Президенттікке бәйге бастала салысымен қазақ оппозициясының бір-біріне ұқсамайтын бөлшектері бір топқа жиналып, қылыштарын ашып, ортақ тудың астында шайқасқа аттанды. Бірақ олар болашақта жеңіліске қол жеткізетін ұрандарын жариялауға үлгерместен, шабуыл басылып, ал олардың барлық әрекеттері жоққа шығарылды.
Негізіне келгенде, саяси салада оқтын-оқтын белсенділік танытып жүрген оппозицияшыл топтар сайлауға қатысу жолында тағыда өз тістерін сындырып алғанында ешқандай таң қаларлық нәрсе жоқ. Осындай трагикомедияны біз соңғы бәлембай жылдардан бері, яғни саяси элита қатарынан билікке қарсы позицияны ұстанған, идеяларды тудырып өз электоратын жұмылдыра білген жарқын да харизматикалық адамдар «зейнеткерлікке» кеткеннен бастап байқап келеміз.
Олардан кейін қалғандарын оппозиция деп айтуға да болмайды – ол жай ғана бұқараның наразылықтары жөнінде айту арқылы өздеріне тиын-тебен табуға тырысқандар. Бұл күлкі келтіргеннен басқа ешнәрсе емес. Бір кездері, әрине, олар күшті жұдырық болуға және ортақ күш-жігермен, ең болмағанда, ұмытылып кеткен мастодондардың орнын алу үшін ересектер сияқты ойнауға тырысқан болатын. Бірақ өздеріне тән инфантилизмдері оларды тығырыққа апарып тіреді, одан шығатын жолды олар осы күнге дейін таба алмай жүр.
Президенттік сайлаудың басталуы қарсаңында олардың құрған Демократиялық күштер коалициясы (ДКҚ) жоғарыда айтылғандардың барлығының жарқын дәлелі болып табылады. Ол коалиция «күшті топ» ретінде ойластырылған болатын, бірақ іс жүзінде ол үкіметке қарсы дауысты ұрандар және олар өздерінің қиялдарында соншалықты белсенді күресесіп жүрген билік нышаны ретінде қазіргі мемлекет басшысының беделін түсіруге ұмтылу арқылы өздерінің дәрменсіздігін жасыруға тырысатын сайқымазақ әзілқойларының шоғырына айналды.
Мәселен, саяси мәйіті ұмыт болу тұңғиығынан қаңтар оқиғасының толқынымен көтеріліп, бүгінде қайтадан негізгі ағымның бір бөлігі болуды көздеп отырған Болат Әбіловті алайық. Ол ұсынаған Bizdin Tandau партиясы, Qantar және Elge qaitaru қорлары жаман емес жарнамалық науқандарға қарамастан, бос қабық болып шықты. Бұл «саяси қондырмалардың» ешқайсысы өздерінің ұйымдастырушысына популизмге әбден тойған жұртшылық тарапынан не өкілеттік, не ең болмағанда ең төменгі сенім деңгейін қамтамасыз етпеді. Әбіловтің өзінің жолдастарымен бірге Қазақстан қалалары мен ауылдарындағы «гастрольдері» мұны анық көрсетті. Кейбір аймақтардан, еске түсіріп кету жөн, оларды қуып жіберді. Бұрынғы кездері неше түрлі саяси арандатушылықтарға жиі бой алдырған қандастарымыз, бұрын қанша жаман болғаны туралы қанша айта бергенімен, қазір ештеңе түзелмейтінін түсініп, ал айыптау қашанда қалпына келтірудің кейбір тұжырымдамасының ұсынумен қатар жүруі керектігін түсініп, шындыққа байсалды баға бере бастағаны анық. Ал Әбілов өзінің ғажайып «тірілуінен» кейін «Назарбаевтың режимін» құлату мәселесінде паразиттік етуден басқа және жүз жыл бұрын кімдер және кімдерден қанша ұрлағаны туралы әңгімелер айтудан басқа ешнәрсе ұсына алмады.
