Президенттік сайлау өткізілді. Қазіргі мемлекет басшысы өте сенімді жеңіске жетіп, алдағы жеті жылға мандат алды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың екінші президенттік мерзімі өте үлкен күш-жігерді талар ететуші және күрделі сынақтарға толы болатыны анық. Оның алдында жарияланып қойған реформаларды жүзеге асыруға да, сонымен қатар еліміздің ішінде де, шетелде де жылдам өзгеріп тұратын саяси және экономикалық шындыққа жедел және нақты жауап беру қажеттілігіне байланысты кең ауқымды міндеттер тұр. Қазақстанның ұзақ мерзімді перспективада өмір сүруге тура келетін жаңа парадигманы қалыптастыру көп жағдайда еліміздің даму әлеуетіне қысым жасайтын жағымсыз факторлардың жиынтығына қаншалықты лайықты жауап берілетініне байланысты.
Бәлкім, бүгінгі күннің ең күрделі сын-қатерлері Қазақстан мен әріптес мемлекеттер арасындағы қалыптасқан қарым-қатынастарға ғана емес, сонымен қатар ішкі саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайға да тікелей әсер ететін геосаяси катаклизмдермен және дағдарыстармен байланысты болар. Осы орайда, президент өзінің сайлауалды бағдарламасында бұрын-соңды болмаған сыртқы қауіп-қатер жағдайында еліміздің тұрақтылығын сақтау міндетін жай белгілеп қана қоймай, оны шешудің жолдарын айқындап бергені ерекше көзге түседі.
Әңгіме ұлттық мүдделерді қорғауға, барлық мүдделі мемлекеттермен өзара тиімді ынтымақтастықты нығайта түсуге, сондай-ақ халықаралық және өңірлік қауіпсіздікті нығайтудың алдын алу тетіктерін дамытуға бағытталған сыртқы саясатты құру жөнінде болып отыр. Жалпы алғанда, Қасым-Жомарт Тоқаев түсіндіріп кеткендей, бұл курс: «Біз Қазақстанды халықаралық аренада бірегей ұлттық мәдениет елі және бейбітшілік, келісім, мейірімділік, толеранттылық аумағы ретінде танытатын боламыз» - деген айнымас базисте негізделген. Бірақ лапылдап жанып жатқан көмірі бар тұңғиықтың үстінде шебер теңестіріліп жүру үшін «дәстүрлі жиынтық» жеткілікті ме?
Біздің өтінішіміз бойынша сарапшылар барлық оң және теріс жақтарын талдай отырып, жаңадан сайланған мемлекет басшысы бөлінген уақытта қандай сыртқы саяси қадамдар жасай алатыны жөнінде өздерінің болжамдарымен бөлісті.
Замир Қаражанов, саясаттанушы:
«Бізге өзгерістерге бейімделе отырып, жаңа күйзелістерге дайын болуымызға тура келеді»
- Екінші президенттік мерзімінде пайда болып жатқан геосаяси тәуекелдер мен қауіптерді ескере отырып, сыртқы саясат жолында сіз президенттен қандай іс-әрекеттер күтіп отырсыз?
- Біз «өзгеріс дәуіріне» аяқ бастық, ал егер қытай мақалына сенсек, бұл қиын кезең болмақ. Барлығы тұрақсыз және болжау мүмкіндігі жоқ – жағдай жеті жылдық кезеңді айтпағанда, бір ай ішінде түбегейлі өзгеріп кетуі ықтимал. Оның себебі бетінде жатыр. Біз геосаяси шиеленістің күшеюін көріп отырмыз, ал осы жағдай әлемдік тәртіптің құлдырап бара жатқанының дәлелі болып табылады.
