткер болу үшін мүмкіндік қалдырмайды. Бірақ олары бекер, өйткені оның әрбір абсурдтық мәлімдемелері немесе қимылдары өте нақты мақсаттарға ие және оның тоқтаусыз бастала беретін шулы дүрбелеңдері оларға жетудің ең тиімді жолы болып табылады. Өзіңіз бағалаңыздаршы.
Екі жыл бұрын Әлтаевты «Нұр Отанның» беделіне нұқсан келтіргені үшін жұртшылықтың алдында айыптап, «масқаралап» партиядан қуып жіберген болатын. Бірақ ол өзі үлкен шығындар мен күш-жігер жұмсай отырып осы мақсатқа ұмтылғанымен дауласа алатын адамдар аз шығар. Сөйтіп ол жанжалға қол жеткізді. Оның не үшін керек болғаны айдан анық – Әлтаев оппозиционер ретінде көрініп, өзінің саяси жобасын - «Ел тірегі» партиясын іске қосып, қалың жұртшылықтың назарын өзіне аударту үшін тез арада фон жасау қажет болған. «Режимнің күзетші иттері» тарапынан құрбандыққа ұшыраған партиялық алаңдағы жаңа құрылымның жетекшісіне айналу – бұл мәселені шешудің ең нашар нұсқасы емес.
«Ел тірегінің» тіркелу тарихында да (дәлірек айтқанда, оған жол бермеу тарихында) осыған ұқсас параллельдер туындайды. Әлтаев өз құрылымын заңдастыруға 14 әрекет жасады, алайда олардың барлығы да сәтсіздікке ұшырады. Әрине, бұл ашулануға және кезекті жанжал шығаруға жақсы себеп болып табылады. Жанжал сәтті болды, бірақ оның түкке тұрғысыз екенін бәрі жақсы біледі, өйткені «Ел тірегі» көшбасшысы тізімдерге, өз жақтастарының арасына өлі жандарды қоса отырып, Әділет министрлігі оны қайтарып жіберу үшін бәрін де өз қолымен жасады. Келісіңіздерші, адам бір тырмаға ондаған рет басып, маңдайын қайта-қайта жарып жатқаны таңқаларлық емес пе, бірақ ол сол әдістен бас тардуды ойламайды. Бұл тіпті клиниканың бір түрі ғой.
Осы ретте, Нұржан Әлтаев әр жылдары екі министрлікте жоғары лауазымды қызметтерді атқарғанын, парламент депутаты болғанын, яғни оның психикалық денсаулығын растайтын анықтамасы бар екенін еске сала кеткеніміз жөн болады. Оған қоса оның иелігіндегі іскерлік әкімшілендіру докторы дәрежесі де бір нәрсені міндеттейді. Мұнда «режим құрбанының» келесі ойыны келесі мақсатқа жету үшін маңызды екенін қисынды түрде көрсетеді деген қорытынды туындайды. Ал осы тұрғыда бір ғана мақсат болуы мүмкін – қоғамдық пікірде оппозициялық статуста орын алу және саяси спектрдің осы сегментінде ұсынылған басқа ойыншылармен байланыс орнату. Бірақ «не үшін?» деген сұраққа қазір басталып жатқан сайлау науқаны беруі тиіс.
Мұнда шын мәнінде екі ғана нұсқа бар. Және олар түбегейлі қарама-қарсы. Бір жағынан, Әлтаев наразылық әлеуетін жинақтау және оны қауіпсіз арнада ұстау міндеті бар атышулы сатқын ретінде әрекет етуі мүмкін. Екінші жағынан, оппозициялық майданның жетекшілерімен ынтымақтаса отырып, сайлау нәтижелерін толықтай бұрмалады деп айыптау арқылы елеусіз, бірақ айтарлықтай тиімді әрекетті пайдаланып, жаппай наразылық шерулерін ұйымдастыруда шешуші рөл атқаруы ықтимал.
Бұл сценарийлердің қайсысы іске асырылатыны жөнінде тек болжауға болады, өйткені бұл жерде соңғы сөз Әлтаевтің өзіне емес, оның «иелеріне» тиесілі. Ал жақында ОСК-ға ұсынылған «жалған құжат» мұны растайды, өйткені ол маневрлер жасауға кең өріс тудырады. Кем дегенде, «иелеріндеа» өз «адамына» қоғамдық-саяси тұрақсыздық үдерісін бастайтын «шабуылға» командасын беруге немесе оның алдын алу үшін ойнай алатын «тоқта» деген нұсқауды беруге мүмкіндігі бар. «Ел Тірегі» көшбасшысының осы «иелерінің» арасында, қауесеттер бойынша, өте байсалды адамдар бар, бірақ олар «ескі Қазақстаннның» мұрасын қайта қарау нәтижесінде сөзсіз қауіп аясында қалып отыр. Айтылып жатқандай, олар қазір өздеріне және көптеген бизнес активтеріне кепілдік алу үшін сауда-саттыққа қатысып жатыр. Ал осы «мақтаншақтық жәрмеңкесі» қандай нюанстарға ие болатынына Нұржан Әлтаевтың мінез-құлқы да байланысты болады.
Президенттікке өзге үміткерлер туралы келесі жолы әңгімелесеміз...