Бәлкім, егер ол осы «атқа» бес жыл бұрын, оның тұспалдауының нысанасы күшіне енген кезде мініп алған болса, мұндай құлшынысының қандай да бір нәтижесі болар еді. Ал қазір, өзі құлатпаған, тіпті оның атсалысуымен де құлатылмаған арыстанды тепкілеп атақ-даңққа ие болғысы келетіні – молада канкан билегенмен бірдей: оғаш және азғындық. Оның үстіне еліміздің қазіргі президенті өзінен бұрынғы президентке байсалды көзқарасымен (айтпақшы, бұл біздің қоғамның негізгі бөлігі тарапынан оң бағаланған болатын) Назарбаевты сынау арқылы саяси капитал жинауға ұмтылу, жұмсақтау тілмен айтқұанда, болашағы жоқ іс-әрекет екенін анық көрсетті. Соның салдарынан Андерсен ертегіндегі әлгі король сияқты идеялық жағынан өзінің жалаңаш екенін түсінген Әбілов онша көп шыға бермеуді жөн көрді.
Алайда, Демократиялық күштер коалициясына мүше болған биліктің басқа қарсыластары да дәл солай жылдам «солып қалды». Мысалы, зұлым тілдер «қазақ оппозициясының әжесі» деп атап кеткен Гүлжан Ерғалиеваны алайық. Ол бұл формацияны кем дегенде қандай да бір конструктивизмге итермелей алатын ДКК-дегі жалғыз ғана фигура сияқты болып көрінді. Праймериз өткізу және алдағы президенттік сайлауда оппозициядан бірыңғай кандидатты анықтау идеясы оған тиесілі болғанын естеріңізге сала кетуіміз жөн болады.
Әйтсе де, қазір Гүлжан Хамитқызы бұдан әлдеқайда қызықтырақ істермен айналысып жүр – ол нағыз адамдық құмарлықтың тұңғиығына сүнгіп кетті. Оның телефон нөмірін интимдік қызмет көрсететін жарнамаға жариялаған анонимді адамдардың буллингінің құрбанына айналғаннан кейін Ерғалиева ханым оның алдында керемет перспективалар ашылып жатқанын түсінген сияқты – ақыр-соңында саясатта мансапқа артқы есіктен кіру арқылы қол жеткізуге мүмкіндік пайда болды. Қалай болғанда да, оның айтуынша, ол өзінің екінші ең ежелгі мамандығын ең бірінші ежелгі мамандыққа ауыстыру туралы ойлана бастады, тіпті жұрт алдында өз жоспарларымен де бөлісті. «...Ол менің өзіме ұнап қалама деп қорқамын. Порно әлемінде менің «жылжуымды» біреулер осындай жомарттықпен қаржыландырып отырған болса, маған журналистиканың не қажеті бар? – деп қалжыңдай отырып, ол «бүкіл Италияның интимдік қызмет көрсету саласының итальяндық әйел өкілі ретінде парламентке сайлану» ықтималдығын жоққа шығармайды.
Қуатты ұлттық-популистік ағынмен оппозициялық жағаға әкелінген ДКК-ның тағы бір жарқын өкілі – Мұхтар Тайжан. Оған тиесілі бағасын беру қажет: басқалардан айырмашылығы, ол комедияны бастамастан қазіргі сайлау науқанынан бас тартып, бірден өзінің қабілетсіздігін мойындады. Әйтсе де, оны келесі жылдың сәуір айында басталатын депутаттық додаға белсенді дайындықты бастау үшін мойындаған жоқ. Тайжан әзірге тіркелмеген партиясының болашақ күресінің стратегиясы мен тактикасын әзірлеуге кірісудің орнына, өткенді тереңірек қазбалауды жөн көрді. Ол кенеттен өзінің ескі жараларын еске түсіріп, сайлаушыларды «құқық бұзушылардың қанына» батырып жіберу үшін бір кездері алған «психологиялық жарақаттарын» жүйелей бастады. Тайжанның «ату жазасына кесілгендердің тізімінде» біріншісі болып тұрған – Божко отбасы. Оның басшысы, бұрынғы депутат және ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары, қазір зейнеткермен ол тіпті үш жыл бұрын айтылған сөздері үшін сотқа жүгінуге кіріскен. Мұнда не айтуға болады – «жылаудың шамалы себебі», одан басқа ештеңе жоқ.
