Қаңтардағы тәртіпсіздіктерден кейін елімізде қалыптасқан жағдай баяғыда ұмыт болған кеңестік дәуірге ұқсайды. Естеріңізге түсіріңіздерші, 1980 жылдардың ортасында, қайта құру дәуірінде, плюрализм мен ашықтыққа қол жеткізген халық (бұрын ол ақпаратттық ашаршылықта болатын) өте жағымсыз хабаршыларды дыбыстаушылар ретінде таңдап, оларға өздерін ешбір жазасыз алдап, жалған ақпарат беруге, шындықтың орнына ертегілер айтуға мүмкіндік берді. Әдемі сөздерді ұнататын халықты «ақымақтандыратын» дәл сондай тетігі бүгін де іске қосылды.
«Тірі өліктердің» шабуылы
Бұл процестің сипатты белгісін барлық тесіктерден шыға келген әртүрлі жолақты популистер тобы деп есептеуге болады. Тіпті «жаназасы шығарылып» үлгергендер де «тіріліп кетті». Мүмкін, дүниенің бір жерлерінде қиын кезеңдер, Дубайдың негізін қалаушысы айтқандай, күшті адамдарды дүниеге әкелетін де шығар, ал бізде болса – баяғыда тарихтың қоқсықтарының арасында болуы тиіс суайттардың көбігін ғана судың бетіне шығарады.
Мысал үшін, 1990 жылдардың ортасынан бастап тікенінен жасалған тәжді соншалықты жиі киіп көргендіктен, оның өткір инелері бұл кісінің миының жұмысына үлкен нұқсан келтірген көрінеді. Нарымбайдың жұртшылықтың алдына шықпаған бейнесі қалмады. Біресе ол үлескерлердің құқығы үшін күресуші болды, біресе менмендікпен банктерден несие алып, қарызын өтей алмай қалған азаматтардың қорғаушысы болды. Мінеки, енді ол ұлттық мүдденің қамқоршысының бетпердесін киіп, байырғы қазақ жерлерін өзбектерден тартып алмақшы болды. Ал енді кенеттен біз бәріміз қазақ даласында жасырынып жатқан орыс текті «бесінші колоннамен» күресуге шақырған түкті ұлтшылдың бейнесі ашылғанына куә болдық. Ол тек шақырып қана қоймай, қолға қару алуға, оның үстіне нақты қаруды – винтовкалы аңшылық мылтықтарды қолға алып, солардың көмегімен «орыс сепаратистеріне» оқ атуға тура келеді дей отырып арандатады.
Бұл ретте Нарымбай бастапқыда сенім жүйесі ретінде интернационализмді қабылдап, идеологиялық «каминг-аут» жасап, өзін коммунистпін деп ел алдында жариялайды да, біраз уақыттан кейін өз ойын өзгертіп, «Алаш» партиясын құруға ниетті екенін мәлімдейді. Ертең немесе арғы күні (қазір жасаған қылмысы үшін жазасын өтеп жатқан түрмеден босатылған соң) Ермек, көріпкелге барудың да қажеті жоқ, өзінің саяси алаңның маңындағы өмірін ұзарта алатын тағы бір авантюрамен шыға келеді.
Мұнда не айуға болады, бұл – кез келген психиатр үшін құнды экземпляр болып табылады. Оның басындағы осындай «винегретпен» мамандар айналысуы тиіс. Бірақ жоқ. Осы, солай айтуға болса, «саясаткерді» мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы ұжымдық петицияға қол қоюдың орнына, біздің жанашыр халқымыз оның пішінсіз идеологиялық массасынан нағыз қаһарман жасап шығаруға тырысып жатыр. Есі дұрыс емес адам сияқты әрекет ететіндерге жанашырлық таныту – біздің маңдайымызға жазылған болар, қаласаңыз – біздің өзімізге зиян келтіретін ұлттық қасиетіміз, ол нағыз саяси арсыздарға бізді айла-шарғы жасап, барып тұрған өтірікті құлағымызға құюға жол береді. Нарымбайға және бүгінгі аласапыран заманның аумалы-төкпелі суында бетке шыққан басқа да «жеке тұлғаларға» халық тарапынан кең қолдау көрсетуді осымен және тек қана осымен түсіндіруге болады.
Тағы бір мысал ретінде өзінің жағымсыз бастамаларымен және көптеген келеңсіздіктерімен танымал болған, бес жылда бір рет өзі-өзіне қол жұмсауға бейімділік танытып, саяси сайқымазақ ретінде мансабын аяқтау ниетін тайсалмай мәлімдеп, бірақ тыныш кете алмай жүрген кәсіпкер Марғұлан Сейсембаевты алайық – ол өзімен бірге барынша көп аңғал жерлестерін сүйреп алып кетуге тырысып жатыр. Бүгінде ол «Ел болашағы» (бұл Бақытжан Төреғожина немесе Арман Шураев сынды даулы қайраткерлердің бір бөлігі болған жаңа саяси қозғалыстың атауы) деп аталатын саяси тұлпарды, ол өзінің шексіз коуч-практикалары бойынша айтуға болатын шектен шыққан эгосының ауқымының салмағын көтере алмай, құлап қалады деп қорықпастан, тізгіндеуге тырысып жатыр.