Ресей Федерациясы президенті Владимир Путиннің айтқан сөздері бойынша, «халықаралық қатынастардың бүкіл жүйесінде қайтымсыз, тектоникалық өзгерістер орын алды». Бірақ қайта оралуға мүмкіндік болмайтын нүкте өтіліп қойды деп сенімді тұрде айтудың қажеті жоқ. Әлемдік тәртіп елдер әртүрлі себептермен жаһандық деңгейде тұрақтылықты сақтай алмайтын кезде ғана, оны қаламаған жағдайда және оған дайын болмаған кезде ғана өзгереді. Мысалы, жүргізушілердің өз-өздерін жолда осылайша ұстауы бейберекетсіздікті ғана емес, сонымен қатар жазатайым оқиғаларды, соның ішінде өлімге әкелетін оқиғаларды тудыруы ықтимал.
Әлем, ал одан кейін Қазақстан да осындай көлік жүргізу ауыр зардаптарға толы, қауіпті жолға түсті. 2022 жылы біз оларға тап болдық. Бірақ елдер арасындағы сенім қайта өз қалпына келмегенше, бұл үрдіс жалғаса береді. Ал сенімділікті қалпына келтіру үшін жылдар кететін болады. Бір ғана жұбататын нәрсе – мемлекеттер өзара келісімдерге келуге тырысып жатыр.
Оның жарқын мысалы ретінде Қытайдың және Американың көшбасшылары Си Цзиньпин мен Джозеф Байденнің G-20 саммитіндегі АҚШ пен Қытай арасындағы бәсекелестік жаһандық апат қаупімен жаңа «қырғи-қабақ» соғысқа ұласып кетпеуі тиіс деген диалогын айтуға болады.
Мұндай жағдайда біздің елімізге өзгерістерге бейімделіп, жаңа сілкіністерге дайын болуға тура келеді. Бұл тұрғыда онымен салыстырғанда, біз үшін соңғы жылдары аймақтық ынтымақтастық күшейген Орталық Азиядағы үдерістері әлдеқайда болжамдырақ болып табылады. Қазақстан өз күш-жігерін жақын көршілерімен қарым-қатынасты дамытуға бағыттауды жөн көруі ықтимал. Мұндай қадам бізге қоршаған әлемде орын алып жатқан бейберекетсіздіктен туындаған шығындардың орнын толтыруға мүмкіндік береді. Әрине, соңғы 30 жыл ішінде Орталық Азияда өз проблемалары да жинақталып қалды, бірақ, ең болмағанда, аймақ елдері бірігіп әрекет ететін болса, оларды өз бетінше жөнге келтіре алады.
- Қандай факторлар – қазірдің өзінде орын алып отырған немесе жақын болашақта туындауы ықтимал факторлар – президенттің сыртқы саясат саласындағы шешімдеріне қысым жасайтын болады?
- Еліміздің экономикалық, азық-түліктік, энергетикалық, жалпы ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге нұқсан келтіретін кез келген факторлар қысым жасайтын болады.
- Басталып кеткен геосаяси трансформацияның барысында мемлекет басшысы ұстанып отырған көпвекторлық принциптің артықшылықтары көбірек пе, әлде минустары ма?
- Көпвекторлы саясатты Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері жүргізіп келген болатын. Сол кезде ол көпжақты саясат деген атау алған, содан кейін көпполярлық деп аталатын. 30 жыл ішінде Қазақстан да, оның айналасындағы әлем де өзгерді. Бірақ сыртқы саясаттың принциптері сақталып келді. Бұл, ең алдымен, басқа мемлекеттермен сенімділік және тату-тәтті көршілік қарым-қатынасты сақтап қалу. Қазақстанның ұстанып отырған сыртқы саясаты сырттан келетін әскери қатерлерді төмендетуге, қауіпсіздікті нығайтуға, инвестиция ағынын арттыруға, жаһандық экономикаға және халықаралық қатынастар жүйесіне жұмсақ интеграциялауға мүмкіндік берген болатын. Біздің еліміз үшін бұл саясат прагматикалық болған, серіктестер үшін қолайлы болған, өйткені онда өзара мүдделер ескерілген болатын.