Бірақ одан да үлкен және сөзсіз фиаскоға (инертті идеологиялық ағайындарынан айырмашылығы) сайлау процесіне өздерін сынап көруге тырысқан оппозициялық мүдделер шеңберінің мүшелері тап болды. Олардың ішінде тіркелмеген El Tiregi партиясының көшбасшысы Нұржан Әлтаев та бар. Қарапайым алаяқтық іс-әрекеттер арқылы ол қысқа ғана мерзімге президенттікке үміткерлер тізіміне еніп үлгерді. Алайда, оның қолынан келгені – сайлаушылар алдында өмір бойы «алаяқ» атағын алып, «өздерінікілердің» арасында да қол алысуға тұрмайтын адам атағына ие болу. Енді ол өзін биліктің тарапынан қуғынға ұшыраған нағыз оппозиционер ретінде көрсетіп, онсыз да жеңілген картаны өз пайдасына ойнауға үміт артып отырғаны анық. Бірақ оның табысқа жетуі екіталай, өйткені режимнің қарсыластары қатарында нақты және күшті тұлғалар болмаған кездердің өзінде де халқымыз ешқашан маргиналдарға басымдық берген емес.
Бүгін де наразылық білдірген электораттың алаңын пайдалануға тырысқан, бірақ Демократиялық күштер коалициясына қосылмаған оппозициялық күштер де сайлау сынақтарына төтеп бере алмады. Бұл тіпті сайлау науқанына қатысуға шешім қабылдаған Жалпыұлттық социал-демократиялық партия да (ЖСДП) қатысты. Анықталғандай, партия өз кандидатына билік оппозицияның жылжуына жан-жақты кедергі жасап жатыр дейтін ескірген оқу құралдары бойынша әрекет етуді тапсыра отырып, сайлауға барған екен. Мұның бәрі, тіпті олар өздері байқамай мазмұны белгілі шалшыққа кіріп кетсе де, «бізді қалай да болмасын тоқтату мүмкін емес» деп қатты айқайлау үшін жасалып отыр. Осыншама нафталиннің иісі сіңіп кеткен сюрреальді тіпті талқылағымыз келмейді, өйткені осындай ілмекпен қазіргі электоратты ұстап алу мүмкін емес екендігі анық.
Әрине, оппозициялық батпақтың айтарлықтай таяз болып кеткені бұған дейін де көрініп тұрған болатын, бірақ қазіргі сайлау циклі қазір онда лайықты ешқандай тірі жәндіктердің мүлде жоқ екенін көрсетті. Мұндай жағдайда оның тұрғындары жасай алатын ең жақсы нәрсе – өзінің жарысқа қатысудан бас тартуын жеткілікті түрде түсіндіріп, осылайша бет-әлпетін сақтап қалған Әміржан Қосанов сияқты «өздеріне қол жұмсауға» бару бола алатын еді. Бірақ, негізінен, біздің оппозициялық алаңының «аман қалғандары» негізінде ойлана алмайды. Сондықтан олардың келесі қадамы сайлаудың өзін немесе оның нәтижелерін жоққа шығару болатынын түсіну үшін көріпкел немесе саясаттанушы болудың қажеті жоқ. Қазіргі үкіметке берілген сенім несиесін ескере отырып, болжамалы, мағынасыз, және жай ғана қызықсыз...