Дәл Нарымбай сияқты, бұл тұлға да қоғамымыздың саясатқа қызығушылық танытатын бөлігінде теріс пікір тудырмайтыны біртүрлі оғаш болып көрінеді. Оның үстіне, Досым Сәтбаев сияқты елге танылған зиялылар да (қайта тірілген саяси мәйіт Гегель мен Бабельге қатысты сынақтан өтпейтінін атышулы кәсіпкердің өршіл ұмтылысын қолдайтын азаматтардың көпшілігі жақсы түсінетініне қарамастан) онымен бір саяси гектарды бөлісуге келіседі. Ол тіпті Павка Корчагинді Павлик Морозовпен шатастырып, өзінің ақымақ екенін көпшілік алдында мойындайды. Мұндай айқын эмоциялық үзіндіні қорлау деп қабылдаудан Құдай сақтасын. Бұл жай ғана факт. Өткен жылы, украиндық журналист Дмитрий Гордонның студиясында, ол мақтанышпен және жазбаға: «Мен өмір бойы басымда патшам жоқ адам болдым...» - деп айтқан болатын.
Осының аясында бір кездегі саясаттың жарқын өкілдері – Әкежан Қажегелдин, Болат Әбілов, Ғалымжан Жақиянов, Мұхтар Жәкішев және оппозицияның сырт киімін қайтадан жамылып алған тағы көптеген басқа адамдар, өздеріне саясаттың алдыңғы есігінен кіріп бара жатқан сияқты болып көрінсе де, бірақ шын мәнінде кәріз құдықының қақпағы арқылы қайтадан өрмелеп кіруге тырысып жатқаны таң қалдырмайды. Бұл олардың «Жаңа Қазақстан» құрылысшыларының қатарына қосылуға деген ынта-ықыластары тек аянышты сезім ғана тудыруы мүмкін.
Мағыналардың кедейлігі
Бүгінгі таңда «тірілген өліктер» оңды-солды резонансты сұхбаттар таратып, батыл мәлімдемелер жасай отырып қондырып жатқан саяси күн тәртібі жай ғана «бос сөздер» емес, ол өзінің табиғаты жағынан да өте жиіркенішті. Бұл күтпеген жерден оралғандардың қазіргі саяси сюжетке кіргісі келетінінің бәрін қорытындылайтын болсақ, олар шынымен де өздері өз беттеріне түкіріп, бізге осы көріністі тамашалап, экстаз сезінуді ұсынады.
Бір кездері тұңғыш президенттің алдында белсенді түрде жарымсақтанып, оның қаламсаптарын аукционнан аса қымбат бағаға сатып алған, оның үстіне оның партиясының мүшесі болған Болат Әбілов енді Елбасының жеке тұлғасына табынушылықпен күресуге бел буып, оған қол сұғылмаушылығына кепілдік беретін заңның күшін жоюды талап етіп жатыр.
Ал енді Әбілов көпшілік арасында кең тараған бұл идеяны монополиялап алмауы үшін, Марғұлан Сейсембаев сол идеяны насихаттау құқығына таласып, истерика жасап жатыр. Ол бұрын тұңғыш президентке деген адалдығын бекіту үшін пресс-конференциялар өткізген болатын. Бір кездері ол: «Мен ешқашан (...) оппозицияда болған емеспін және әрқашан адал болып келдім және ел президентіне болашақта да адал болып қала беремін (...) Егер мен, ауылдың түкпірінен шыққан көп балалы отбасының тумасы, жақсы білім алып,с одан кейін Қазақстандағы ең ірі бизнес құрылымдарының бірін құруға мүмкіндікке ие болсам, қалайша мен мемлекет басшысының саясатын қолдамаймын» – деп бұлбұлдай сайрағаны есімде. Ал енді ол да, Әбіловпен және осындай жүздеген ауысымшылармен бірге, ескі жүйені бұзушылардың және жаңа жүйені салушылардың алдыңғы қатарында.
Қажегелдин, Жақиянов, Жәкішев және солар сияқты басқалар жөнінде айтудың қажеті жоқ. Миллиардтаған бюджет қаражатын ысырап етіп, шетелге капиталды шығарды деп сот кінәлі деп таныған олар тым адал еңбекпен тапқан дүниесін туған жеріне қайтаруды бүгінде бәрінен де көп талап етіп жатыр. Бірақ қандай да бір себептермен олар бұл процесті өздерінен бастағысы келмейді. Олар тіпті «Қазақстан халқына» деген қорға ең болмағанда бір-екі миллиард теңге салып, жаңа өмірге «кіру билеті» үшін ақша төлеуге де дайын емес.
Бір сөзбен айтқанда, бүгінгі оппозициялық гвардияның саяси араздығы соншалықты күлкілі және ақылға қонымсыз болғандықтан, оны бір кездері теңдессіз саяси интриган Талейранның ауызынан шыққан: «Егер сен 18 жасыңда радикал болмасаң, сен қаскүнемсің, ал егер сен 40 жасыңда консерватор болмасаң – сен ақымақсың» - деген сөйлеммен сипаттауға болады.…