- Қазақстанның көпвекторлы саясаты жаңа шындықтарға бейімделе ала ма?
- Иә, бейімделе алады деуге болады. Біз «қырғи-қабақ соғыс» жағдайында өмір сүріп жүрген жоқпыз. Дүние бытыраңқы болып кетті, бірақ ол мемлекеттер кіммен бірге өмір сүруді таңдауға мәжбүр болатындай әскери-саяси блоктарға бөлініп кеткен жоқ. Қазақстанның көпвекторлы саясатының тіпті жаһандық дүрбелең жағдайында да артықшылықтары бар. Ол сыртқы әлеммен ынтымақтастықты әртараптандыруға және барлық «жұмыртқаларды» әртүрлі «себеттерде» сақтауға мүмкіндік береді. Егер әріптестердің біреуінде проблемалар пайда болса, Қазақстан әрқашан басқа елдермен ынтымақтастықты нығайта алады, сауданы, инвестиция ағынын қолдай отырып, өз экономикасының өсуін қамтамасыз ете алады.
Қазбек Бейсебаев, «Халық сенімі» азаматтық қозғалысын құрудың бастамашысы, экс-дипломат:
«Тоқаев міндетті орындай алады»
- Мемлекет басшысы өзінің алдына қойған басты мақсаттардың бірі – бұрын-соңды болмаған сыртқы сын-қатерлер жағдайында еліміздің тұрақтылығын сақтап қалу. Оған іс жүзінде қол жеткізу мүмкін бе? Әлде қалыптасып жатқан геосаяси қауіптердің ауырлығы осы мақсатқа жету мүмкіндігіне күмән тудыруға қабілетті ме?
- Алдымен естеріңізге салып кету қажет – президент Назарбаевтың тұсында Тоқаев ұзақ жылдар бойы, 1990-шы жылдары және «нөлдік» жылдарда сыртқы саясатқа жауапты болған. Біз өзіміздің барлық көршілерімізбен және басқа елдермен жақсы қарым-қатынаста болғанымызда, ешкіммен ұрыспағанымызда оның да еңбегі бар. Сонымен қатар, ол Қытай бойынша ұлкен маман, сондықтан ол осы әлемдік державамен қарым-қатынасты қалайша орнату қажет екендігін біледі. Бүгінгі күні, бүкіл әлемнің экономикасы және саясаты Қытайға тәуелді болған кезде, бұл өте маңызды. Сондықтан, геосаяси тәуекелдер мен қауіп-қатерлердің өршіп тұрған кезеңінде мемлекет басшысы ретінде олардың туындау сипаты мен теңестіру жолдарын түсінетін тұлғаның болуының өзі Қазақстан үшін үлкен плюс.
- Әлемдік саясаттың қыр-сырын түсінетін бұрынғы дипломат ретінде сіз қалай ойлайсыз: Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары санатты арқанда серуендеуші рөлін атқарып, әртүрлі сыртқы саяси сын-қатерлердің арасында нәзік тепе-теңдік таныта ала ма?
- Қазір біз АҚШ бастаған Батыстың және Ресейдің арасындағы, сондай-ақ АҚШ-тың және Қытайдың арасындағы текетірестің куәсі болып отырмыз. Ресей мен Қытай жай ғана біздің көршіміз емес, олар біздің серіктесіміз әрі одақтастарымыз. Батыспен біздің ұзақ мерзімді экономикалық байланыстарымыз бар. Әрине, бұл факторлар Қазақстанға әсер ететін болыды, сондықтан бізге көпвекторлы саясатты ұстану оңайға соқпайды. Сонымен қатар, бізге қалай да болмсын осы орталықтардың барлығымен тең дәрежеде қарым-қатынас орнатуымызға тура келеді. Президент Тоқаев бұл қиын міндетті орындай алатынына сенімдімін.